Бейсенбі, 11 Шілде 2019 18:19

Түркістан: медицина мамандарына медиацияның мәні түсіндірілді

Бүгін Түркістан облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында медиаторлардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы жиын өтті. Жиынды облыстық ҚХА төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Ғ.Рысбеков ашып, медиация саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Жиында «Денсаулық сақтау кадрларының дипломнан кейінгі білім беру академиясының» жетекшісі, кәсіби медиатор Айгүл Муятдинова және Қарағанды медицина университеті жанындағы «Медиация» кафедрасының лекторы, кәсіби медиатор Сауле Қабиева қатысып, түркістандық медиаторларға медиация институтын дамыту, дау-жанжалдардың алдын алу туралы тың тәжірибелерімен бөлісті. 

ҚР Президенті, ҚХА Төрағасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында берген тапсырмасы аясында «Медиация – тиімді диалог алаңы, тараптардың ымыраға келу дайындығы» тақырыбында өткен жиынға қатысқан медиаторлар денсаулық сақтау саласындағы дауларды оңтайлы шешу, тараптарды ортақ келісімге шақыру жайында пайдалы тәжірибе жинақтап қайтты. Естеріңізге салайық, бүгінде облыс аумағында 17 кәсіби, 340 кәсіби емес (қоғамдық негіздегі) медиаторлар әрекет етеді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 652 рет