Бейсенбі, 11 Шілде 2019 22:01

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін, яғни 11 шілде күні еліміздің басқарушы  – «NUR OTAN» партиясының Сарыағаш аудандық филиалы, мемлекеттік қызмет, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының Сарыағаш аудандық филиалы, «Атамекен» Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының Сарыағаш аудандық филиалы мен Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Айта кетер болсақ, меморандумның мәні – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу және оны болдырмау, етек алған жемқорлықпен күрес, бизнес ісін жүргізудегі әкімшілік кедергілерді мейлінше азайту, Сарыағаш ауданы тұрғындарының бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру, қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ, жалпы қоғамда мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру болып табылады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 789 рет