Сейсенбі, 12 Қараша 2019 23:10

Түркістан облысы: Жетісай ауданы әкімі аяқ киім шығару цехының жұмысымен танысты

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жұмыс сапарымен Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінде болды. Алдымен ол аталмыш округте орналасқан ауданның кіреберіс қақпасының жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмыстарының уақытылы әрі сапалы аяқтау қажет екендігін айтқан аудан әкімі мердігер компания өкіліне ел үшін жасалатын жұмыстарды кемшіліксіз жасауға шақырды. 

Келесі кезекте аталмыш елді мекенде орналасқан «Самұрық» аяқ киім шығару цехында болды. Цехтың жұмыстарымен танысқан аудан әкімі сонда жұмыс атқаратын әрбір қызметкермен жеке сөйлесіп, цех басшысына халыққа тиімді бағамен сату керектігін және сапалы отандық тауар өндірушілерді әрқашанда қолдайтынын айтты.

Бұдан кейін Жамантай Бейсенбаев Шаблан Ділдәбеков ауылы «Бірлік» мәдениет үйінің тарихи музейінде болып, ондағы тарихи көне жәдігерлермен танысты.

Жұмыс барысының соңына қарай аудан әкімі аталмыш округте орналасқан Сұлтанбек Қожанов атындағы №42 жалпы орта мектебінің оқу базасына барып, мектептің жылу маусымына дайындықтарын тексеріп, Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдық мерейтойына орай ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 698 рет