Сенбі, 09 Қараша 2019 22:42

Түркістан облысы: Арыста өткен қоғамдық кеңестің жиынында өзекті мәселелер талқыланды

Түркістан облысы, Арыс қаласы әкімдігінде Арыс қалалық қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті. Қоғамдық ой-пікір, ұсыныс және көпшілік сұрақтарына жауап беруге арналған жиынды қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Б.Ділдәбеков ашып, жүргізіп отырды.

Кеңес отырысында Арыс қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2019 жылғы 9 айда атқарылған жұмыстары туралы, ауыл шаруашылығы бөлімінің ауылдық округтерде күзгі жиын-терім маусымының орындалуы туралы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы туралы атқарылған жұмыстарының есебі бойынша баяндамалары тыңдалып, талқыланды.

Сонымен қатар, алқалы жиын барысында қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне арнайы қызметтік куәліктер табысталғанын да айта кеткен жөн. Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 431 рет