Жексенбі, 10 Қараша 2019 22:15

Түркістан облысы: Бәйдібекте «Менің туым – менің Отаным!» акциясы өтті

«Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Менің туым – менің Отаным!» акциясына бәйдібектіктер де қолдау білдірді. Аудандық ішкі саясат және «Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада ұлттық болмысымыз бен рухымызды асқақтатты.

Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров акцияның негізгі мақсатына тоқталып, мемлекеттік рәміздердің құндылығын атап өтті. Ол өз сөзінде еліміздің мемлекеттік рәміздері тарихи өткенді, мәдени мұраны бейнелейтінін алға тартты. Отанға деген сүйіспеншілік, абырой, борыш, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік, мемлекетке құрмет секілді жалпы адамгершілік нормалар қалыптастыратындығын тілге тиек етті. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу - Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы»,-деді.

Іс-шара барысында әннен шашу шашылып, мереке көркін қыздыра түсті. «Акцияның мақсаты – мемлекеттік туды насихаттап, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу. Сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік туды пайдалануға және орнатуға тыйым салу туралы қоғамда қалыптасқан стереотипті жою болып табылады» - деді– Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 489 рет