Сейсенбі, 19 Қараша 2019 23:18

Түркістан облысы: Мобильді топ – Кентау қаласының Қарнақ ауылында

«Мобильді жастар орталығы» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дінтанушы, психолог мамандары және кеңесшілері Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы Шаш-төбе жалпы орта мектебі мен Қарнақ жалпы орта мектебіне, М.Қашғари жалпы орта мектебінде ат басын тіреді. 

Мамандар ерте жүктіліктің алдын алу, ЖИТС-тің алдын алу, отбасын дұрыс жоспарлау, аутодеструктивті мінез-құлықты жастарды анықтау, құқықбұзушылық пен тәуелділіктің алдын алу, діни экстремизмнің алдын алу бойынша әңгімелесіп, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды («Мәңгілік ел жастары – индустрияға», «Серпін-2050», «Болашақ», «Әлем білім», "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақтары», «Дипломмен – ауылға», «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «7-20-25», т.б. бағдарламаларын) кеңінен таныстырды. «Мобильді жастар орталығы» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дінтанушы, психолог мамандары және кеңесшілері жан-жақты түсіндірме жұмысын жүргізді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 413 рет