Бейсенбі, 21 Қараша 2019 16:15

Түркістан облысы: Келес ауданы әкімі Бірлесу тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы мен «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы тиісті бөлім және мекеме басшыларының қатысуымен Бірлесу ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында сөз алған азаматтар ауыл округіндегі мемлекет тарапынан атқарылып жатқан игі істерге ризашылығын білдіріп, Қазақстан елді мекеніндегі 2012 жылдан бері жыр болып келе жатқан құбыры үйді-үйге тартылған газ беру, ауыз су құрылысының сапасын қадағалау, мәдени ошақ пен спорт нысандарын мен ФАП салу, К.Байсейітова көшесін жарықтандыру, 28 гвардия елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысын жүргізу, ұялы байланыс жүйесімен қамтамасыз ету, көшені жарықтандыру, көшелерді елді мекен шегіне енгізіп, асфальттау және шағал төсеу мәселелерін көтерді.

А.Есбаев «Nur Otan» партиясына айтылған ұсыныс-пікірлердің бақылауға алынып, міндетті түрде шешімін табатындығын жеткізіп, газ беру мәселесі «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан газ жүйесінің құрылысы қабылданбай жатқаны, бұл мәселе облыс деңгейінде шешіліп жатқанын, аудандық газ мекемесінің теңгеріміне алынғаннан кейін «көгілдір отын» берілетін айтты. Ал ауыз су жүйесін бастауыш партия ұйымы бюро мүшелері, ауыл әкімдігі қызметкерлері, билер, қоғамдық кеңес мүшелерінен жұмыс тобын құрып қадағалауға толық құқықтары бар екенін тілге тиек етті. Мәдени ошақ салу бойынша ЖСҚ дайындалып, облыстық бюджеттен қаржы бөлуге ұсынылғанына тоқталды. Бұдан бөлек елді мекен шегіне енгізу бойынша жұмыстар жақын күндері мәслихатқа ұсынылатынын, ал ұялы байланыс жүйесін жақсарту жайлы тиісті операторларға ұсыныс беріліп, келісім алынғанын атап өтті. Спорт нысанын салу, ауыл округі аумағындағы елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру, көше бойына жолаяқ салу және шағал төсеу бойынша ауыл әкімі тарапынан ұсыныс беруді ескертті. Келес өзені арнасын қалпына келтіру және Береке мен Дихан елді мекені арасындағы өткелді жөндеу бойынша тиісті бөліммен бірге зерделеп, ұсыныс енгізу бойынша жұмыс істеуді тапсырып, жиынды қорытты.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 643 рет