Бейсенбі, 21 Қараша 2019 14:31

Түркістан облысында мемлекеттік сатып алуды әділ өткізу бойынша жиын өтті

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында семинар-тренинг өткізді. Онда мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар айтылды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тапсырыс берушілер жиі жол беретін заң бұзушылықтар атап өтілді. Қызметкерлер арасында туындайтын сұрақтар талқыланды. 

Мемлекеттік сатып алу басқармасы 2015 жылы құрылған болатын. Содан бері тапсырыс беруші мен конкурсқа қатысушылар арасында жылы мәміле орнатып, сапалы қызмет көрсетіп келеді. Мамандар ағымдағы жылдың 10 айында 84 млрд. теңгеге 442 ашық конкурс өткізген.

«2017 жылдан бері облыс көлеміндегі жалпы мониторнгтен өткізу де біздің басқарманың міндетінде. Осыған байланысты зерделеп, аналитикалық материалдар дайындаймыз» - дейдіТүркістан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Ғазизбек Айтбаев.

Ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу бойынша заңға 7 рет, ережеге 5 өзгеріс енген. Семинарда облыстың әр өңірінен келген мамандарға осы жөнінде кеңес берілді. Қызметкерлер өзара тәжірибе алмасты. «Барлық өзімізге қажетті сұрақтарға жауап алдық. Алдағы мақсат тапсырыс беруші мен конкурсқа қатысушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу” - дейдіЖетісай аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасарыСәбит Мелдеханов.

Мемлекеттік сатып алу электронды жүзеге асатындықтан, осы мәселеге ерекше мән берілді. Жауаптылар жыл соңына дейін 450 маманға жаңартылған жүйе бойынша дәріс береді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 387 рет