Сәрсенбі, 29 Желтоқсан 2021 13:01

Шымкент: Қоғамдық кеңес төрағасы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылады

«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына осы жылдың 3 қаңтарында өзгерістер енгізілді.

Осы ретте Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі жыл басынан бері жоспарлы түрде 8 отырыс өткізіп, 68 мәселе қарап, түрлі салаларға қатысты маңызды мәселелерді реттейтін 125 хаттамалық ұсыныстар жолдады.

Атап айтқанда:

• қала бюджетін нақтылау;

• басқару схемасын бекітуде ұсынымдар беру;

• білім мен денсаулық сақтау саласын дамыту;

• халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және оңалту;

• мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту;

• қала тұрғындарын баспанамен қамту;

• бағаны тұрақтандыру;

• әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау;

• жылу маусымына дайындық;

• шеткі аймақтарды инженерлік-инфрақұрылымдық қамту т.б. маңызды мәселелер қаралып, тиісті ұсынымдар жолданды.

Бүгінгі таңда, орындау мерзімдеріне сәйкес нақты жауаптар ұсынылып, 100 пайызға кеңес ұсынымдары ескерілді.

Айта кетейік, мәслихат аппараты сайтында арнайы Қоғамдық кеңес бұрышы ашылып, кеңестің атқарған жұмыстары туралы ақпараттары тұрақты түрде жариялануда. 

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 1406 рет