Жексенбі, 19 Тамыз 2018 10:29

Түркістан облысы: Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша семинар-кеңес өтті

 Созақ ауданының әкімдігінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу бойынша семинар ұйымдастырылды. Семинарды аудан әкімінің аппарат басшысы, Созақ ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілі Қалдыбек Оразов жүргізіп отырды.

Қалдыбек Әбілдаұлы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талабы туралы баяндама жасады. Мемлекет меншігінің сақталуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызметшілер өзінің іс- әрекетімен, мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға  шақырды. Мемлекет меншігіндегі автокөлік құралдарын тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану тиіс екенін таныстырды.  Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мемлекеттік қызметшілердің  және мекемедегі келісім- шарт негізінде жұмыс істейтін техникалық қызметкерлердің телефонмен сөйлесу әдебін сақтау қажеттігін және жұмыс уақытын тиімді пайдалануды тапсырды.

Семинар  барысында туындаған ұсыныс- пікірлерді тыңдаған аудан әкімі аппаратының басшысы Қалдыбек Оразов, сұрақтарға жауап берді. Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу бойынша өткен семинарға аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары, ауыл округ, кент  әкімдері, кеңесші-іс басқарушылары мен мамандары және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатысты.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Оқылды 1046 рет