Сенбі, 19 Қараша 2022 02:03

Отырар ауданында барлық сала бойынша өсу, даму бар

Бүгін Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов 10 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг берді. Брифинг барысында аудан әкімі аудандағы барлық салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жеке-жеке тоқталып өтті. Біз төменде Отырар ауданындағы әрбір сала бойынша атқарылған жұмыстар мен келер жылдарға жасалған жоба-жоспарлары туралы кеңірек тоқталуды жөн санап отырмыз.

Топырағын түртсең тарих толғаған Отырар жері ықылым заманнан мәдениет пен өнердің және өркениеттің ордасы ретінде аты қалды. Қасиетті топырақта 30-дан астам әл-Фарабилер шоғыры, Шәмшідей вальс королін, Өзбекәлідей мәдениет мақтанышы, күш атасы - Қажымұхан, Мұхтардай әлем ақыны дүниеге келсе, еңбек майданында 30-ға жуық Социалистік Еңбек ері өскелең ұрпаққа өнеге көрсетті.

Отырар ежелден Түркістанмен байланысын үзген емес. Түркістан күллі түркі жұртының алтын бесігі болса, Отырар – ірі сауда орталығы һәм өркениеттің алтын діңгегі болды. Отырар ауданы бойынша жалпы халық саны 54 686 адам, аудан аумағы 1 млн. 675 мың 743 га құрайды.  Отбасы саны 10 500; - экономикалық белсенді халық саны-26 мың 261адам, - Жұмыссыздық деңгейі-5,2% құрады. Аудан құрамына 13 ауыл округі және 38 елді мекен кіреді.                                                                                                           

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2022 жылдың 9 айында жалпы өңірде өндірілген өнім көлемі 61 млрд. 952 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 12 млрд. 209 млн. 500 мың теңгеге немесе 124,5-% ға артық орындалды. Оның ішінде:

- Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі - 14 млрд. 954 млн. 300 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 118,4 пайызға артты;

- Бөлшек сауда көлемі – 2 млрд. 428 млн. 600 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 100,2 пайызға;

- Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 13 млрд. 713 млн. 200 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 105,9 пайызға;

- Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 757 млн. 800 мың теңге болып, нақты көлем индексі – 191,6 пайызға;

- Іске қосылған тұрғын үйлер 13 010 шаршы метр, нақты көлем индексі – 100,6 пайызға;

- Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 27 млрд. 098 млн.100 мың теңге болып, нақты көлем индексі 100,7 пайызға орындалды.

БЮДЖЕТ

Аудан бюджетінің кірістер жоспары 15 млрд. 780 млн. 381 мың теңгені құрайды. Жергілікті өзіндік кірістер жоспары 1 млрд. 770 млн. 327 мың теңге болып бекітілген. Есепті кезеңге (9 ай) жоспар 1 млрд. 290 млн. 153 мың теңге болса, орындалуы 1 млрд. 504 млн. 479 мың теңге болып, 116,6 % ға немесе 214 млн. 326 мың  теңгеге артық орындалды.

Аудан бюджетінің шығыстар жоспары 15 млрд. 780 млн. 381 мың теңгені құрайды. Есепті кезеңге  (9 ай) жоспар 10 млрд. 998 млн. 342 мың теңге болса, орындалуы 10 млрд. 996 млн. 677 мың теңгені құрап, бюджет 100 пайызға орындалды.2023 жылы ауданның өзіндік кірісі 2 млрд. 029 млн. 873 мың теңгеге немесе 2022 жылмен салыстырғанда (айырма 259 млн. 546 мың теңге) 114,7 пайызға ұлғайту жоспарланған (2024 жылы – 2 144,4 млн. теңге, 2025 жылы – 2 254,7 млн. теңге).

КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ

Егін шаруашылығы

Ағымдағы жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің жоспары 33,4 млрд теңге болса 9 айда 27,1 млрд теңгені құрап нақты көлем индексі 100,7 пайызды құрады. Бұл көлем өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1 млрд теңгеге артқан (2021 жылдың 9-айында 23,0 млрд теңге болған).

Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға тартылған инвестиция 3,1 млрд теңге болып (2021 жылы 9-айда 2,3 млрд теңге) 9-айдың қорытындысымен жылдық жоспар 104,5 пайызға, сонымен қатар тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция көлеміне 380,2 млн теңге салынып (2021 жылы 9-айда 201,2 млн теңге) бұл көрсеткіште 9-айда жылдық жоспары 100 пайызға орындалды.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша жалпы егіс көлемі 2022 жылға жоспары 34 844 гектар болса орындалуы 36 195 гектарды құрап, егіс көлемі 1351 гектарға артқан.

Даму жоспарына сай 2025 жылға дейін егіс көлемін 40 000 га ұлғайтып, жалпы аудандағы суармалы жердің 95,2 пайызын игеруді жоспарлаудамыз. Негізінен қайта айналымға қосылатын жерлерге жүгері жоңышқа дақылдарымен қатар өңіріміздегі соңғы жылдардағы ағын су тапшылығын ескере отырып күздік бидай (2022 жылы егілгені 300 га болса, 2025 жылға 2600 гектарға жеткізу) егуге басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар тамшылатып және жаңбырлатып суару тәсіліне көшуді қолға алып 2025 жылға 4100 гектарға жуық алқапқа осы техналогияларды пайдаланатын боламыз. Нәтижиесінде 2025 жылға жалпы ауылшаруашылығы өнімінің көлемін 50,0 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.                                                                                            

Ағын су шаруашылығы

Жоғарыда аталған егіс көлемдерін игеру үшін ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, жоспарға енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда Шәуілдір суармалы алқабындағы 13 мың гектар алқаптың ағын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша 11 текше метр/секунд су жеткізетін «Сырдария-Арыс» каналының құрылысына және осы алқаптағы жер асты суы деңгейін түсіріп топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған 368 шақырымды құрайтын дрендер жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар Республикалық бюджеттен, Европалық қайта құру және даму банкі есебінен жүргізілетін болады.

Сонымен қатар бүгінгі таңда арнайы жұмыс тобы құрылып 11 ауылдық округтегі ағын су нысандарын аралап, зерделей отырып 2025 жылға дейін негізгі деп саналатын 8 каналға күрделі және 37 каналды механикалық тазалау жұмыстары жоспарға енгізілді (аудан бойынша 118 канал). Аталған барлық су нысандары республикалық «Қазсушар» мекемесіне тиесілі. 2025 жылға дейін жалпы болжамды қажетті қаржы көлемі 11,2 млрд. теңгені құрауда.

Мал шаруашылығы

Ағымдағы жылдың 9 айында бал басының өсімі өткен жылдың осы кезеңдегі мерзімімен салыстырғанда өсім бар. Атап айтар болсақ: мүйізді ірі қара 63 627 басты құрап 101,2 пайызға, уақ мал 440 338 басты құрап 103,8 пайызға, жылқы 20328 бас немесе 101,7 пайызға, түйе 9 887 бас немесе 100 пайызды құрады.

2025 жылға дейін жоспарға сай ірі қара басын 85859 басқа, уақ мал басын 617209 басқа, жылқыны 25267 басқа және түйе басын 13273 басқа жеткізу жоспары қойылып отыр. Аталған мал бастарын ұлғайтуға ауданымызда жайылымдық жермен жем-шөп қоры жеткілікті деңгейде.

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ

Негізгі капиталға салынған жалпы инвестициялар көлемінің жылдық жоспары 22 млрд 635 млн 700 мың теңге, нақты көлем индексі 142 пайызға орындау жоспарланған.

2022 жылдың 9 айдың қорытындысына сәйкес, 14 млрд 954 млн 300 мың теңгеге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 118,4% құрады (2021 жылдың 9-айында 12,3 млрд теңге болған).

Бекітілген үш жылдық бағдарламаға сай 2025 жылға дейін ауданға жалпы 72 млрд 460 млн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңға негізінен үш жылға 68 млрд 980 млн теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобалар іріктеліп, жоспарға енгізілген.

Оның ішінде ірі деп саналған 12 жоба бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда:

- күн электр энергиясын өндіру бойынша 2 жоба:

 1. «Arm Wind» ЖШС-і құны 12 млрд 500 млн. теңге;

 2. «Cas Cade NRG» ЖШС, құны 650 млн. теңге.

-400 бастық сүт фермасы және құрама жем шығару кәсіпорыны«Ontustik Altair» ЖШС, құны 1 млрд 100 млн. теңге;

- құрама жем шығару кешені. «Созақ балық өнімдері» СТК, құны 1 млрд 200 млн. теңге;

- тауарлы балық шаруашылығын дамыту жобасы «Жұлдыз» ШҚ, құны 550 млн. теңге;

- экотуризм жобасын іске асыру «Жұлдыз» ШҚ, құны 600 млн. теңге;

- жүгеріден биоэтанол өнімін шығару жобасы «Отырар Био Тех» ЖШС, құны 50,0 млрд. теңге;

- мақта өңдеу жобасы «Green Farm» ЖШС, құны 310 млн. теңге;

- 1000 бастық мал бордақылау алаңын ашу «Амантұр» ӨК, құны 350 млн. теңге;

- ет және сүт өнімдерін өндіру «Есжанов Отырар» ЖК, құны 250 млн. теңге.

-шұжық цехтарын ашу бойынша 2 жоба:

1. «Пазылбеков» ЖК, құны 100 млн теңге;

 2. «Нұрсейіт» ЖК, құны 150 млн теңге.

Одан бөлек, құны 1 млрд 220 млн теңгені құрайтын 18 шағын жобалар (мал, құс шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету және шағын өңдеу цехтары) іске асырылатын болады.

Өнеркәсіп саласы

2022 жылға өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық жоспары – 14 млрд.теңге (НКИ 103,4%), 9 айлық статистикалық мәліметтерге сәйкес орындалуы13 млрд 250 млн.теңге болып, НКИ 103,9% құрады (2021 жылдың 9-айында 10,8 млрд теңге).

Ауданда шағын және орта бизнес саласында өндрісті дамыту бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.

Жалпы өнеркәсіп өнім көлемін 2025 жылға дейін 17 млрд 935 млн 900 мың теңгеге арттырып 780 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Бұл көлемге жоғарыда аталған инвестициялық жобалардың өндірген өнімдері есебінен орындау жоспарланған. 

ТУРИЗМ

Аудан көлемінде туристік бағытты тиімді пайдалану мақсатында екі жоба әзірленуде. Облыстық туризм басқармасының бастамасымен «Этно ауыл» туристік кешенін салу (жоба құны 20 млн. теңге) және қолөнершілер орталығын, сонымен қатар экотуризм жобасын ашу (жоба құны 600 млн теңге) арқылы 40 тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған. Бұл қаржылар өз қаражаты есебінен жүргізіледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, «Арыстанбаб» кесенесі мен «Отырар төбе» қалашығы арасындағы ұзындығы 1,7 шақырым аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі, жоба құны 615 млн. теңгені құрайды.

Нәтижесінде, 2025 жылғы дейін ауданның туристік тартымдылығын арттырып келуші туристер санын 500 мың адамға жеткізу көзделуде.

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫ

Аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 640 667 га. Оның шінде: суармалы жерлер 42 250 га, жайылымдық жерлер 596 690 га, шабындық жерлер 1294  га, көп жылдық екпелер 433 га құрайды.

Ауданда пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда 57 949,78  га (оның ішінде: 2743,9 га суармалы, 55205,84 га жайылы) жерлердің қаулылары жойылып, ауданның арнайы жер қорына қайтарылды (2022 жылға жоспар 67,5 мың га).

Сондай-ақ, агроқұрылымдардың мақсатына сай игермеген 162 703,81 га (оның ішінде: суармалы 8191,7 га, жайылым 154 512,11 га) жерлері анықталып, тізімі сәуір айында Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданды.

Биыл ірі агроқұрылымдармен екі жақты меморандум жасау арқылы елді мекенге жақын орналасқан 47 745 га жайылымдық жерлер ортақ жайылымға пайдалану үшін келісім жасалды (2022 жылға жоспар 90,7 мың га).

Қазіргі уақытта ауыл округтері бойынша 50,6 мың га ортақ мал жайылым жерлер бар. Аудан көлемінде жалпы қолда ұсталатын мал 81 284 (МІҚ 40196, Уақ мал 40568, Түйе 520) басты құрайтындықтан, қазіргі таңда ауыл округтеріне 317 189 га ортақ мал жайылым жерлерге қажеттілік туындауда.

Ағымдағы жылы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жайылым жерлерді пайдаланбай жатқан жерлердің есебінен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 140,0 мың га, 2024 жылы 89,1 мың га, 2025 жылы 90,2 мың га жерлерді елді мекеннің ортақ мал жайылым жеріне беру жоспарлануда.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Білім саласында жалпы саны 71 мекеме (40 мектеп, 3 қосымша білім беру мекемесі, 27 балабақша) жұмыс жасайды. Ауданда үш ауысымдық және авариялық мектептер жоқ. 2022-2023 оқу жылында білім беру мекемелерінде 12 326 оқушы білім алуда.

Отырар ауданының 2023-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, 2 мектеп құрылысы мен бір мектеп жанынан қосымша жай салу жоспарда бар.

Оның ішінде:

-Балтакөл ауыл округі Ақкөл елді мекені Егембердиев атындағы негізгі орта мектеп құрылысы (жоба құны 450 млн. теңге) қазіргі таңда ЖСҚ түзету енгізілуде. 2023 жылы құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде.

-Отырар ауыл округі Шойманов елді мекені П.Әйтпенов атындағы негізгі орта мектебіне қосымша спорт залын салу (жоба құны 450 млн. теңге) Қазіргі таңда 170 бала білім алады, ғимарат спорт залымен қамтылмаған, жоба жүзеге асқан жағдайда спорттық іс-шаралар өткізіп, оқушылар денешынықтырумен айналысуға мүмкіндік алады.

-Шәуілдір ауыл округі Жаңа шағын мөлтек ауданнан «Жайлы мектеп жобасы аясында» 600 орындық мектеп құрылысы (жоба құны 1 млрд. 200 млн. теңге) Жоба жүзеге асқан жағдайда аудан орталығында орналасқан Ш.Қалдаяқов, Жамбыл орта мектептерінде бала сиымдылығына қарай қалыпты жағдайда жұмыс жасайды және де 600-ге жуық оқушы білім ошағымен қамтылады, жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Бұл жобаларды қаржыландыру көзі республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ

Бүгінгі таңда ауданда 3 спорт ұжымы, 1 Отырар спорт клубы жұмыс жасайды. 2022 жылы Отырар ауданы әкімдігінің "Мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөліміне" қарасты "Отырар спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылып, жұмыс жасауда. Жалпы спорт мектептерінде 19 спорт түрінен 227 үйірмеде 2707 балаға  116 жаттықтырушы жұмыс атқарады. Отырар спорт клубында 24 штат бірлігі бар (5 жаттықтырушы, 14 спорт нұсқаушы).

Статистикалық деректердің қорытындысы бойынша ауданда169 спорт ғимараттары жұмыс жасайды. Оның ішінде: 3 спорт кешені 4 атқыштар тирі, 42 спорт зал, жазықтықты құрылғылар 117 (3 спорттық ядролар, 34 спорт алаңдары, 80 алаңшалар,) 1 теннис корты, 2 футбол манежі.

 Ағымдағы жылы Қоғам ауыл округіне қарасты Мыңшұқыр елді мекенінен, Шәуілдір ауылынан ашық спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңшалары салынса, Қарғалы және Балтакөл ауыл округтерінен ашық спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңшалары және Стрит Воркаут  қондырғыларын орнату және салу жоспарлануда. Қоғам ауыл округінен демеушілер есебінен күрес залынының құрылысы жүруде.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2022 жылдың 9 айында аудан аумағында 129 (8 облыстық, 2 республикалық 119 аудандық  деңгейдегі) бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 16 583 адам қамтылған. Бүгінде ауданда дене шынықтыру және спортпен тұрақты  түрде шұғылданушылар саны 20 910 адамға жетіп, 38,2%-ды құрады.

Биыл аудан спортшылары спорттың 11 түрі бойынша Әлем, Азия, Республика, облыстағы чемпионаттар мен кубоктарға қатысып, жалпы 46–алтын, 48–күміс, 85–қола медаль жеңіп алды.

Даму жоспарына сәйкес, 2024 жылы Шәуілдір ауылынан спорт кешенінің құрылысы (жобалық құны 1 млрд. 200 млн теңге) жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттары 2023 жылы аудандық бюджеттен әзірленеді. Жоба жүзеге асқан жағдайда, ауданда бұқаралық спорт түрлерінің дамуына үлес қосып, республикалық, облыстық жарыстарды кең көлемде өткізуге мүмкіндік алады. Спортпен шұғылданатын жастар санының артуына септігін тигізеді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Аудан тұрғындарына жалпы 36 емдеу-профилактикалық мекеме қызмет көрсетіп, онда 119 дәрігерлер және 385 орта буынды медициналық қызметкерлер  жұмыс жасайды. 

2022 жылдың 9-айында аудан бойынша 912 нәресте дүниеге келген.

2022 жылы денсаулық сақтау мекемелерінде 4728 азаматқа стационарлық көмек көрсетілді.

Ағымдағы жылы Қоғам ауыл округінен Талапты дәрігерлік амбулаториясының (жобалық құны 450 млн.теңге) құрылысы басталған, 20 млн. теңге қаржы қаралып, игерілді. Құрылыс нысаны келесі жылға өтпелі, 2023 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Даму жоспарына сәйкес, Аққұм ауыл округінде орналасқан Аққұм дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының тозығы жетуіне байланысты, 2023 жылы жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, 2024 жылы құрылысы жүргізіледі деп күтілуде (жобалық құны 555 млн.теңге);

Талапты ауыл округі Шытты елді мекенінде орналасқан фельдшерлік-акушерлік тірек ғимаратының тозығы жетуіне байланысты 2023 жылы жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, 2024 жылы құрылысы жүргізіледі деп күтілуде (жобалық құны 315 млн. теңге).

Бұл жобаларды қаржыландыру көзі республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, барлығы 1 млрд. 320 млн. теңгені құрайды. Бұл жобалар іске асқан жағдайда аудан орталығынан қашықта орналасқан елді мекендердегі 3175 адам сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етіліп, халықтың қолайлы өмір сүру сапасы артады.

Мәлімет үшін:

Алайда, қазіргі елді мекендерде орналасқан дәрігерлік емдеу орындары қажеттілігіне байланысты күрделі жөндеуді талап етеді. Атап айтар болсақ, Балтакөл дәрігерлік амбулаториясы (315 млн. теңге), Темір дәрігерлік амбулаториясы (80 млн. теңге), Қарақоңыр дәрігерлік амбулаториясы (115 млн. теңге), «Денсаулық» дәрігерлік амбулаториясы (72 млн. теңге) және Аудандық емханаға (900 млн. теңге). Бұл жобаларды қаржыландыру көзі республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Барлығы 1 млрд. 482 млн. теңгені құрайды.

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

2022 жылдың 9-айында 13 010 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың (12 931 шаршы метр) есепті кезеңімен салыстырғанда 100,6 %-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2022 жылдың 9-айында 3 млрд. 758 млн. теңгенің (2021 жылы 1 375,7 млн. теңге) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, көрсеткіш 2021 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 191,6 %-ды құраған.

Қазіргі таңда Шәуілдір ауылындағы Қызыл Түркістан жаңа тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысына (құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 120,6 млн. теңге) ұлттық қор есебінен қаралған 108,3 млн. теңге қаржыдан 30,0 млн. теңгенің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді (мердігері «BAQ Building Group» ЖШС).

ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Даму жоспарына сәйкес, аудан көлемінде жүргізілетін инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша 5 жоба жоспарланған:

-Шәуілдір ауылындағы жаңа ықшам ауданында газ құбырын салу (жоба құны 322 млн. теңге);

-Қызыл-Түркістан жаңа тұрғын үй алабы (2022 жылы басталған 2023 жылға өтпелі), Темір елді мекені жаңа тұрғын алабы, Талапты, Қоғам елді мекендерінде инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысы (электр, ауыз су жүйелерімен қамту) республикалық бюджет қаражаты есебінен (2 млрд. 107 млн теңгеге) жоспарлануда.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 509 жеке тұрғын үйге арналған жер учаскесі газбен, 655 жеке тұрғын үйге арналған жер учаскесі электр желісімен, 520 жеке тұрғын үйге арналған жер учаскесі ауыз су жүйесімен қамтылады.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Тұрғын үй құрылысы бойынша Шәуілдір ауылынан екі пәтерлі 10 тұрғын үй құрылысы (жоба құны 520 млн. теңге ОБ-2023 жыл),  Шәуілдір ауылынан екі пәтерлі 10 тұрғын үй құрылысы (жоба құны 520 млн. теңге ОБ-2024 жыл), Мыңшұқыр елді мекенінен 18 пәтерлі 10 тұрғын үй құрылысы (жоба құны 3 млрд. теңге ОБ 2023-2024 жыл).  Жалпы 4 млрд. 040 млн. теңгеге облыстық бюджет қаражаты есебінен іске асады деп күтілуде. Жоба іске асқан жағдайда тұрғын үй кезегінде тұрған 220 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Ағымдағы жылы Балтакөл ауыл округінде 200 орындық "Балтакөл" мәдениет үйі пайдалануға берілді, Аққұм ауыл округінен 150 орындық "Аққұм" мәдениет үйі жыл соңына дейін іске қосылады.

Мәдениет саласының құрылысына үш жылға 4 млрд. 056 млн. теңгеге 8 жобаны жоспарлап отырмыз. Оның ішінде:

-100 мың томдық кітапхана құрылысы (жоба құны 956 млн. теңге);

- 5 елді мекеннен 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы (Ақтөбе, Шойманов, Талапты, Мыңшұңқыр, Жаңа Шілік, жалпы құны 2 млрд. 200 млн теңге), 200 орындық Көксарай мәдениет үйінің құрылысы (жобалық құны 200 млн. теңге);

-Шәуілдір ауылынан өлкетану музейінің құрылысы (жобалық құны 700 млн. теңге).

Кітапхана құрылысы жүзеге асқан жағдайда ғимаратпен қамтылмаған орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, жастар ресурстық орталығы, өнер және саз мектебі аталған ғимаратқа орналасады. Мәдениет ошағымен қамтылмаған бес елді мекенде мәдениет үйлері бой көтереді.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

АУЫЗ СУМЕН ҚАМАТАМАСЫЗ ЕТУ

Отырар ауданы бойынша 38 елді мекеннің 33 елді мекені толық сапалы ауыз сумен қамтылған (53352 адам немесе 98 пайыз).

Анықтама үшін: «Отырар-Қызмет» МКК 15 елді мекенге: халық саны-23376, абонент саны-3520: Пайыздық үлеске халық санымен шаққанда – 43%. (Балтакөл, Көлқұдық, Үштам, Маяқұм, Шеңгелді, Көксарай, Аққұм, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ақтөбе, Сарыкөл, Отырар, Костерек, Арыс (Ақтам));

Шәуілдір топтастырылған су жүйесі өндірістік бөлімшесі 12 елді мекенге: халық саны-29266, абонент саны-4542: Пайыздық үлеске халық санымен шаққанда – 53,7% (Шәуілдір, Қызылту, Қоғам, Ынталы, Талапты, Арыс, Шойманов, Шытты, Көкмардан, Қарғалы, Темір, Бестораңғыл);

«Қазақстан темір жолы» АҚ 6 елді мекенге: халық саны-710, абонент саны-115: Пайыздық үлеске халық санымен шаққанда – 1,3% (Отырабат, Ұзынқұдық, Ақшоқат, 37 разъезд, Қарақоңыр, Қостүйін).

2022 жылы Бестам (халық саны-151), Жанкел (халық саны-191), Ызакөл (халық саны-275) елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы басталған, Бестам, Жанкел елді мекендерінде ауыз су құрылысы жұмыстары жүргізілуде, Ызакөл елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталып, нысан пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Қарақоңыр ауыл округіндегі Сырдария (халық саны-352) елді мекеніне ЖСҚ әзірленуде.

2025 жылы Балтакөл ауыл округіндегі Ақкөл (халық саны-365) елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету межеленген.

Жобаны жүзеге асыру барысында ауыз сумен қамтылмаған бес елді мекендегі 1334 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылып, 2025 жылы аудан бойынша ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызды құрайды.

ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ағымдағы жылы «Қоғам елді мекені Ұ.Арғынбеков даңғылындағы (ауыл әкімшілігі мен Арыстанбаб кесенесі аралығы) жаңа тұрғын үйлер алабын электрмен қамту желілерінің құрылысы» (сметалық құны – 18,087 млн теңге) және «Темір ауылының Р.Әбдірайымов көшесі бойындағы жеке тұрғын үйлерді электрмен қамту құрылысы» (сметалық құны – 28,051 млн теңге) нысандары пайдалануға берілді.

Даму жоспарына сәйкес, 2023-2025 жылдары Темір қосалқы электр станциясына (2500 кВА) трансформатор орнату, Отырар ауыл округіне қарасты Арыс елді мекеніндегі Н.Төреқұлов көшесін электрмен қамту және М.Шойманов елді мекеніндегі Сырым батыр көшесін электрмен қамту нысандары жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Аудан көлеміндегі жалпы автокөлік жолдардың ұзындығы – 863,05 шақырымды құрайды. Оның ішінде: қанағаттанарлық жағдайда 641,42 шақырым немесе 74,3 % (облыстық маңыздағы жолдар-325,7 шқ, аудандық маңыздағы жолдар-109,65 шқ, ішкі көшелер-386,83 шқ).

Облыстық маңыздағы КХ-10 «Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм» автокөлік жолының 0-25+250 шақырым аралығына орта жөндеу жұмыстары 2021 жылы қыркүйек айында басталған. Нысанның жалпы құны 1,1 млрд теңге, құрылыс 2022 жылы аяқталу жоспарланған болатын.

Алайда, ҚР аумағында битум тапшылығына және нарықтағы бағаның күрт қымбаттауына байланысты мердігер «Ақ-жол» ЖШС жұмыстарды жалғастырудан бас тартып, «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан бұзылған жолдар қалпына келтірілді.

Сонымен қатар КХ-105 «Отырар қалашығына кіреберіс» автокөлік жолының 0-16,9 шақырым аралығын орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нысанның жалпы құны 610,0 млн теңге. 

Ағымдағы жылы облыстық маңыздағы КХ-190 «Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл» автокөлік жолына (32-101 шақырымдары аралығы, 70 км)күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 4 кезеңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жүргізілген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталған. Құрылысты жүргізу мерзімі 2022-2024 ж.ж аралығы(Мердігер мекемелер «Отау Строй» ЖШС және «Алем Трансжол» ЖШС).

Аудан көлеміндегі ішкі көшелердің ұзындығы – 427,7 шқ болса, ішкі көшелер саны 405. Оның ішінде: асфальт көше 261,5 шақырым, тас көше 87,3 шақырым, топырақ көше 79,3 шақырым. Қанағаттанарлық жағдайдағы көшелердің ұзындығы 261,5 шақырым, 61,1 %.

Ағымдағы жылы 19,861 шақырым болатын аудандағы 26 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен (сметалық құны -303,8 млн тг) қаржы қаралған. Оның ішінде қазіргі таңда 18 ішкі көшеге немесе 16,688 шақырым жолға (11,361 орта, 5,327 ағымдағы) орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қанағаттанарлық дәрежедегі жолдардың ұзындығы 261,5 шақырымды құрады немесе 61,1%.

Ауылдық округтер бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың төртінші бюджеті есебінен елді мекендер бойынша ұзындығы 6395 метрді құрайтын 12 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілсе (27 млн.674 мың теңге), ұзындығы 620 метрді құрайтын 3 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді (12 млн. 100 мың теңге).

2023 жылға республикалық бюджет есебінен (Ауыл – Ел бесігі бағдарламасы) ұзындығы – 23,7 шақырымға ішкі көшеге (сметалық құны – 622,5 млн тг) және жергілікті бюджет қаржысы есебінен ұзындығы – 32.31 шқ (жалпы сметалық құны – 497.5 млн.теңге, оның ішінде: 152,4 млн. теңгеге 18,9 шақырым жолға тас төсеу, 345,1 млн. теңгеге 13,41 шақырым жолға асфальт төсеу) орта жөндеу жұмыстары жоспарланып, нәтижесімен қанағаттанарлық дәрежедегі жолдардың ұзындығы 301.2 шқ, 70.4 % құрайды деп күтілуде.

ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Отырар ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2014-2017 жылдары автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) салынып, Шәуілдір елді мекеніне дейін 51,4 шақырым газ құбыры тартылған.  АГТС арқылы 22 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

2022 жылдың есепті кезеңінде 12 елді мекенде газбен қамтамасыз ету құрылысы аяқталған. Оның ішінде: 8 елді мекен табиғи газға қосылған (Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Қарақоңыр, Ш.Қалдаяқов, Мыңшұқыр, Ынталы, Қоғам е/м).

Ағымдағы жылдың соңына дейін 4 елді мекен (Бестораңғыл, Ақтам, Талапты, Шәуілдір) табиғи газ жүйесіне қосылады деп жоспарлануда.

Ауданның даму жоспарына сәйкес, 2023 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған 7 елді мекенді (Темір, Арыс, М.Шойманов, Қарғалы, Көкмардан, Шытты, Отырар);

2024 жылы 3 елді мекенді (Сарыкөл, Сырдария, Қостүйін);

2025 жылы қалған 12 елді мекенді (Аққұм, Көксарай, Жанкел, Шеңгелді, Ызакөл, Маяқұм, Бестам, Қостерек, Балтакөл, Ақкөл, Көлқұдық, Үштам)табиғи газ жүйесіне қосу жоспарланып, межелі 100 % көрсеткішке қол жеткізіледі деп күтілуде.

АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

2022 жылы Шәуілдір ауылы М.Әуезов көшесіне (сметалық құны 45,176 млн.тг) және Мыңшұқыр ауылына көп функционалды спорттық ойын алаңшалары (сметалық құны 35,017 млн.тг) пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы 4 елді мекенде (Балтакөл, Шытты, Қарғалы, Қостерек) спорт және балалар ойын алаңшаларын салу үшін бюджеттен 83 млн теңге қаралып, келісім шарт түзілген. Ағымдағы жылы желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

Темір ауылындағы М.Әлиев көшесін абаттандыру жұмыстарына (сметалық құны 94,15 млн теңге)қаржы қаралып, құрылысы басталды. Нысан 2023 жылға өтпелі. (мердігер «Астана Томирис и Ко» ЖШС – келісім шарт құны 72,576 млн теңге).

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен Мыңшұқыр ауылындағы 11 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен балалар ойын алаңшаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (келісім шарт құны – 7,0 млн теңге).

Даму жоспарына сәйкес, аудан көлемінде елді мекендерді спорттық ойын алаңшаларымен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 4 елді мекенде, 2024 жылы 5 елді мекенде, 2025 жылы 6 елді мекенде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы құны 420 млн. теңгені құрайтын жобалық сметалық құжаттар әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек елді мекендер ішіндегі 18 көшенің аяқжолдарын абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 216 млн. теңге жоспарлануда.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫ

2022 жылдың 9 айында Отырар аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бағытында ұйымдастырылған алдын-алу іс-шараларының нәтижесінде жалпы тіркелген қылмыстардың саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 97-дан 79-ға, яғни 18,6 %-ға дейін төмендетуге бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылған.

Салалар бойынша қажетті қаражат көлемі – 104 млрд. 424 млн теңге:

Кәсіпкерлік саласы – 68 млрд. 980 млн. теңге

(шетелдік инвестиция көлемі – 63 млрд.150 млн. теңге, банктік кредит көлемі – 5 млрд. 830 млн. теңге)

Ауылшаруашылығы саласы – 11 млрд. 200 млн. теңге

(Европалық даму және қайта құру банкі есебінен – 7 млрд.400 млн. теңге, республикалық бюджет қаражаты есебінен – 3 млрд. 800 млн. теңге)

Білім беру саласы – 1 млрд. 810 млн. теңге

Спорт саласы – 1 млрд. 200 млн. теңге

5. Денсаулық сақтау саласы – 2 млрд. 782 млн. теңге

(күрделі жөндеуге – 1 млрд.167 млн. теңге)

6. Құрылыс саласы –10 млрд. 203 млн. теңге

(инженерлік жүйелер – 2 млрд.107 млн. теңге)

(тұрғын үймен қамтамасыз ету  – 4 млрд. 040 млн. теңге)

(мәдениет үйлері – 4 млрд.056 млн. теңге)

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы – 8 млрд. 249 млн. теңге

     (ауыз сумен қамтамасыз ету – 1 млрд.057 млн. теңге)

       (электр желісімен қамту  – 260 млн. теңге)

       (көлік инфрақұрылымы – 2 млрд.778 млн. теңге)

       (табиғи газбен қамту – 3 млрд.518 млн. теңге)

       (абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына –636 млн. теңге)

Аудан көлеміндегі өзекті мәселелер:

1. Отырар ауданы аумағындағы облыстық маңыздағы КХ-23 «Көксарай-Балтакөл-Жаңақорған» автомобиль жолына (77 км) орта жөндеу жұмыстары бойынша 2023 жылға Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жоспарланған. Автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілсе шалғайдағы аудандар халқы (Жетісай, Мақтарал, Шардара, Келес, Сарыағаш) облыс орталығына қатынауға қолайлы болады.

2. Шәуілдір суармалы алқабындағы 13 мың гектар алқаптың сумен қамтылуын қамтамасыз етіп қосымша 11 м3/сек су жеткізетін «Сырдария-Арыс» каналының құрылысына және осы алқаптағы жер асты суы деңгейін түсіріп топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған 368 шақырымды құрайтын дрендер жүйесін қайта қалпына келтіруге 2021 жылы Европалық қайта құру және даму банкі есебінен жалпы 7,4 млрд теңге бөлініп, жұмысы басталып 2022 жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланған. Алайда қазіргі уақытта мердігер мекемемен («Orion Construction LDT» ЖШС) тапсырыс беруші «Қазсушар» РМК-і арасында жұмыстарды өз деңгейінде орындалмауы себебінен келісім шарты бұзылуына байланысты жұмысы тоқтаған. Аталған жұмыстар алдағы уақыттарда оң шешімін тауып іске асырылса 13 мың гектар жердегі ағын су тапшылығы толық шешіліп қосымша 5 мың гектар жаңадан суармалы жер қосуға мүмкіндік туады.

3. Инфрақұрылыммен (су, кәріз, жылу, электр қуаты, ішкі жолдар) толық қамтамасыз етілген Мыңшұңқыр елді мекенінен үш қабатты 18 пәтерлі 10 тұрғын үй салу мақсатында 2017 жылы  облыстық бюджет есебінен жобалау - сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2018 жылы сараптамадан өткен болатын. Алайда, осы уақытқа дейін құрылысын жүргізуге қаржы бөлінбегендіктен биылғы жылы жобалық-сметалық құжаттамалардың мерзімінің өтуіне байланысты түзету енгізіліп, сараптама қорытындысы алынды. Бір тұрғын үйдің сметалық құны 304 млн. теңгені құрайды.

4.Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қатира-Ана балабақшасы» МКҚК-да 2021 жылы 28 қаңтар күні өрт оқиғасы орын алған болатын. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінен өрт оқиғасы бойынша өрт-техникалық қорытынды алынды. Қорытындыда электр сымдарының қызу әсерінен өртке ұласқаны көрсетілген.

Қазіргі таңда, Ақтөбе елді мекенінде орналасқан «Қатира ана» бала бақшасын Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы мен қаржы және активтер басқармасы бірлесіп мемлекеттік реестрлер тізіліміне енгізе отырып мүліктік сенімгерлік басқаруға беру  жұмыстары жүргізілуде.

Ауданның 2023-2025 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген жобалар жалпы 37 млрд. 857 млн. теңге құрады, оның ішінде:

- Ұлттық қор есебінен – 2 156,0 млн теңге;

- Республикалық бюджеттен – 24 млрд. 249 млн. теңге;

- Облыстық бюджеттен – 8 млрд. 972 млн теңге;

- жергілікті бюджет есебінен – 2 млрд. 404 млн теңге;

- жергілікті бюджет есебінен ЖСҚ әзірлеуге – 76 млн. теңге

 

 

Оқылды 1612 рет