Түркістан облысы: Келес ауданы басшылығы Бірлік ауылы тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Ақментай Есбаев Үсенұлы мен «NurOtan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының Бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Марқабай Есіркепов тиісті бөлім және мекеме басшыларының қатысуымен Бірлік ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Түркістан облысы: Келес ауданында жылына 3 рет өнім алу жобасы диқандардың қызығушылығын тудырды

Бүгін Келес ауданының Жолбасшы елді мекенінде орналасқан «Ерболат» шаруа қожалығында техника ғылымдарының кандидаты, ғалым, Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ауыл шаруашылығын механизациялау және автоматтандыру ғылыми орталығының директоры Бердияр Қалымбетов аудан шаруаларына Келес ауданы жағдайындағы ылғалды-ресурс сақтаушы технология үшін машиналар кешенін әзірлеу мен жасау есебінен жаңа, ғылыми технологиялық және техникалық шешімдер негізінде жылына 3 рет өнім алудың агротехникалық іс-шараларын жүзеге асыру жолымен көкөніс өндіруді қарқынды дамыту бағдарламасымен таныстырды. 

Түркістан облысы: Келес ауданында АИТВ-ЖИТС-ке қарсы кездесу өтті

Ғасыр дертіне айналған нашақорлық, темекі, спиртті ішімдіктер және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі, АИТВ-ЖИТС-ке қарсы күрес мәселелері бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты әрі өткір мәселелерінің бірі болып табылады. Қатерлі жұқпалы кеселдің құрбанына айналып, жыл сайын ата-ана, туған-туыстарына қайғы-қасірет әкеліп жатыр. 

Түркістан облысы: Келес ауданында МӘМС жүйесін ендіру бойынша жиын өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында көрсетілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру бойынша бүгін Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында жиын ұйымдастырылды. 

Түркістан облысы: Келес ауданында «Туған жерім – тұғырым» атты гала-концерт өтті

Түркі дүниесінің алтын бесігі, әлемге әйгілі, қасиетті де киелі, күллі түркі жұртының тарихи, рухани астанасы – Түркістан қаласының облыс орталығы мәртебесін алуына және Келес ауданының қайта құрылуына бір жыл толуына арналған «Туған жерім – тұғырым» атты гала-концерт өтті. 

Осы RSS каналға жазылу