Түркістан облысы: Түлкібаста жастар жылына орай «Жастар аллеясы» ашылды

Түлкібас ауданында Тұңғыш Президент саябағындағы «Жастар аллеясының» ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама ағымдағы жылдың ақпан айында жастар жылына орай аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен «Жастар жалыны» атты форумда ауданның белсенді жастары тарапынан ұсыныс ретінде айтылған болатын.

Түркістан облысының әкімі Қазығұрт ауданының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты

Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев алдымен Қазығұрт ауданындағы Дінмұхаммед Қонаев көшесінің бойындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы бағдарламасы аясында «Мемлекеттік рәміздер» және «Рухани жаңғыру» аллеяларының құрылысы екі ай ішінде толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылған.

Түркістанда «Рухани керуен» жобасының мүшелерімен кездесу өтті

Түркістанға «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» атты Рухани керуен сапары келді. Түркістан және Алматы облыстық мәслихаттарының қолдауымен, Алматы облысының дін істері басқармасы мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастыруымен өткізілген келелі кездесуде қонақтар мен түркістан жұртшылығы пікір алмасып, тағылымды оймен бөлісті.

Түркістан облысы: Келес ауданы басшылығы Алпамыс батыр ауылы тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Ақментай Есбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков тиісті бөлім және мекеме басшыларының, сондай-ақ «NurOtan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының Бірінші орынбасары Ахмет Жұмабековтің қатысуымен Алпамыс батыр ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Шымкент: Қала әкімі Венгрияның бас консулымен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Венгрияның Алматыдағы Бас консулы Блауманн Ференцпен кездесті. Екіжақты жүздесу барысында тараптар Шымкент пен Венгрия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. 

Түркістан облысы: Кентау аумағында туу көрсеткіші артып келеді

Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан баспасөз конференциясында қалаға қарасты Шорнақ ауылдық округінің әкімі Оразәлі Мұсабекұлы Ермаханов ауылдағы басты жаңалықпен бөлісті. Сонымен қатар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша баяндап өтті. 

Түркістан облысы: Келес ауданы шенеуніктері Ұшқын ауылы тұрғындарымен кездесті

Аудан әкіміАқментай Есбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков тиісті бөлім және мекеме басшыларының, сондай-ақ«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының Бірінші орынбасары Ахмет Жұмабековтің қатысуымен Ұшқын ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында А.Есбаев кездесудің маңыздылығына тоқталып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді тыңдады.