Жексенбі, 10 Сәуір 2022 09:36

Түркістанда тіл үйренуге арналған жаңа жинақтар жарық көрді

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Бүгінде жастардың қазақ тілімен қатар, көп тілді қоса меңгеріп, бәсекеге қабілеттігін арттыра түсу өте маңызды.

Осы бағытта Түркістан облысының мәдениет басқармасының тапсырысымен «Заманауи қазақша-ағылшынша тілашар», «Қазақша-ағылшынша көрнекі сөздік», «Русский язык для начинающих: элементарный уровень» оқу құралы, «Тілді оқытып-үйретуге арналған әдістемелер жинағы» шығарылды.

Аталған кітаптар облыстағы тілдерді оқыту орталықтарына таратылатын болады. Бүгінде облыстағы 17 тілдерді оқыту орталықтарында 4 401 адам тіл үйренуде.

Алдағы уақытта тілдік капиталды дамыту бағытында тілдерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен салалық сөздіктер әзірлеп, шығару жоспарлануда.

 «AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 781 рет