Super User

Super User

Шымкент: Абай ауданында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

Абай ауданында 40 көшені күніне 2 рет «LTD Тұрмыс» мекемесінің 2 техникасы залалсыздандыруда. Сондай-ақ ауданға қарасты 716 үйге №35748 әскери бөлімінің 100 қызметкері мен 4 техникасы дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Түркістан: Жетісай ауданында адам көп шоғырланатын орындарда сақтық шаралары күшейтілді

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 47-ге жетті. Соның ішінде Жетісай ауданы, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің 1970 жылғытұрғыны және Ш. Ділдабеков ауылдық округі, Достық ауылының 1971 жылғы, осы ауданның Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді ауылының 1994 жылғытұрғындарында коронавирус инфекциясы расталып отыр. Аталған азаматтың үшеуі де COVID-19 вирусы анықталған науқаспен жақын байланыста болған.

Түркістан: Төтенше жағдай жарияланғалы облыста 80 мың азаматқа онлайн қызмет көрсетілді

Түркістан облысында 1414 Call-орталығының мамандары мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіп келеді. Статистика бойынша төтенше жағдай жарияланғалы облыста 80576 азаматқа онлайн түрде көмек берілген. Оның 51450-іне телефон қоңырау арқылы қызмет көрсетілсе, қалғанына бейнебайланыс арқылы түсіндірілген.

Осы RSS каналға жазылу