Шымкент: 42500 теңгені бейресми жұмыс істегендер де алатын болады
Төтенше жағдай кезінде жұмысынан айрылған азаматтарға берілетін 42500 теңге әлеуметтік көмекті алатындар қатары артты. Бұрын белгілі жұмысынан босаған азаматтар ғана көмек алса енді ол қаржыға бейресми жұмыс істегендерде қол жеткізетін болды. Мемлекеттен бөлінетін қаржыны алудың жолдарын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов БАҚ өкілдеріне түсіндірді.
- Бөлім:  Билік және саясат
- 0