Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2023 20:27

Сауран ауданында емханалар мен медпункттердің саны артатын болады

Сауран ауданында медицина саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Сондай-ақ, бірнеше елдімекендерде емханалар, медпункттер салынады деп жоспарланып отыр.

Аудан бойынша 1 - аудандық емхана, 2 - бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 13 - дәрігерлік емхана (ВА), 13 - фельдшерлік–акушерлік бекет, 4 - медициналық бекеттер, 1 – арнайы мамандар бөлімі, 1 – жылжымалы медициналық кешен және 4 - жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасайды. Сонымен қатар 172 төсек орынға арналған күндізгі стационар қызмет көрсетуде.

Аудандық емхана, арнайы мамандар, атап айтқанда пульмонолог, инфекционист, дерматовенеролог, иммунолог, балалар кардиологы, балалар хирургі, травматолог, реабилитолог, онколог, сарапшы дәрігер, гастроэнтеролог  мамандарымен  және УДЗ  3 дәрігерлерімен толықтырылды.

Аудан орталығы Шорнақ елді мекенінен тәулігіне 500 адам қабылдайтын емхана ғимаратының құрылысына 8,9 га жер бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары рәсімделуде. 2023 жылға бекітілген жоспар бойынша типтік үлгіде жаңа ғимарат салыну жоспарланып, құжаттары рәсімделуде, Атап айтқанда: Шаға, Қызылжол, Ойық, Жалаңтөс, Құсшы ата елді мекендерінде.

Сондай-ақ, Сауран ауданының Ескі Иқан ауылдық округінде өңірде теңдесі жоқ жаңа емхананың құрылысы жүруде. Жеке кәсіпкердің демеушілігімен бой көтеріп жатқан емханасының жалпы жобалық құны 1 млрд. 800 млн. теңге. Күні бүгінге дейін ауылда бір қабатты емхана тұрғындарға қызмет көрсетіп келген еді. Енді оның аумағы кеңейіп, заманауи медициналық құралдармен жабдықталуда. Мәселен, жаңа емханаға облыс бойынша тек Түркістан қалалық ауруханасында  бар құны 80 млн теңге тұратын маммографиялық аппарат жеткізілмек. Кеңейтілген кешеннің жалпы аумағы 4 600 шаршы метрді құрайды. Емхана 150 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарлануда.

Аудандағы басқа салалардағы жағдайларға да тоқталып өтсек. Білім саласында да атқарылып жатқан шаруалар көп. Сауран ауданы бойынша бастауыш және жалпы орта білім беретін 52 күндізгі мектеп  жұмыс атқаруда. Ондағы балалар саны – 23 мың 963 бала. (оның ішінде 11 жекеменшік мектеп)2023 жылы Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл елді мекенінде 300 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, 2023 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына М.Мұса, Ж.Тәшенев, Амангелді мектептерінің жобалау сметалық құжаттары аяқталып, облыстық басқарамаға қаржы сұралды. Қосымша күрделі жөндеу жұмыстарына 3 мектептің жобалық сметалық құжаттары әзірленді.

Сауран ауданы бойынша «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына 5 мектеп енген. Атап айтқанда:

- Аша елді мекенінде 600 орындық мектеп;

- Ынталы елді мекенінде 600 орындық мектеп;

- Құмтиын елді мекенінде 600 орындық мектеп;

- Еңбекші Дихан елді мекенінде 600 орындық мектеп;

- С.Қожанов елді мекенінде 300 орындық мектеп;

Бүгінгі күнге С.Қожанов, Еңбекші Дихан, Аша елді мекендерінде жайлы мектептердің құрылыстары басталды, 2024 жылы пайдалануға беріледі. Ынталы, Құмтүйін елді мекендеріндегі жайлы мектеп құрылысы 2024 жылы бастау алады.Ауданда 12 мектепте тасымал ұйымдастырылған. 1 347 баланы 2023 жылы мектеп балансындағы 11 автобус және 1 автобус (Ұлықбек жом) жеке мердігер арқылы тасымалданады. 2023 жылы 6 мектепке 6 автобус сатып алынды. (Бабайқорған-20 орын, Қазыбек би-20 орын, М.Қазыбеков-20 орын, Ә.Моладғұлова-20 орын, А.Югнаки-20 орын, Әл-Фараби-38 орындық)

Ағымдағы жылдың қорытындысымен Сауран ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 41 бірлікті құрады.  Соңғы 3 жылмен салыстырғанда балабақша саны 1 балабақшаға өскен. Оның ішінде жекеменшік балабақшалар үлесі – 68,2 құрайды. (28 балабақша)41 мектепке дейінгі ұйымға 2-6 жас аралығындағы – 4 847 бала қамтылып 97%, 3-6 жас аралығындағы – 3 972 бала қамтылып, көрсеткіші 99%-ға жеткен.

Аудан әкімінің айтуынша, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша ауданда 7 мектептің құрылысына арнайы жер орындары белгіленіп, құжаттары рәсімделген. 2023-2024 жылдар аралығында С.Қожанов елдімекенінде 300 орындық, Еңбекші дихан мен Қарашық елдімекендерінде 600 орындық, Аша, Ынталы және Құмтүйін елдімекендерінде 900 орындық, ал Ескі Иқан елдімекенінде 2 000 орындық мектептің құрылысы басталып, ел игілігіне тапсырылмақ.

Қисыны келгенде атап өтер жайт, ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасының жүзеге асуы — Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Ұлттық жобаның негізгі шарттары мақұлданғанын айтқан облыс әкімі салаға жауапты басшыларға құрылысы 2023 жылы басталатын мектептер бойынша мәселелерді жедел шешуді тапсырды. Сондай-ақ ол мектептерді сапалы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіп, оқу процесін цифрландыруға қажетті шараларды шұғыл жүзеге асыруға назар аударды.

Жалпыұлттық жоба аясында жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланған. Әзірге 62 мектеп салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның жартысы келер жылы салынады. Жер бөлу мәселесі шешілген.Жаңа үлгідегі мектептер салу үшін жер телімдерін бөлу, инженерлік жүйелерін жүргізу, педагогтермен қамту және уақытында құрылысын аяқтау сынды тапсырмалар міндеттелді. Осы арқылы үш ауысымды, апатты, ескірген мектептер санын жою көзделген.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғанын айтқаны белгілі. Бұл – ерекше жоба. Бағыт – айқын. Заманауи мектептердің құрылысын барынша тездету үшін жыл соңына дейін жер, инфрақұрылым мәселесі толық шешілуі тиіс. Бұл жоба білім сапасын арттыруға мол мүмкіндік береді. Жайлы мектептерде балаларға барынша қолайлы жағдай жасалады. Өңірде демографиялық өсім жоғары. Сондықтан өскелең ұрпақты сапалы біліммен қамту аса маңызды, – дейді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында осы мақсатта 400 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді. Жоба аясында ашылған мектептер заманауи құрылғылармен толық жабдықталады. Зертханалармен қамтамасыз етіледі. Бастауыш сыныптарына арналған жеке блог болады. Мақсат – оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және білім беру қызметінің сапасын арттыру.

Аталған мектептердің құрылыс жұмыстарына беделді әрі бәсекеге қабілетті компаниялар тартылады. Сонымен бірге жұмыс барысы қатаң қадағаланады. Ол іске аса білікті техникалық қадағалаушылар шақырылмақ. Сондай-ақ бұл мектептер халық көп шоғырланған аумақтарда орналасады. Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынатын мектептерді салуға дайындықты пысықтауды, осыған қатысты әрбір жұмысты жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.

Спорт саласына келер болсақ, Сауран ауданынан 2023 жылдың мамыр айында 2 спорт мектебі ашылды. Бүгінгі таңда ауданның 18 елдімекенінде кәсіби жаттықтырушылар ауыл жастарына спортқа баулу мақсатында жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі таңда, бұқаралық спортты дамыту барысында 2022 жылы Сауран ауданының Шорнақ елді мекенінен, Аша елді мекенінен, Достық елді мекенінен, Шекербұлақ елді мекенінен, Майдантал елді мекенінен спорт алаңшасы салынып халыққа пайдалануға берілді.

Спорт нысандарын дамыту бойынша Сауран ауданы Бабайқорған елді мекенінде спорт зал құрлысы жүргізілуде. Құрлыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталып пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сауран ауданының тумасы Төребек Молдаш спорт саласында көптеген жарыстарда биік белестерді бағындырып жүр. Астанада өткен біріншілігінде Қазақстан Республикасының жеңімпазы атанған. Әлем чемпионатына жолдама алып, 75 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.

Сонымен қатар, Кемелбек Молдаш дзюдодан Кувейтте өткен ересектер арасындағы Азия кубогының қола жүлдегері, самбодан Монғолияда өткен жасөспірімдер арасындағы азия чемпионы атанған. Майдантал ауылдық округі Ынталы елді мекенінің тумасы Бектемір Назерке кигбокстан Азия чемпионы атанды.

Қазіргі таңда «Сауран ауданы спорт клубында» футбол, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, волейбол, дзюдо, еркін күрес түрлерінен жаттығуда. Арт спорт бағдарламасы бойынша волейбол, үстел теннисі, таэквандо, күрес үйірмелері жұмыс атқаруда. 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ескі Иқан ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтуде. Құны – 426 млн. 051,3 мың теңге. Сонымен қатар, Қарашық ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, 2024 жылдың бюджетіне қаржыландыруға ұсынылды.

Сауран аудандық мәдениет үйінде және оған қарасты ауылдық клубтарда ағымдағы жарты жылдықта жалпы өткізілген іс шаралар саны – 512, қамтылған адам саны – 35 804.Оның ішінде ауқымды іс шаралар:

- «Ежелгі Саурандағы – әз Наурыз» атты мерекелік кеш;

- «Жібек жолының жауhары» атты айтыскер ақындар облыстық байқауы;

- «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өткізілді.

Ономастика саласы бойынша 2 елдімекен құрып, атауын беру үшін облыстық ономастика комиссиясына ұсыныс енгізілді.

Сауран ауданында туризм саласын дамыту оның әлеуетін арттыру әрі туристерге тартымды ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отыр. Осы бағытта, биылғы жылы «Тарихи туризм мекені - Сауран» атты туристік форум өткізу жоспарланған (форумға 4,3 млн.теңге қаржы қарастырылған).

Сауран ауданының аумағында 54 тарихи-мәдени нысандар бар (Мәдениет және туризм басқармасының теңгерімінде). Бұл нысандардың ішінде туристер қызығушылық танытып, көптеп келетін Имам Мархозы, Меңдуана кесенесі, Ерқоян батыр кесенесі, Құрышхан ата, Шаш ана  кесенелері. Сонымен қатар, ауданда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы теңгеріміндегі Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата кесенесі, Жүсіп ата тарихи-мәдени туристік нысандары орналасқан.

Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы  тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағынан жоба құны 320,0 млн. теңгені құрайтын «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде (қонақ үй, тамақтану орны, көрме орталығы, гид қызметі, автотұрақ).

Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Жүсіп ата кесенесінен жоба құны 97,0 млн.теңгені құрайтын «Сапар орталығы» мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді (жоба жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жүргізілді). Аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени нысандарға 2022 жылы 72 мың турист келген болса, 2023 жылдың 7 айының қорытындысымен 36 мың турист табан тіреген.

Туризм саласында биыл 7 айдың қорытындысымен жалпы құны 802,8 млн.теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба іске асырылып, 76 жаңа жұмыс орны ашылды («Ақжол» жол бойындағы қызмет көрсету орталығы 97,0 млн.тг, Жүсіп ата кесенесі аумағындағы Сапар орталығы 97,0 млн.тг, Үшқайық ауылдық округіндегі спорт кешені 151,0 млн.тг, Жүйнек ауылдық округінде  тамақтану орны 85,7 млн тг, Ескі Иқан ауылдық округінде тамақтану орны 173,0 млн тг, Жүйнек ауылдық округінде тамақтану орны 96,9 млн тг, Иассы ауылдық округінде «Ozen» демалыс аймағы 101,5 млн.тг ).

Сонымен қатар, жыл соңына дейін жоба құны 1 млрд 974,0 млн.теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Аталған жобалар іске қосылған жағдайда 60 жаңа жұмыс орны ашылады («Ныш-ер» қонақ үйі мен демалыс аймағы І-кезеңі - 1,0 млрд.тг, «Sayazhai» ЖШС жол бойындағы қызмет көрсету орталығы – 424,0 млн.тг, , «Хамдам» жол бойындағы қызмет көрсету орталығы – 400,0 млн.тг, «SAKETAU Resort» отбасылық демалыс орны - 150,0 млн.тг). Сонымен қатар, 2023 жылға туристер ағыны мен келушілер санын 80 мың. адамға дейін арттыру жоспрланған.

Сауран ауданы Полиция бөлімінің құрылымдарымен қоғамдық қауіпсіздікті, жол-қауіпсіздігін қамтамасыз ету қылмыспен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында, күндізгі және түнгі топтарға қызметкерлер бөлініп криминогенді аумақтар күшейтіліп жұмыстар ұйымдастырылып, «Көрші назары», «Тұрғын үйлерді күзет агенттігіне өткізу», тақырыбында халық арасында кездесулер өткізілді.

Сауран ауданында жол-көлік оқиғаларын алдын алу, жолдарда қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, автоапаттылық деңгейін азайту, ауыртпашылықты төмендету, кәмелетке толмағандармен, оларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ айыппұлды өндіру мақсатында, «Құқық тәртіп», «Қауіпсіз жол!», «Борышкер», «Жасөспірім», «Автобус», «Браконьер», «Абайлаңыз балалар», «Есептегі элемент», «1-ай жол қауіпсіздігі» акциясы және басқада жоспарға сай жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Өткізілген іс-шаралар барысында жолдардағы авариялық учаскелерге тексерулер жүргізіліп, қосымша жол белгілері орнатылды және Сауран ауданы көлеміндегі авариялық жағдайды жүргізушілердің назарына жеткізу мақсатында суреттер енгізілген көрнекі кітапшалар (брошурки) даярланып, жол жүрісі қатысушыларына таратылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жол-көлік оқиғасы -53,8 пайызға (13-тен 6-ға), қаза болғандардың саны -55,6 пайызға (9-дан 4-ке), жарақат алғандардың саны -81,8 пайызға (11-ден 2-ге) төмендеді. Қоғамдық орында жасалған қылмыстар -35,7 пайызға (14-тен 9-ға), көшеде жасалған қылмыстар -25,0 пайызға (8-ден 6-ға) төмендеді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 122 рет