Жексенбі, 10 Қараша 2019 14:37

Түркістан облысы: Мақтааралда ана мен бала денсаулығына арналған жиын өтті

Ана мен нәресте өлімін төмендету мақсатында іске қосылған ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігінің «Әмбебап прогрессивтік патронаждық модулі» бағдарламасы бойынша сектораралық мекемелер ұйымдасқан түрде жұмыс жүргізуі керек. Аталған бағдарлама бойынша Мақтаарал ауданы әкімдігі тарапынан бұйрық бекітілген.

Осы бекітілген бұйрық негізінде жұмыс тобы құрылып, аудан әкімінің орынбасары, кенттер мен ауылдық округі әкімдері және тағы басқа мекеме басшылары бағдарламаның орындалуына жауапты болып табылады. Бұл туралы «Қазақстандағы мейірбикелік күтімнің қазіргі заманғы жүйесі» атты семинар-кеңесте аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков хабарлады. Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Нурхан Нарымбетова, құқық қорғау органдары, аудандық дербес бөлім басшылары мен кенттер, ауылдық округ әкімдері қатысқан жиында ана мен баланың денсаулығы мәселесі қаралды. Жиында сөз алған Н.Нарымбетова «Әмбебап прогрессивтік патронаждық модулі» бағдарламасы бойынша жүкті әйел мен 0-5 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын бақылау мақсатында екі пакет жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

«Олар универсалды (әмбебап) және прогрессивті (қауіпті топ) пакеттер. Универсалды патронаждық моделі пакеті бойынша - дені сау, яғни күнделікті бақылауды қажет етпейтін жүкті әйелдер мен балалар қаралады. Ал, прогрессивті патронаждық моделі пакеті бойынша - бірнеше әртүрлі қауіпті топтарға кіретін жүкті әйелдер мен 0-5 жастағы балалардың денсаулықтарына және жалпы жағдайына кері әсер ететін жағдайларға сектораралық мамандардың бақылауымен және көмегімен жүргізілетін жұмыстар іске асырылуы қажет» - деді Н.Нарымбетова.Баяндама барысында Н.Нарымбетова әмбебап-прогрессивті модельдің қажеттілігіне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар тарапына сұрақтар қойылып, ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі бөлім басшысының орынбасары жауаптар мен түсіндірмелер берді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 615 рет