Сейсенбі, 19 Қараша 2019 15:15

Түркістан облысы: Отырар ауданында ашық есік күні өтті

Қазіргі таңда АИТВ инфекциясы дүниежүзілік проблеманың біріне айналды. Соңғы статистикаға жүгінсек, бұл инфекциямен 40 миллионнан астам адам өмір сүреді. Адам ағзасындағы иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандардың арасында қазақстандықтар бар. Қолда бар мәліметке қарасақ елімізде 24 мыңнан адам аталған вирусты жұқтырған. Бұл тек ресми тіркелген жағдай екен. «Шын мәніндегі көрсеткіш бұдан әлде қайда жоғары болуы мүмкін. Себебі, қоғамда аталған вирусты жұқтырғанымен, оны жариялауға қорқып жүргендер көп болуы мүмкін», - дейді мамандар. Жұқпалы дерттің алдын алу мақсатында Отырар ауданында ашық есік күні өтті. 

Дерттің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандарынан бөлек эпидемиолог дәрігерлер қатысты. Олар ашық есік күніне келген тұрғындарға АИТВ вирусы жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар соңы өлімге душар ететін дерттің қалай алдын алдын алуға болатыны туралы түсіндірді.

«Біздің іс-шараның мақсаты – осы халық арасында АИТВ вирусының тарлуының алдын алу, оның берілу жолдарын түсіндіру. Сондай-ақ аталған вирусқа қарсы қоғамның көзқарасын өзгерту. ЮНИЕС бекіткен стандартқа сәйкес АИТВ-ға шалдыққандардың 90 пайызы өзінің статустарын білу қажет» - дейді эпидемиолог дәрігер Дилафруз Абдукадирова.

Негізінде, ағзадағы иммун тапшылығы вирусынан келетін қауіп көп. Біріншіден, аталған вирус адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің жойылуына алып келеді. Соның салдарынан вирус жұқтырған адам көптеген жұқпалы және созылмалы ауруларға шалдығуы мүмкін. Осыны алға тартқан ақ халаттылар білім ошақтары мен денсаулық сақтау мекемелерінде жұртшылықпен кездесуді өткізіді жоспарлап отыр.

Бұл жөнінде эпидемиолог-дәрігер Рахматулла Есіркеп: «1 желтоқсан АИТВ-ның алдын алу және онымен қарсы күрес күні болып есептеледі. Соған байланысты ДСМ 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығы ВИЧ-тің алдын алу айлығы болып белгіленген. Халық арасында, Отырар ауданының мектептерінде, колледждерінде және қоғамдық мекемелерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде» - дейді.

Отырар ауданында ұйымдастырылған шара алдағы уақытта барлық аудан-қалада жалғасатын болады. Шара кезінде тұрғындар тегін тексеруден өтіп, АИТВ вирусы жайлы мол мағлұмат ала алады.  

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 655 рет