Сәрсенбі, 27 Қараша 2019 20:47

Түркістан жастары нашақорлыққа қарсылығын білдірді

Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайТүркістан қалалық мәдениет үйінде арнайы шара өтті. Онда «Жастар нашақорлыққа қарсымыз» плакаттар және «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз» атты көркем шығарма мен драмалық қойылым байқауы ұйымдастырылды. 

Оған рухани шаһарда тұратын жастар мен оқушылар атсалысты. Нашақорлық – бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып, болашақты қауіпті індеттен құтқару – басты міндет. Оның алдын ала отырып, ықпалды ірі тиімді шараларды жүргізу арқылы ел еңсесін биіктете аламыз. Бұл байқаудың негізгі мақсатының бірі. Шарада қатысушылар есірткіге қарсы келешектің жарқын бейнелерін қағаз бетіне түсіріп, мағыналы картиналарды көрермен назарына ұсынды. Сол арқылы әділқазылар алқасы ең үздік салынған суретке жоғары бағаларын қойды. Жастарға жігер берген байқауда оқушылар өздерінің жарқын өмірін зиянды заттардан сақтайтыны жайында шығарма жазып, драмалық қойылымдарын сахна төрінде көрсетті. Жеңімпаздар арнайы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 784 рет