Сейсенбі, 07 Сәуір 2020 11:23

Шымкент: Әл-Фараби ауданының 90 пайыз аумағы залалсыздандырылды

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданда орналасқан аймақтардың 90 пайызы залалсыздандырылды. Санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатар. Және атап өтерлік жайт, тазалық жұмыстары төтенше жағдай аяқталғанша жалғасатын болады. 

Әл-Фараби ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына және кіреберістеріне, сонымен қатарбасты көшелер мен ішкі орамдық көшелердің 90 пайызына дезинфекция жұмыстары жүргізілді.  Бұл аймақта жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңы және 400 ойын алаңы бар. Заласыздандыру жұмыстарына жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады. Осы орайдааудан тұрғындары тарапынан дезинфекция жұмыстары бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда шұғыл арада аудан әкімі аппаратының кезекші телефонына хабарласуына болатынын хабарлайды аталмыш аудан әкімдігінің өкілдері. Әрине, бұл шаралардың коронавирустың алдын алуда маңызы зор.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 538 рет