Сейсенбі, 07 Сәуір 2020 12:33

Шымкентте COVID-19 белгісімен тағы 5 адам тіркелді

Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова арнайы мәлімдеді. Бұл науқастардың барлығы 5сәуір күні індет анықталған 24 жасар азаматтың отбасы мүшелері. 

Індет жұқтырған азаматпен тығыз байланыста болған жанұя мүшелерінің барлығынан дер кезінде вирусқа байланысты сынама алынып, оқшауланған болатын. 6-шы сәуір күні 5 адамның   сынамасы оң нәтиже берген. Вирус жұқтырғандар қатарында 24 жасар азаматтыңәкесі, анасы, ағасы, әйелі, баласы бар. Бұл тұлғалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында бақылауда болған. Десекте осы азаматтармен байланыста болған тағы 75 азамат анықталған. Естеріңізге сала кетейік, дерт жұқтырған азамат поезда жолсерік болып жұмыс істейді. Ол жұмыс кезінде қауіпті вирусты жетісайлық науқастан жұқтырған. Қазіргі таңда COVID-19 вирусын жұқтырған отбасы мүшелеріне қажетті ем-дом жасалуда. Олармен байланыста болған азаматтар оқшауланған.

«Науқастардың барлығына қажетті ем тағайындалды, жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастармен байланыста болған 75 азамат анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, медициналық бақылауға алынды» дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарыАйгүл Бекбауова.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 384 рет