Сәрсенбі, 14 Сәуір 2021 15:41

Ерлан Айтбаев: «Шымкенттіктерді вакцина салдыруға шақырамын»

Әлемді алаңдатқан коронавирус пандемиясына жəне еліміздің эпидахуалына байланысты, Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ қызметкерлері қауіпті індетке қарсы вакцина салдырды.

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Дəрігерлер тарапынан екпе егу кезінде əр қызметкерге толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев өз ұжымымен бірге Медикер емханасына барып, короновирустық инфекцияға қарсы ресейлік «Спутник V» Гам-Ковид-Вак вакцинасының бірінші дозасын салдырды. Мекеме басшысы қала тұрғындарын вирусқа қарсы екпе егуге шақырды.

- Кеше мен ерікті түрде вакцина салдырдым. Хал-жағдайым жақсы. Қазір өзімді және жақынымды індеттен қорғаудың әзірше жалғыз жолы – вакцина салдыру деп санаймын. Ұжымда жұмыс істеген соң, қауіпсіздігім үшін бұл шешімге бардым. Және сіздерді де өз денсаулықтарыңыз үшін екпені салуға шақырамын, - деді Ерлан Айтбаев.

Айта кетейік, әзірге қазақстандықтарға ресейлік "Спутник-V" вакцинасы салынып жатыр. Отандық вакцина сәуірдің соңында дайын болады.

 «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

Оқылды 325 рет