Түркістан қаласының экологиялық қолайсыз климаты жақсаратын болады

Түркістан шаһарының экологиялық тұрғыда қолайсыз климатын жақсарту бағытында жергілікті билікарнайы бағдарлама қабылдады.Су тапшылығы бар өлкеге ағын суды Арыс-Түркістан арнасынан жеткізу қарастырылып жатыр. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында жас түлектерге сәт сапар тіледі

Бүгін Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылында орналасқан «Жеті қазына» аллеясында өз білімдерімен ауданның мерейін үстем қылған білімді шәкірттерді құттықтап, болашақтарына сәттілік тілеу үшін аудан әкімінің мектеп бітірген «Алтын белгі» иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері, аудандық білім бөлімінің басшысы мен қызметкерлері, мектеп директорлары, бітіруші түлектер, олардың ата-аналары, БАҚ өкілдері қатысты. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданының мектептеріне компьютерлік жаңа жүйе енгізілді

Оның бірі аймақтағы мектептерден кез келген уақытта мәлімет жинақтау үшін пайдаланылады. Аудандағы 67 мектептің басшылары жинақталған есептерді, сауалнамаларды, өзге де ақпараттарды қағаз бетіне түсіріп, орталыққа апарып жүрмейді. 

Түркістан облысы: Келес ауданындағы ең жас кәсіпкер ең үлкен кәсіпорынды басқарады

Келес ауданының Біртілек ауылдық округіне қарасты Дмитрев елді мекенінде орналасқан «БАЕс-құрылыс» ЖШС -і бүгінгі таңда Келес ауданындағы ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Бірнеше кәсіптік кешенді қамтыған жобаны аудандағы жас кәсіпкерлердің бірі Бақдәулет Есенқұлов басшылық жасайды. 

Түркістан облысында «Қонақжай отбасы» коттедждерін салу ұсынылды

Бұл туралы облыс мәслихатының бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында сөз болды. Ата-ансының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірге бейімделуіне жағдай жасау мәселесі талқыланған тақырыпқа еліміздің солтүстігіндегі тәжірибе арқау болды. 

Түркістан облысы: Келес ауданында «Алтын белгі» иегерлерін марапаттады

Аудан орталығы Абай ауылында орналасқан «Атамекен» салтанат сарайында Келес ауданы әкімінің «Жолың болсын, жас түлек» атты Алтын белгі иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан басшысы Ақментай Есбаев арнайы қатысып, оларға алғыс хатын табыстады. 

Түркістанды жас қаламгерлер жырға арқау етті

Түркістан облысының 1 жылдық мерейтойына арналған «Түркістанда түлеген төл тарихым» атты жас қаламгерлер байқауы қасиетті шаһар төрінде өтті.Қара сөздің қасиеті қонған жас дарындар байқауын облыстық отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. 

Түркістан облысы: 100 дәрігер шипажайға жолдама алды

Түркістан облысында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен медицина қызметкерлері қатысты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегімен дараланған ақ желеңді абзал жандарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарымен марапаттады. Түркістан облысының дәрігерлеріне облыс әкімінің атынан шипажайға 100 жолдама табыс етілді. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында "Алтын белгі" және "Үздік аттестат" иегерлері марапатталды

Мақтаарал ауданында "Жастар жылы" аясында аудан әкімі Бақыт Асановтың мектеп бітіруші түлектерге арналған "Жолың болсын, жас түлек!" атты салтанатты кеші өтті. Іс-шара барысында сөз алған аудан басшысы түлектерге ақ жол тілеп, "Алтын белгі" және "Үздік аттестат" иегерлерін марапаттады.