Жексенбі, 16 Маусым 2019 15:25

Түркістанды жас қаламгерлер жырға арқау етті

Түркістан облысының 1 жылдық мерейтойына арналған «Түркістанда түлеген төл тарихым» атты жас қаламгерлер байқауы қасиетті шаһар төрінде өтті.Қара сөздің қасиеті қонған жас дарындар байқауын облыстық отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. 

«Түркістанда түлеген төл тарихым» атты жас жазба ақындар мен жазушылардың облыстық байқауының іріктеу кезеңіне 90-ға жуық шығарма түсіп, 26 ақын, 10 жазушы ақтық сынға жолдама алған болатын.

Прозалық шығармалар «Үздік жас жазушы» бағыты бойынша:

Бас жүлдеАйболат Тоқтарбек (250000 теңге);

Бірінші орын – Мөлдір Нұржан (175000 теңге);

Екінші орын – Жұлдыз Төлеубаева (125000 теңге);

Үшінші орын – Ғылымнұр Кәдірбай (100000 теңге).

Жүлделі орынға ие болмаған қатысушылар да арнайы ынталандыру сыйлығы 25000 теңгегеиеболды. ОларМаратҚани, Алтынай Маликаждарова, Нұрдәулет Жігер, Ақтілек Сейтжаппар, Аружан Орынбек, Жұлдыз Қалбай сынды таланттар.

«Үздік жас ақын» аталымы бойынша:

Бас жүлде – Дариға Бақберген (250000 теңге);

Бірінші орын – Мұқағали Кенжетайұлы (175000 теңге)

Екінші орын – Еламан Төлеутай (125000 теңге)

Үшінші орын – Арайлым Мұраталиева (100000 теңге) үздіктертөрттігінтолықтырды.

Бұл аталым бойыншаынталандыруғаҚайсарБауыржан, РысгүлДосжанова, АрқалықӘмалият, МейірОразғалиевлайықтыдеп табылды.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 877 рет