Түркістан облысы: Түлкібаста баспанамен қамту ісі қарқынды

Өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Өткен жылы бағдарламаның бес бағыты бойынша 721 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Баспанамен қамту Түлкібас ауданында да үлкен серпінмен жүзеге асып жатыр. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында газға қосылған ауылдарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Таяуда ғана Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Жетісай ауданына жасаған сапары барысында Атамекен және Ш.Дәлдабеков ауыл округтеріндегі 5 елді мекен табиғи газға қосылған болатын. Бүгінде сол ауылдардағы абоненттерді «көгілдір отынға» жаппай қосу жұмыстары жалғасуда. 

Елбасы Жолдауы аясында Арыс аудандық полиция бөлімі есеп берді

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халына арнаған Жолауының үшінші тармағында: «Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет. Қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі болып саналады» деп атап өткен болатын. Осы орайда, қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2018 жылдың 10 айында Арыс ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері мен атқарған жедел жұмыстарының қорытындысы бойынша халыққа есеп беру жиыны өтті. 

Түркістан облысы: «Дәстүрлі құндылықтар керуені» - Арыс қаласында

Облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Арыс қаласына келді. 

Түркістан облысы: Сарыағашта заманауи спорт кешені ашылды

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдаралмасының «Туған жер» жобасы аясында ел игілігіне ұсынылған ғимаратты жергілікті кәсіпкер өз қаржысына салдырған. Жобалық құны 500 млн. теңге болатын орталықта бір мезетте 500 адам спортпен шұғылдана алады. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында жаңа мектеп ашылды

Жаңаауыл ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенінде есігін айқара ашқан білім ұясы 600 орынға лайықталған. Жалпы сметалық құны – 1 млрд. 87 млн. теңге. Заман талабына сай салынған ғимаратта оқушылар асханасы, химия, биология кабинеттері және мәжіліс пен спорт залдары бар. 

Түркістан облысында автоматтандырылған жылыжай жұмыс істейді

Түркістан облысындағы агроөнеркәсіптік кешендер цифрлық форматқа көше бастады. Мәселен, Сарыағаш ауданында автоматтандырылған жүйе енгізілген жылыжай жұмыс істейді. Қызанақ өсірумен айналысатын шаруашылық жаңа технологияны енгізу арқылы өнім көлемін екі есеге дейін арттырыпты. 

Түркістан облысында студенттерге арналған қызмет көрсету орталығы ашылды

Түркістан облысының жастары енді Халыққа қызмет көрсету орталығына сабылмайтын болды. Олардың енді өз қызмет көрсету орталығы бар. Аграрлық салаға маман дайындайтын колледжде алғаш рет «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылды.