Түркістан облысында 250 медицина маманына қажеттілік бар
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бакалавриатқа 50 грант бөлінді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ІТ саласына 35, медицина бойынша 15 орын берілді. Бұл туралы Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен конкурстық комиссия отырысында айтылды. Онда комиссия мүшелері гранттарды үміткерлер арасында іріктеп бөлу, грант иегерлерінің тізімін бекіту мәселелері қаралды.