Түркістан қаласында дінтанушы-теологтардың біліктілігін көтеруге арналған семинар ұйымдастырылды

Түркістанда дінтанушы-теологтардың біліктілігін көтеруге бағытталған семинар өткізілді. Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ДДА жақтастарымен жұмыс жүргізеді. Шараға қала, аудан ішкі саясат бөлімдерінің дін саласындағы жауапты мамандары, оңалту жұмыстарымен айналысатын теолог-дінтанушы мамандар мен ҚМДБ дін қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасында президент мақаласын насихаттау мақсатында босқосу өтті

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» тақырыбындағы мақаласын насихаттау мақсатында ғалымдар басқосуы өтті.

Түркістан: облыс әкімі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 үш жыл ішінде кемі 50 мың оқушы үшін 63 мектеп салу жоспарланған. Өңірде жыл соңына дейін пайдалануға берілетін 29 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Түркістан облысы: оңалту орталықтарының және әлеуметтік нысандардың құрылысы талқыланды

Түркістан облысында 99 296 мүгедектігі бар адам есепте тұр. Оның ішінде 84 206 адам 18 жастан асқандар, 15 020 адам мүмкіндігі шектеулі балалар. Түркістан облысында әлеуметтік қорғау саласында стационарлық және жартылай стационарлық жағдайлардағы арнаулы әлеуметтік қызметтер түрлерін алуға құқылы 34 370 мүгедектігі бар адам тіркеуге алынған.

Түркістан: облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Кентау қаласына іссапармен барып, әлеуметтік нысандарды аралады

Түркістан өңірінде соңғы кездері мәдениет, спорт салаларына көңіл бөлініп келеді. Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында түрлі әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Бүгін жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қала әкімі Жандос Тасовпен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Түркістан облысы: аудан-қалаларда «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңкелер өткізілуде

Ордабасы ауданындағы «Самұрық» аллеясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге Шымкент қалалық «Автонұр» сауда орталығының 80- ге жуық кәсіпкерлері қатысып, балалардың мектепке қажетті киім-кешектері мен оқу құралдары жеңілдетілген бағада нарыққа ұсынды.

Түркістан облысында өңірлік кадрлық резервке іріктеудің қорытынды кезеңі өтті

Жаңашыл жастарға жол ашық. Өңірлік кадрлық резервіне қабілеті жеткен кез келген жастың ілігу мүмкіндігі бар. Елімізде алғаш өтіп жатқан байқауда басқару қабілеті бар дарынды жастар бос тұрған лауазымдардың тізгінін ұстап, өздерін көрсете алады. Түркістан облысында Өңірлік кадрлық резервке іріктеудің қорытынды кезеңі басталды.

Түркістанда әуесқой футбол лигасының жеңімпаздары анықталды

Облыс орталығында шағын футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2024 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысты. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткен қорытынды жиында биылғы ойындардың жүлдегерлері марапатталды.

Түркістан облысында «Taza Qazaqstan» қосымшасы пилоттық режимде сәтті іске асырыла бастаған

«Таза Қазақстан» бағдарламасы облыс көлемінде уақытылы өткізілуде. Қазіргі таңда жалпы аудан, қалаларда 291 ауқымды іс-шарасы өткізілді. Жыл соңына дейін бекітілген кестеге сәйкес, 807 тазалық шарасын өткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды.