Super User

Super User

Шымкентте «Елдесу» мен «Татуласу» жобасы жалғасын табуда

Кеше Шымкент қаласында басталған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренингі бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жалғасын тапты.

Шымкент әкімі Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесті

Қала басшысы Қаратау ауданындағы Тұран, Нұртас, Мәртөбе, Мирас-2, Тассай және Достық шағын аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Тұрғындар жолдарды асфальттеу, көпқабатты үйлердің қасбеттерін жөндеу, газ және кәріз жүйелерін жүргізу сияқты мәселелерді көтерді.

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық іс-шаралар жалғасуда

Шымкентте кезекті «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында акция өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге деген жанашырлық сезімін оятуға бағытталған бағдарлама Шымкент қаласында нәтижелі жүзеге асып жатыр.

Шымкент: Еңбекші ауданында экологиялық іс-шара ұйымдастырылды

«Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды.

Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады. Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы RSS каналға жазылу