Super User

Super User

Шымкент әкімі «Бозарық» индустриялық аймағында болды

Шымкентте Орталық Азиядағы ең ірі қызанақ өсіруге арналған жылыжай кешенінің құрылысын бастау туралы шешім қабылданған болатын. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков “Бозарық” индустриялық аймағында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Түркістан облысы: Жолдауда жүктелген міндеттер қатаң қадағалауда болады

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм». Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы мен басымдықтарына жан-жақты тоқталып, белгіленген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді. Жолдауда жүктелген міндеттердің орындалуының қатаң қадағалауда болатынын айтты.

Түркістан облысында бақ өсіретін шаруаларға мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде

Түркістан облысында гектарлап алма бақ егіп, жеміс-жидек бағытына бетбұрыс жасағандар көбейiп келеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыс бойынша жеміс-жидек ағаштары 17,9 мың гектарға, оның ішінде 5,4 мың гектар қарқынды алма бауы орналастырылған. Өңірде алма, алмұрт, өрік, шие, шабдалы, қара өрік өсіріледі.

Түркістан облысы: әрбір өтініш сапалы әрі мерзмінде орындалуы тиіс

Тұрғындардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, кері байланыс орнату, ашықтық, диалогқа дайын болу – мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдығының бірі. Түркістан облысында тұрғындармен кері байланыс, қоғаммен ашық қарым-қатынас жасау жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Облыс әкімі аппараты тұрақты түрде қала, аудан әкімдері апрарат басшылары, тұрғындар тарапынан түскен өтініштермен жұмыс істейтін бөлім басшыларының қатысуымен жиындар, семинар-кеңестер өткізіп тұрады. Азаматтардың өтініштерінің қаралуы мен мерзімінің сақталуына тұрақты түрде талдау жасалады.

Осы RSS каналға жазылу