Super User

Super User

Түркістан: облыстағы орта білім беру ұйымдарының желісі 1060-қа артты

Тамыз кеңесі – білім саласындағы жетістіктермен қатар кемшін тұстарды да таразылайтын дәстүрлі жиын. Бүгін Түркістан облысының білім беру саласы қызметкерлерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Дәстүрлі тамыз кеңесінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жаңа оқу жылының басталуына сәттілік тіледі.

Түркістан: «Инновациялық жобалардың» көрмесі ұйымдастырылды

Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Оқушылардың озық білім алуы – басты назарда. Осы мақсатта Түркістанда өткен облыстық тамыз кеңесінде «Инновациялық жобалардың» көрмесі ұйымдастырылды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының бастамасымен білім саласына бағытталған бұл жобаның ауқымы кең.

Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта 1500-ден аса адам жұмыспен қамтылған

Түркістан облысының аудан, қалалары Түркістанға қарап бой түзейтінін ескерсек, мұндағы жұмыс сапалы әрі мазмұнды болуы керек. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдерінің даму тұжырымдамаларын тыңдауда. 2025-2030 жылдарға арналған «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша» стратегиялық бастамаларды жүзеге асыратын жол картасының негізгі бағыттары мен көрсеткіштері және резервтер, қаланың әлеуметтік экономикалық дамуы туралы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков есеп берді.

Түркістан: аппарат мәжілісінде өңірдегі туризм саласын дамыту мәселері талқыға түсті

Түркістан облысына келуге қызығушылық танытатындар қатары күн санап артып келеді. Түркі әлемінің туристік астанасы атанған киелі өңірде соған сай туристік жобалар қолға алынбақ. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде осы және басқа да туристік қызметтер талқыланды.

Осы RSS каналға жазылу