Түлкібас ауданына туризмді дамыту мақсатында бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылмақ
Түркістан облысында әр ауданның өз брендін қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Түлкібас ауданында қарқынды бау көлемін көбейтуге ерекше мән берілуде. Аудандағы алма баулардың көлемі 3 мың гектарды құраса, соның 700 гектардан астамы – қарқынды бау. Биыл ауданда тағы 55 гектар жерге тамшылатып суару технологиясы енгізілген қарқынды алма бауы егілді. Бағбандармен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданындағы Шақпақ ауылдық округінде «Кен-Тау» ЖШС қарқынды алма бауында болды.