Түркістан облысы: Арыс қаласында Конституция күніне орай сенбілік ұйымдастырылды
Мемлекеттік мереке қарсаңында арыстықтар қолдарына кетпен пен күрек ұстап қала көшелеріне сенбілікке шықты. Аталмыш сенбілікте әр сектор өздеріне тиесілі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды шығарып, арамшөптерді отады.