Венгриялық инвесторлар Түркістан облысында құрама жем зауытын салуды жоспарлап отыр
Венгриялық «UBM GROUP» компаниясы Түркістан облысында құрама жем зауытын салу бойынша таяуда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, арнайы келіссөз жүргізген еді. Нәтижесінде Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулдығы коммерциялық атташе Ковач Иштван Тибор және «UBM GROUP» компаниясының бас директорының кеңесшісі Доктор Золтан Питер Винм аудандарды аралап, зауыт салуға қолайлы өңірлерді қарастырды.