Палата директорының орынбасары Бауыржан Берікұлының айтуынша, ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетіне үйлестірілген инвестициялық жобалардың интерактивті картасы инвестжобаларды жүзеге асыру барысына мониторинг жасап, бақылауға және жобаларды дамыту барысын нақты түсінуге мүмкіндік береді.
«Kazakh Invest» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дінмұхамед Зиятбеков инвесткартаға елде жүзеге асырылып жатқан кез келген инвестициялық жобаланы енгізу мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді.
Жауапты мамандардың айтуынша, жергілікті атқарушы органдарға да, кәсіпкерлерге де қажет картаға енгізілген жобалардың саны артып келеді.
Жиынға онлайн қосылған «Kazakh Invest» АҚ өңірлік даму бойынша бас менеджері Шахназар Аубакиров инвестициялық карта кәсіпкерлерге іс жүзінде таныстырып, мүмкіндіктерін көрсетті.
Жиын барысында кәсіпкерлер сұрақтарын қойып, мамандардың жауаптарын алды.