Клубтың негізгі мақсаты – кәсіпкерлік бастамасы бар жастармен кездесу, жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттау және қолдау, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара әрекетін үйлестіру. Кеңес мүшелеріне бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, алдағы уақытта көтерілетін мәселелердің оңтайлы шешілуіне және кәсіпкерлік саланы барынша дамытуға атсалысуға келісті.
«Өңірімізде 200 000-нан астам кәсіпкер бар болса, соның ішінде 70 000-ға жуығы 35 жасқа толмаған жас кәсіпкерлер. Яғни, кәсіпкерлердің үштен бір бөлігі жастар. Бұл дегеніміз жас кәсіпкерлердің үлесі көп, тиісінше мәселелері мен ұсыныстары да көп болады деген сөз. Осы және өзге де жағдайларды ескере отырып, «Жас кәсіпкерлер клубын» ашуды жөн көрдік», - деді Ербол Асфандиярұлы.
Жиында шаһар басшысының орынбасары Мекенхан Қозыханұлы Түркі әлемінің туристік астанасы атанған Түркістан қаласының атына лайық болуына кәсіпкерлердің орны мен рөлі айрықша маңызға ие екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлердің еселі еңбегін насихаттау бағытында телеарна мен газет-журналдарға жариялау жұмыстарына да баса көңіл бөлу керектігін атап өтті.
Түркістан қаласында ағымдағы жылдың басында «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы өз жұмысын бастағанын да айта кеткен жөн. Жобаның мақсаты – қала кәсіпкерлері мен кәсіп бастауға ниетті азаматтарға кәсіпкерлік саласында заң аясында сүйемелдеу мен қолдау көрсету болып табылады. Жоба аясында кез келген кәсіпкерлер мен азаматтар – мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар, субсидиялар мен жеңілдетілген пайызды несиелер бойынша толық ақпараттар алуына мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері қалада 167 азаматқа сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, Жеңілдетілген пайызбен несиелендіру бойынша – 46 адам, Жаңадан кәсіп бастау бағытында берілетін қайтарымсыз гранттар бойынша – 62 адам, Жеке кәсіпкерліктің немесе заңды тұлғалардың құжаттарын рәсімдеу жұмыстарына заң аясында көмек көрсету – 15, Әр түрлі әкімшілік кедергілерге заң аясында құқықтық көмек көрсету – 28 адам.
Түркістан қалалық Бизнесті қолдау және туризм бөлімі «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы аясында Түркістан қаласының тұрғындарына жеңілдетілген пайызды несиелер, қайтарымсыз гранттар, субсидиялар және т.б. сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік несиелеу бағдарламалары аясында консультациялық кеңестер мен бағыт-бағдарлар беруде.Сонымен қатар, Түркістан қаласының білім ошақтарының, арнаулы оқу орындарының түлектері мен студенттеріне, жастарға кәсіпкерлікке баулу мақсатында индустриалды аймақта орналасқан зауыт, фабрикаларға, әр түрлі бағыттағы өнеркәсіп орындарына шолу ұйымдастырылды.
Жалпы, «Кедергісіз кәсіпкерлік» ақпан айынан бастап іске асырылды. Тікелей ұялы байланыс нөмірі: 8707-412-11-43 немесе 8(72533) 57919. Жоба жұмысын бастағалы Индустриалды аймақтан жобаны іске асыру мақсатында жер учаскесін алуға заң аясында сүйемелдеу жүргізілді – 4 жобаға; Жобаны іске асыруға сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді – 3 жоба; Жеңілдетілген несие алуға заң аясында құжаттарын рәсімдеуге – 3 жобаға сүйемелдеу жүргізілді. Одан бөлек, жоба аясында Түркістан қаласында іске асырылған өңдеу саласындағы 4 инвестициялық идеяға жеңілдетілген несиелер бойынша заң аясында құжаттандырырылды.
Кәсіпкерлік қызмет – бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс,пайда) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі. Кәісіпкерлік қызмет – кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет. Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек: кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі; меншіктің болуы; тәуекел сипаты; пайда (табыс) алуға деген мүдделілік.
Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы. Олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы. Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелді сипаты нарықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігіне контрагенттің келісім-шарт міндеттерін орындамауы немесе 2 қанағаттанарлықсыз дәрежеде орындауы сияқты, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікті құрту немесе бүлдіру, кәсіпкерлік қызметтен мүмкіндігінше пайда, табыс ала алмау да жатады. Сол себепті кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүзеге асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі.
Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, табыс табу, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де, басқадай материалдық және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы мүмкін. Бұл салынған ,капитал пайыздары, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түскен үлес немесе тұтас пайда болуы да мүмкін. Табыс табу кез келген түрдегі еңбекке қатысуға, оның ішінде өз капиталын да қатыстыруға байланысты болады. Айтарлықтай маңызға ие (бірақ қолданыстағы заңдарда бекітілмеген) тағы бір белгісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жүйелілігін айтуға болады. Кәсіпкерлік қызметтің жүйелілігі аталған қызмет бір жолғы сипатта емес және ұзақ мерзім немесе тіпті шектеусіз уақыт ішінде іске асырыла алады дегенді білдіреді.
Жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің негізгі формалары болып табылады. ҚР Азаматтық кодексі меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсіпкерліктің аражігін ажыратып көрсетеді. Жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықпен басқару құқына негізделген. Мемлекеттік кәсіпкерлік деп мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек.
Мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды реттеуші (сатылас қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы жағдайда дәл сол мемлекеттік кәсіпкерлік туралы сөз болып отыр. Демек, мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқықтық формасы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады. Ақырында, мемлекеттік меншік түріне байланысты мемлекеттік кәсіпорындарды төмендегідей түрлерге бөлуге болады: Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (яғни республика меншігіндегі кәсіпорындар) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар) «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 34-бабы, ұлттық экономиканың құрамдас бөліктерін құрайтын стратегиялық маңызды салаларда қызмет ететін акционерлік қоғамдар ұлттық компания болып саналады.
Құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып саналатын, ұлттық компаниялар мен басқадай акционерлік қоғамдардың меншік құқымен иеленген акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті тек коммерциялық заңды тұлғалар ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) да жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлікті екі негізгі түрге: заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлігі деп бөлуге болады. Дара кәсіпкерлікке: өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік жатады.