Мәселен, 2024 жылы негізгі капиталға салынған жалпы инвестициялар көлемінің жылдық жоспары 37 миллиард теңге болып бекітілген екен. Орындалуы 3 айда 2,9 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл жөнінде Отырар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық мәлімдеді.
Оның ішінде:
— Республикалық бюджет – (қарастырылмаған).
Жергілікті бюджет – (қарастырылмаған).
Меншікті қаражат – 2,9 миллиард теңге.
Басқа да қаражат – (қарастырылмаған).
2024 жылы өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық жоспары – 22 миллиард 408 миллион 800 мың теңге (НКИ — 102,5%).
Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға бағытталған инвестициялар индикаторына қол жеткізу туралы жоспар да көп нәрседен хабардар етеді. Айталық, 2024 жылы өңдеу өнеркәсібі көлемінің жылдық жоспары 1 миллиард 318 миллион 500 мың теңгені құрап отыр.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 3 айда орындалғаны: 256 миллион 010 мың теңге, НКИ — 112,4%. Былтырғы 3 айда орындалуы 235 миллион 228 мың теңге болатын, НКИ — 105,4%.
3 айдағы жоспар – 260 миллион 300 мың теңге. НКИ — 101,2%.
Тамақ өнімдерін өндіру көлемі – 3 айда орындалғаны: 241 миллион 740 мың теңге, НКИ — 112,4%.
Ауданда ірі жоба — «Заречное» ҚРҚ БК АҚ уран өндіру бойынша жұмыс істейді. Кәсіпорын өз іші жобаларын асыру арқылы (автоматтандырылған құрал-жабдықтар, техникалар) ауданға жыл сайын ірі көлемде инвестиция тарту жұмыстарын жүргізеді. Биыл да Отырар ауданына инвестиция тарту мақсатында жұмыстар атқарылып, межеленген жоспар орындалады деп күтілуде.
2024 жылдың 3 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер саны 6 268, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны — 6 120. Үлесі — 105,2%.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Отырар ауданының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіру көлемі IV тоқсан қорытындысына сәйкес, 58 миллиард 631 миллион теңгені (НКИ — 123,6%) құрады, яғни бұл дегеніңіз көрсеткіш 34 миллиард 431 миллион теңгеге артығымен орындалды. IV тоқсан жоспары 24 миллиард 200 миллион теңге болатын.
Шағын және орта кәсіпкерліктің ІV тоқсандағы статистикалық қорытындысы бойынша дамуының көрсеткіштерін (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда) кесте түрінде ұсынып отырмыз. Бөлшек сауда көлемі – 2024 жылдың 3 айы бойынша орындалуы – 752 миллион 190 мың теңге, НКИ — 100,6%. Облыс көлеміндегі үлес салмағы 1,3 пайызды құрады.
Көтерме сауда көлемі – 2024 жылдың 3 айы бойынша орындалуы – 268 миллион 353 мың теңге, НКИ — 100,2%. Облыс көлеміндегі үлес салмағы 1,0 пайызды құрады.
Отырар ауданындағы 2024 жылы микроқаржы ұйымдары арқылы жоспарланған және тартылған қаражат туралы мәлімет төмендегіше:
2024 жылы «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы көктемгі дала жұмыстарына (егін шаруашылығы) шағын және орта бизнесті қолдау шараларына 118 жоба шеңберінде (шаруа қожалығы) 879 миллион 200 мың теңгеге құжат тапсырылды. Бүгінгі таңда микроқаржы ұйымы арқылы 64 шаруа қожалығы 393,4 миллион теңге несие алды.
Оның ішінде, 2024 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша:
«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы – 49 шаруа қожалығы 332,2 миллион теңгеге қаражат алды;
«Ырыс» микро қаржы ұйымы арқылы – 15 шаруа қожалығы 61 миллион 250 мың теңге қаржы алды.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету туралы. Отырар ауданында «Turkestan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы 2024 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша, жобаларды сүйемелдеу және рұқсат құжаттарды рәсімдеу бағыттары бойынша 320 кәсіпкерге қызмет көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, заң шеңберінде қорғау, бизнеске кеңес алу, лизинг, қаржыландыру, бизнес бастау оқу семинарлары, бизнес жоба, жобаларды сүйемелдеу, рұқсат құжаттарды рәсімдеу, т.б. қызметтер көрсетілген.
Өз кезегінде Отырар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық 2024 жылға жоспарланған инвестициялық жобалар туралы да тілге тиек етті.
«Отырар ауданында 2024 жылы 6 шағын инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарлынып отыр» — дейді ол.
Олар:Құрама жем шығару кәсіпорыны, «Ontustik Altair» ЖШС, жалпы жоба құны: 350 миллион теңге;
Бүгінгі таңда жер телімі анықталып, құжаттары рәсімделген. Жоба аясында кәсіпкердің өз қаржы есебінен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын ағымдағы жылдың тамыз айында іске асырылады деп жоспарланып отыр.
Сауда орталығы жобасы бойынша 2 жоба жоспарланып отыр: Жеке кәсіпкер «Мамырбекова» және жеке кәсіпкер «Бейбіт-2050», жоба құны: 450 миллион теңге және 25 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 75% орындалған.
Тамшылатып суғару жобасы бойынша «Мұрат» шаруа қожалығы, жоба құны: 250 миллион теңге. Қазіргі таңда жоба биыл толық аяқталуы үшін несие алуға құжаттарын «РИЦ «Оңтүстік» ЖШС-не тапсырған. Қазіргі уақытта «РИЦ «Оңтүстік» ЖШС-нен жауап күтілуде.
«Valley» компаниясымен коммерциялық ұсыныс жасасып, қажетті құрал-жабдықтарын сатып алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр, су жинайтын бассейннің құрылысы аяқталған. Жоба ағымдағы жылдың шілде айында іске асырылады. Алдағы уақытта 14 адамды жұмыспен қамтиды деп межеленген.
500 гектар жерге тамшылатып суғару жобасы бойынша, «Таймаз-2004» ЖШС, жалпы жоба құны: 650 миллион теңге.
Қытайлық «Баржоу Хинкай Трейд гоу» ЛТД компаниясымен бірлесіп, 500 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен мақта дақылын егу жоспарланып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Тамшылатып суару құрылғылары Қытай елінен алынатын болады. Элиталық «Жинг Кай НО-9» тұқымы сатып алынып, жеткізілген.
Түйе сүтін өңдеу арқылы ұнтақ шығару кәсіпорыны, «Отырар Сүт-Ет» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі (АШӨК), жалпы жоба құны: 360 миллион теңге.
Ағымдағы жылдың маусым айының соңында түпкілікті шешім қабылдау мақсатында Қытай Халық Республикасына бару жоспарланып, екі ай мерзім көлемінде қажетті құрылғыны «Отырар Сүт-Ет» АШӨК-нің базасына жеткізіп, орналастырылатын болады. Жоба ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында іске асырылады деп жоспарланған.
Бөлім басшысы сонымен қатар 2025-2026 жылдары іске асырылатын жобалар жайлы да өзінде бар ақпараттарымен бөлісті. Нақтылай айтсақ:
Бизнес орталығы бойынша «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, жоба құны — 350 миллион теңге. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 80% аяқталған.
1000 бастық мал бордақылау алаңы бойынша, «Амантұр» өндірістік кооперативі, жалпы жоба құны: 350 миллион теңге.
Бүгінгі таңда жер телімі анықталып, құжаттары рәсімделген. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде екен.
Сөз соңында айта өтейік, көктемгі егіс жұмыстарына «Ырыс» МҚҰ арқылы Отырар ауданы көлемінде 131 АШТӨ тарапынан 962,9 миллион теңгеге (2023 жылы 121 АШТӨ 698,9 миллион теңге алған) қаржы алуға ұсыныс берілген. Оның ішінде:
49 АШТӨ 332,2 миллион теңге несие алған.
84 АШТӨ бойынша 630,7 миллион теңгенің құжаттары облыста қаралуда.