Сейсенбі, 21 Мамыр 2024 17:51

Шардаралық фермер бөдене еті мен жұмыртқасын экспортқа шығаруға ниетті

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Ақберді елді мекеніне барып, «Нұрасыл» фермерлік қожалығының жұмысымен танысты.

Шаруа қожалық иесі Нұрболат Қариев аудан әкіміне 1 гектар аумақта орналасқан Бөдене өсіру фермасының жұмысын көрсетті. Кәсіпкер қазір ол жерде 3000-нан астам бөдене барын айтып, оны 7000 данаға жеткізуді жоспарлап жатқанын жеткізді. Ол фермадан бөдене еті мен жұмыртқасын экспортқа шығаруға ниетті.

Сонымен қатар, А.Қарсыбаев шаруақожалықтың тамшылатын суғару әдісімен 1 гектар аумаққа егілген 500 түп Голден Делишес (англ. Golden Delicious) алма сортын қарап, алдағы жоспарларын талқылады. «Нұрасыл» фермерлік қожалығы бұдан бөлек балық өсіру, биогумус өндірумен айналысуда.

Аудан әкімі кәсіпорынның жұмысын саралап, бастамаға оң баға беріп, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар бойынша барынша көмектесуге дайын екендігін жеткізді. «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы осындай кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың көбеюімен тікелей байланысты. Біз кәсіпкерлерге барынша қолдау жасап, халықтың әл-ауқатын көтеруге ұмтылуымыз қажет.»- деді Арман Қарсыбаев.

Сондай-ақ, осы күніШардара ауданыныңәкімі Арман Қарсыбаев Түркия елінің «Vero Group» компаниясының негізін қалаушы Осман Бозкурт бастаған бір топ инвесторлар делегациясын қабылдады. Инвесторлардың жоспары бойынша Шардара қаласында Тамшылатып суару қондырғыларын мен құрал-жабдықтарын және құбырларын шығаратын зауыт ашуға ниетті.

Кездесуде аудан әкімі жобаны іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар, мүмкіндіктер барын талқылады. Түрік инвесторлары Шардара ауданының мүмкіндігіне қызығушылық білдіріп, жобаны алдағы уақытта іске асыруға ниетті екендігін жеткізді. Тараптар аталмыш бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізуге келісті.

Осы тұста тағы бір айта кетерлік жаңалық, Шардара қаласынан «Aqniet Holding» ЖШС қарасты «Шебер» қоғамдық бірлестігі іске қосылды. Өндіріс орнында тұрақты 50 адам жұмыспен қамту жоспарланған. Жобаға аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен, Шардара қаласында дайын ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, кәсіпкерге пайдалануға берілген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылы 19 сәуірде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының ауданға ресми іссапары барысында «Шебер» тігін фабрикасы іске қосылған болатын. Қазіргі кезде тігін фабрикасында бірнеше адам арнайы практикалық тәжірибеден өткізілуде. Тәжірибеден өткен азаматшалар тұрақты түрде жұмыспен қамтылуда. Алдағы уақытта тігін фабрикасында қосымша аяқ киім шығару, жихаз өндірісін қолға алу жоспарланған.

Оқылды 86 рет