Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024 16:25

Түркістан қаласы: түрік инвесторы «Turan» арнайы экономикалық аймағында зауыт ашуға ниетті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркиядан келген инвесторлар – «Е.С.А SEREL» компаниялар тобының өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында зауыт ашу мәселесін талқылады. Бірегей жоба Мемлекет басшысының түркітілдес елдерді біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асуда. 

Жылыту қазандықтары мен керамика және сантехника өнімдерін шығаратын компаниялар тобына 19 компания кіреді. Оның ішінде 14 зауыт жұмыс істейді. 3,5 мыңнан астам азамат қызмет етеді. Компания басшылығынң айтуынша, құрылтайшылар табысының тең жартысын қайырымдылыққа, қалған жартысын инвестицияға жұмсайды.

– Түркия мен Түркістанды ежелгі тарихи тамырлар мен рухани көзқарастар байланыстырады. Түркия – еліміздің маңызды, стратегиялық және сенімді серіктесі. Түркістанды дамытудағы қазақ-түрік ынтымақтастығының маңыздылығы баршаға белгілі. Біздің басым бағыттарымыздың бірі – өндіріс және жұмыс орындарын ашу. Бұл ретте Түркі мемлекеттерінен де инвестиция тартудың маңызы зор. Осы бағытта барлық мүмкіндікті қарастырып, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін сеніммен айтқым келеді. Алда тағы да ірі жобаларды қолға алуға атсалысамыз, – деді Дархан Сатыбалды. 

1951 жылы құрылған ірі компанияның құрылтайшылары – Елгинкан әулеті. Компания қазандықтардың түр-түрін шығарады.  Қабырғаға орнатылатын әрі сыйымдылығы жоғары қазандық түрлерінен басқа, оны жылыту және коммерциялық салқындату ерітінділерінің құрылғыларын, сифондар өндіру мен сатуды жүзеге асырады. Тауарлары әлемнің барлық елдеріне экспортталады. 

Бүкіл әлем бойынша Түркия экономикасын көтеруге қосқан үлесі үшін «Superbrands Turkey 2012» сыйлығымен марапатталған. Еске сала кетсек, Түркістан облысында түрік инвестицияларының қатысуымен 50-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асқан. Айта кетейік, 2023 жылы Түркістан облысының экономикасына 972 млрд. теңге тартылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 126,1%-ға артты. Оның ішінде жеке инвестициялар 705,1 млрд. теңге болса, бюджеттік инвестициялар – 266,9 млрд. теңге. Өсім динамикасы бойынша облыс республикада 3 орында тұр. 2023 жылғы көрсеткіш бойынша тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 492,0 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар (451 млн. АҚШ доллары) артығымен орындалды. 12 айдың қорытындысы 530,0 млн. АҚШ доллары болады деп күтіліп отыр.

Былтыр 126,9 млрд. теңгеге 56 инвестициялық жоба іске қосылды. 2024-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын, жалпы құны 3,3 трлн. теңгегені құрайтын 173 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылған. Өткен жылы шетелдік және отандық компаниялармен 94-тен астам кездесу мен келіссөз жүргізілді. Қытайға, Өзбекстан және Австралия елдеріне кәсіпкерлермен бірге іссапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде жаңа жобаларды жүзеге асыру, жұмыс істеп тұрған зауыттарды кеңейтуге 1 трлн. теңгеге жуық инвестиция құйылуда. Биыл облыстық делегация Түркия, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран және Вьетнам елдеріне іссапар жасайды деп жоспарланып отыр.

Облыста шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету арқылыоң өсімге қол жеткізілді. Өңірде 207 мыңға жуық шағын және орта бизнес жұмыс істейді. Кәсіпкерлер саны бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін 3 орында тұр. Кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 27,5%-ға артып, 1,2 трлн. теңгеге жетті. Бұл – 9 айдың көрсеткіші, 12 ай нәтижесімен 1,6 трлн. теңгеге жетеді деп болжанып отыр.

Жалпы, Түркістан қаласында соңғы жылдары өндіріс орындарының қатары көбейіп келеді. Мәселен, облыс орталығындағы арнайы экономикалық аймақ аумағында 2023 жылы мынадай жобалар жүзеге асырылды: 1) “Султанат ЯССЫ” ЖШС-ң Коттеджды қалашық құрылысы, құны 2 млрд. 500 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 2) “Дос и К Сервис” ЖШС-ң Коммерциялық ғимараттар құрылысы, құны 1 млрд 200 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 3) “Yassy Oil Company” ЖШС-ң Жанар жағармай бекеті құны 200 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) Түркістан облысының нотариаттық палатасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 140 млн теңге,  20 адам жұмыспен қамтылған, 5) Республикалық адвокаттар алқасы, Түркістан қаласының адвокаттар алқасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 130 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 6) “Yassy Green House” ЖШС-ң Yassy Eco Village коттеджды қалашық құрылысы, құны 3 млрд 740 млн теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 7) “Тамыз Құрылыс ББК” ЖШС-ң көпқабатты үйлер құрылысы, құны 1 млрд 540 млн теңге, 90 адам жұмыспен қамтылған.

Түркістан қаласында 2023 жылы жалпы құны 4,9 млрд. теңгенi құрайтын 7 жоба индустриалды аймақта iске қосылды. Олар: 1) «Techtronic-Stroy» ЖШС-ң «Тауарлы бетон және асфальто бетон өнімдерін жасау» жобасы, құны 600 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 2) «ГОКТУРК» ЖШС-ң «Шлакоблок, брусчатка және бордюрлы тастар жасау» жобасы, құны 250 млн теңге, 19 адам жұмыспен қамтылған. 3) «Euroblock Production» ЖШС-ң «Газобетон және полтстирол блоктарын жасау» жобасы, құны 113,8 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) «Grand Stroy Kaz» ЖШС-ң «Тауарлы бетон және темір бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 1млрд. 500 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 5) «Алем Бетон – 1» ЖШС – 2 кезеңіндегі «Тауарлы бетон және асфальто бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 700 млн теңге,  45 адам жұмыспен қамтылған. 6) «Grand MIKS» ЖК (3-ші кезең) «Жиһаз жасау» жобасы, құны 800 млн теңге, 35 адам жұмыспен қамтылған. 7) «Қазақстан 2030 – Қытай» ЖШС-ң «Шұлық жасау» жобасы, құны 1 млрд теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 2024 жылы индустриалды аймаққа тартылған жобалар: «Түркістан» индустриалды аймағында өндіріс орындарымен толықтыру бағытында 2 жоба, ӨҮК-ң оң қорытындысын алып, алдағы 2024-2025 жылдары іске асырылуы және 56 адам жұмыспен қамтылуы жоспарлануда.

Сондай-ақ, бүгінде Түркістан облысының даму стратегиясы дайындалып жатыр. Яғни, Түркістан облысының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының кешенді жоспары әзірленуде. Өңірдің дамуының негізгі мақсаттары, алда қол жеткізетін көрсеткіштер, басты бағыттар мен экономикалық бастамалар осы құжатқа енгізіледі. Бұл мақсатта ауқымды зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Құжатты дайындау үш кезеңнен тұрады. Жоба жұмысына бір топ сарапшылар атсалысып жатыр. Маңызды құжатты дайындауда өңір дамуындағы проблемаларды ескере отырып, дамыған елдер тәжірибелері де ескерілуде. Аталған құжатта 8 негізгі стратегиялық бағыт айқындалып, сол бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды.

Стратегиялық құжатты әзірлеу барысы жақында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалық етуімен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. Жиынға барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Қатысушылар жоспарды іске асыру мәселелерін және асырудың одан арғы қадамдары туралы өз ойларын ортаға салды. Жоба теңгерімді аумақтық даму, адами капиталдың сапасын арттыру, халыққа қолжетімді инфрақұрылым, халықтың табысын арттыру, тұрақты экономикалық өсу секілді стратегияны іске асыру алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, басымдықтарды дамытуға және өңір тұрғындарының әл-ауқатының тұрақты өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Басты стратегиялық мақсат ретінде алдағы жылдарға облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру саналады. Дамудың басты драйвері – ауыл шаруашылығы саласы.Халықтың табысын арттыру – басты назарда. Аймақ басшысы экономиканы әртараптандыру мен өңдеу өнеркәсібіне басымдық берудің маңыздылығын айтты. Тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отырғанын жеткізді.

2023 жылғы  Түркістан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 11,4 млн. АҚШ долларын немесе 2022 жылғы қаңтар деңгейіне 98,5% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 6 млн. АҚШ долларын немесе 171,1%, импорт – 5,4 млн. АҚШ долларын немесе 66,6% құрады. Сонымен қатар, өңір ауылшаруашылық өнімдерінің ең ірі жеткізушісі болып табылады. Облыстың үлкен артықшылығы — тез дамып келе жатқан және халқы тығыз орналасқан Ташкент елімен көршілес. Тиісті инфрақұрылымды дамыту кезінде шекара маңы ынтымақтастықтың ірі орталығына айналуы мүмкіндігі жоғары.  

Өнеркәсіпті дамытудың перспективалы бағыттары тау-кен өндіру өнеркәсібі, машина жасау, тамақ өнімдерін өндіру, құрылыс материалдарын өндіру екені белгілі. Тау-кен өнеркәсібінің дамуы өнеркәсіптік айналымға перспективалы барит кендерін, мыс пен кенді емес пайдалы қазбаларды тартумен байланысты болады. экономикасының негізгі құраушы көзі  ауыл шаруашылығы (18,2%), өнеркәсіп (18,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (10,1%), құрылыс (9,2%), көлік және қоймалау (9,0%) болып табылады.

Қазіргі таңда нарықтық қатынас жағдайында Қазақстанның және оның аймақтарының, соның ішінде Түркістан облысының да экономикасының, әлеуметтік жағдайының жан – жақты өсуіне байланысты қай саласы болмасын алға басып келеді. Соның нәтижесінде, шаруашылықтың материалды – техникалық базасы да жылдан жылға алға жылжуда. Облыстың экономикасының тартымдылығын танытатын тағы бір маңызды көрсеткіш – ол негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі. Экономикалық қызмет салалары арасында тау – кен өнеркәсібі мен тұрғын үй құрлысы капитал салудың негізгі көздері ретінде айқындалды.

Түркістан қаласын дамыту, өңірді өркендету бастамасы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің өсуіне ықпал етті. 5 жылда инвестиция көлемі 3 есеге артып, облыс экономикасына жалпы 3 трлн. теңгедей инвестиция тартылды. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі (1,8 трлн.тг. үлесі 64%). 5 жылда облысқа салынған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы сомасы 422 млрд. теңгеге 133 инвестициялық жоба іске асырылып, 9347 жұмыс орны құрылды. Биыл инвестиция тұрақты өсуде. Облыс 5 айда 196, 1 млрд. теңге инвестиция тартып, өсім қарқыны бойынша республикада алдыңғы орында тұр.

Түркістан облысында 5 жылға арналған 368 инвестициялық жоба жоспарланды. Құны 2,8 трлн. теңге болатын жобалар арқылы 18,5 мың жұмыс орны ашылады. 2023 жылы 48 жоба іске қосылып, 1168 адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылы Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнім көлемі 370 миллиард теңгені құраған.  2021 жылмен салыстырғанда, руһани астанада жалпы өңірлік өнім көлемі 38 пайызға артқан. Биылғы жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 15 пайызға артып, 78 миллиардқа жеткен.

Құрылғанына 5 жылдан асқан облыс орталығында кәсіпкерлердің де саны артыпты. Шағын және орта бизнестің 22 мыңнан астам субьектісі тіркелген. Былтыр олар өндірген өнім көлемі 225 миллиард теңгені құраған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылы 26 миллиард теңгені құрап, жоспар 1,8 миллиардқа артығымен орындалды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі болса, былтыр 356 миллиард теңгені құрап, жоспар 7 миллиардқа артығымен орындалып отыр.

Байқасаңыз, Түркістан қаласының экнономикалық көрсеткіштерінде оң өзгеріс көп. Бұл сандарды, назарларыңызға бекер ұсынып отырған жоқпыз. Көрсетілген миллиардтар артында орасан еңбектер бар және қала халқының әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін факторлар. Тағы бір тоқталатын маңызды мәселе тұрғын үй. Былтыр қалада құрылыс жұмыстарының көлемі 218 миллиард теңгеге жеткен. Жоспар 13 миллард теңгеге артығымен орындалып ғана қоймай, пайдалануға берілген тұрғын үй саны да артқан. Яғни,  құрылысы біткен тұрғын үйлердің шаршы метрі 417 мыңға жетіп, жоспар 23 мың шаршы метрге артығымен орындалыпты.

Түбі бір түркі елдері рухани орталық ретінде қастерлейтін Түркістан қаласы қазір алып құрылыс алаңына айналды, дамудың жаңа сатысына көтерілді. Қала қазір 3 бағытта дамып келе жатыр. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағы толығымен абаттандырылып, келушілерге қолайлы жағдай жасалуда. Ясауи мен Рәбиға Сұлтан Бегім кесенелерін қалпына келтіру, Әзірет Сұлтан қорық-мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Тарихи, мәдени орталық көз қуантатындай жасалып келеді. Осындай рухани, мәдени орталықта Визит орталығы, «Ұлы дала» орталығы, Ясауи музейі, Фараб кітапханасы, театр, республикамыздағы алғашқы халықаралық туристік және меймандостық университеті сияқты бірнеше маңызды нысан бой көтерді. Түркі жұртының рухани астанасы Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейінгі туристердің қызықтап, арнайы ат басын бұратын орынның бірі  «Керуен сарайы». Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерді. 188 гектар аумақты алып жатқан кешен шаһарға ерекше көрік беретін ауқымды жоба. Мұнда қонақүйлер, кинотеатрлар, мейрамханалар мен тарихи-сауда көшесі бар. Сондай-ақ, жасанды көл кешеннің көркін келтіріп тұр. Бұл алып кешен Түркістанның рухани-мәдени орталығының бір бөлігі ғана дерсіз. Себебі Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің аумағы толықтай түрленіп, сәулеттік сән салтанаты жарасқан орынға айналды. Осыдан үш жыл бұрын құрылысы қызған сектор аумағында қазір бірнеше мұражай, технологиялық кітапхана, театр мен неке сарайы бой көтерді. Түркістанда туризмді дамытуға басымдық берілген. Жан-жақты жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларға қолдау көрсетіліп, екі жақты келісім жолға қойылды.

Нәтижесінде 1,5 миллиардқа жуық АҚШ долларының инвестициясы тартылды. «Әзірет – Сұлтан» кешеніне келушілер саны жобамен 4 айда жарты миллионға жетіп жығылады. Яғни облыс орталығы Түркістанға көшірілген сәттен бастап келушілердің өсу қарқыны 161% құрайды. Ал көне шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығы ұлттық нақыш пен заманауи жаңашылдықтардың ұштасқан ордасы. Мұнда облыс әкімдігінің жаңа ғимараты, конгресс-холл мен медиа орталық бой көтеріп, пайдалануға берілді. Кейбір әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің құрылысы әлі де жүргізілуде. Қазіргі таңда теннис орталығы, мұз сарайы, ескек есу, ат спорты кешені осы  жылдың көлемінде пайдалануға беріліп жатыр. Сонымен қатар әкімшілік-іскерлік аумағында туристік рекрациялық орталығы салынуда. Жасанды көл. Ол жерде демалыс орны болады. Аймақтың тағы бір жетістігі – өз әуежайының пайда болуы. Қазір Түркістаннан еліміздің барлық ірі қалаларына ұшуға болады. Түркия мен Қырғызстанға халықаралық әуе рейстері де бар. Болашақта Ташкентпен әуе қатынасын жандандыру жоспарланып отыр.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 99 рет