Жексенбі, 22 Қыркүйек 2024 11:10

Түркістан қаласында кәсіп бастауға ниетті азаматтарға «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы қолдау көрсетіп келеді

Түркістан қаласында ағымдағы жылдың басында «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты – қала кәсіпкерлері мен кәсіп бастауға ниетті азаматтарға кәсіпкерлік саласында заң аясында сүйемелдеу мен қолдау көрсету болып табылады.

Жоба аясында кез келген кәсіпкерлер мен азаматтар – мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар, субсидиялар мен жеңілдетілген пайызды несиелер бойынша толық ақпараттар алуына мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері қалада 167 азаматқа сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, Жеңілдетілген пайызбен несиелендіру бойынша – 46 адам, Жаңадан кәсіп бастау бағытында берілетін қайтарымсыз гранттар бойынша – 62 адам, Жеке кәсіпкерліктің немесе заңды тұлғалардың құжаттарын рәсімдеу жұмыстарына заң аясында көмек көрсету – 15, Әр түрлі әкімшілік кедергілерге заң аясында құқықтық көмек көрсету – 28 адам.

Түркістан қалалық Бизнесті қолдау және туризм бөлімі «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы аясында Түркістан қаласының тұрғындарына жеңілдетілген пайызды несиелер, қайтарымсыз гранттар, субсидиялар және т.б. сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік несиелеу бағдарламалары аясында консультациялық кеңестер мен бағыт-бағдарлар беруде.Сонымен қатар, Түркістан қаласының білім ошақтарының, арнаулы оқу орындарының түлектері мен студенттеріне, жастарға кәсіпкерлікке баулу мақсатында индустриалды аймақта орналасқан зауыт, фабрикаларға, әр түрлі бағыттағы өнеркәсіп орындарына шолу ұйымдастырылды.

Жалпы, «Кедергісіз кәсіпкерлік» ақпан айынан бастап іске асырылды. Тікелей ұялы байланыс нөмірі: 8707-412-11-43 немесе 8(72533) 57919. Жоба жұмысын бастағалы Индустриалды аймақтан жобаны іске асыру мақсатында жер учаскесін алуға заң аясында сүйемелдеу жүргізілді – 4 жобаға; Жобаны іске асыруға сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді – 3 жоба; Жеңілдетілген несие алуға заң аясында құжаттарын рәсімдеуге – 3 жобаға сүйемелдеу жүргізілді. Одан бөлек, жоба аясында Түркістан қаласында іске асырылған өңдеу саласындағы 4 инвестициялық идеяға жеңілдетілген несиелер бойынша заң аясында құжаттандырырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында кәсіпкерлікті қолдау, кедергілерді жою жөнінде тапсырма берді. Жергілікті биліктің негізгі мақсаты – билік пен бизнестің арасында сындарлы диалогты арттыру. Бизнес өкілдерімен бірге өңірдегі бизнес-климатты және инвестициялық ахуалды талқылау. Шағын және орта бизнес – ел экономикасының негізгі драйвері. Түркістан – кәсіпкерлікке бейімделген, бизнес өкілдері көп шоғырланған өңір. Бүгінгі таңда 210 мыңға жуық шағын және орта бизнес қызмет етеді, саны бойынша Астана және Алматы қалаларынан кейін 3-орында тұр.

Облыс басшылығы бизнес-климатты жақсарту бойынша бірқатар жүйелі қолдауларды іске асыруда. Облыста жыл басынан 4 индустриалды аймақ құрылып, олардың саны 13-ке жетті. 9 индустриалды аймақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, жаңа индустриалды аймақтарға инфрақұрылым жүргізу үшін құжаттамалар рәсімделуде. Сондай-ақ Түркістан қаласында өнеркәсіптік алаңы 594 гектардан тұратын «Тұран» арнайы экономикалық аймағы бар. Экономикалық аймақта жұмыс істеймін деген кәсіпкерлер табыс, кеден, жер және мүлік салықтарынан босатылады. Бұл аймақтардан бөлек, «Өндірістік парк» жобасы жүзеге асуда. Кәсіпкерлер үшін дайын өндірістік ғимарттар жеңілдетілген шарттармен ұсынылады. Сауран ауданы Шаға ауылында 30 гектар жерге 39 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары басталып, 10 ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталды. Тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін шығару, жиһаз цехы, тоңазытқыштар өндіру, есік жасау кәсіпорындары өз жұмыстарын бастағанын атап өткен жөн.

Түркістан қаласында жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше мән беріліп, инвестициялар тарту, кәсіпорындарды көбейту, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыстар жандандырылып, Қаламызда шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылды. Атап айтқанда жеке бастамалар бойынша 84 шағын және орта бизнес субъектілері өз кәсіпкерліктерін заңдастырып жаңа жұмыс орындарын ашуға атсалысты. (Мысалы: Balkon- 22 жұмыс орны, GoBar- 15 жұмыс орны, Coffeе Boom - 22 жұмыс орны, Navoiy - 15 жұмыс орны, Кәусар - 30 жұмыс орны, Астау - 15 жұмыс орны, DoDo Pizza - 5 жұмыс орны, Al-fatih - 30 жұмыс орны, Жеті Тандыр 53 -  жұмыс орны, Ramada Turkestan -30  жұмыс орны, және т.б) Халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан  қаламызда ауқымды жұмыстар атқарылып, Қала тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту және бастапқы кәсіпкерлікке баулу бағытында былтырғы жылы «Еңбек» мемлекеттік барғарламасы шеңберінде мемлекеттік грант алған 253 азамат бүгінге өз кәсіпкерліктерімен айналысуда.

Жоспар көрсеткіштеріне сәйкес,биылғы жылы кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша жұмыс орнында дуальді оқыту туріне 23 азаматты, ал кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде оқу ұйымында оқыту түріне 54 азаматты оқыту жоспарланған.  Бүгінгі таңда жоспар көрсеткіші толығымен орындалып, 77 азамат оқу курстарына жолданды. Жұмыс берушілермен түзілген келісімшарт негізінде аталған азаматтар оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. 

Ал, жалақылары мемлекет тарапынан субсидияланатын  жұмыс орындарына тоқталсақ, биылғы жылы қаламыздың экономикалық белсенді 125 тұрғынына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделіп, жыл басынан бері жұмыссыз 125 азамат аталған жұмыс орындарына жолданды. Кешенді жоспардың жастарды жұмыспен қамту бойынша көрсеткіштеріне сәйкес, есепті жылы 500 азаматқа жастар практикасын ұйымдастыру көделсе, жылдың 6 ай ағымында 171 түлек аталған практикаға жолданды. Әлеуметтік белсенділігі төмен NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту мақсатында, 30 азаматқа алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыру міндеттеліп, жылдың 6 айында жоспар көрсеткіші толығымен орындалды.

Түркістан қаласындағы осал топтағы тұрғындарын әлеуметтік қолдау шаралары назардан тыс қалған емес. Кешенді жоспарға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі 300 азаматқа  ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың әлеуметтік қолдау шараларын көрсету міндеттеліп, 21 азаматты квота есебінен жұмыспен қамту көзделген. Есепті айда мүмкіндігі шектеулі 156 азамат белсенді шараларына тартылып, оның ішінде 15 азамат квота есебінен жұмыспен қамтылды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың тиімді кешенді жүйесін қалыптастыру, олардың қоғамда өз орнын табуға жәрдемдесу шараларына тоқталсақ, халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан – пробация қызметі есебінде тұратын сондай-ақ қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталған, өмірлік қиын жағдайға душар болған  тұлғаларға, олардың қайта қылмыс әлеміне оралмауына мүмкіндік бермеу мақсатында «халықты жұмыспен қамту» туралы Қазақстан Республикасының №482-V Заңы мен өзгеде нормативтік құқықтық талаптарына сәйкес, олардың әлеуметтік әлеуетін арттыру бағытында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жүйелі көрсетіліп келеді. 

Жыл ағымында құзырлы органдардан жалпы 26 азаматтың құжаттары халықты жұмыспен қамту орталығына келіп түсті. Оның ішінде пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалардың саны 14 азаматты құраса, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар саны 12 азамат. Есепті жылдың 6 ай ағымында  қала әкімінің бекіткен қаулысына сәйкес, бос жұмыс орындарының квотасы бойынша, оқшаулау орындарынан босатылған 3 азамат жұмыспен қамтылса, пробация қызметі есебінде тұрған 2 тұлғаға квота аясында жұмыспен қамту шаралары көрсетілді.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету һәм оларды нәтижелі жұмыспен қамту басты назарда тұр. Осы мақсатта ұйымдастырылған жүйелі жұмыстар нәтижесінде ұлттық жобаға жүгінген жастар санатындағы 3277 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың қатарына енді. Атап айтқанда: 501 жас түлек Жастар практикасына, 44 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 35 жас алғашқы жұмыс орындарына, 384 азамат қоғамдық жұмыс орындарына тартылып, 1070 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылса, 29 жасқа дейінгі 126 азаматтың бизнес идеяларына мемлекеттік грант қаражаттары  ұсынылды. 1087 жас «Бастау Бизнес» жобасын аяқтаса, 30 жас қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жолданды.

Сондай-ақ, Түркістан қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында көрсетілетін жұмыспен қамту шараларын іске асыру бойынша Түркістан шаһарында еңбек индикаторына талдау жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы алға қойған міндеттерді орындау мақсатында қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен  ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары бекітілді. Атап өтер жайт, бүгінгі таңда «2021 — 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің төмендегі шаралары қолданылады.

Біріншісі – «Жастар практикасы». Түлектерге алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу үшін жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасын ұйымдастырады. Он екі (12) айға дейінгі мерзімге «Жастар практикасы» арқылы жұмысқа тұруға болады. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 3 жыл ішінде бітірген және 29 жастан аспаған жұмыссыз түлектер «Жастар практикасына» қатысушылар ретінде белгіленеді.

«Жастар практикасына» арналған жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс. Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, айлық жалақы 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. «Жастар практикасына» қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгіну» тиіс. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

Жеке басын куәландыратын құжат.

Еңбек кітапшасы (бар болса).

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат.

Екіншісі – «Алғашқы жұмыс орны» жобасы.

Жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге (оның ішінде ЖОО түлектеріне), жұмыс іздеушілерге, жұмыссыздарға, жұмыспен қамту орталығына тіркелгеніне қарамастан, жиырма тоғыз жастан асқан жастар, оның ішінде NEET санаттары, жұмыс тәжірибесі жоқтар қатарынан жүзеге асырылады. Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектердің «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасу кәсіптік білім туралы дипломда көрсетілген немесе білім беру профиліндегі ұқсас мамандыққа (кәсіпке) сәйкес жүзеге асырылады.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, ал жұмыспен қамту орталығы жалақыны 1 жылға субсидиялайды. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

Жеке басын куәландыратын құжат.

Білім туралы құжат (бар болса).

Үшіншісі – «Ұрпақтар келісімі» жобасы.

Жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарды, оның ішінде білім беру ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шараларды іске асыру шеңберінде жұмыс берушілердің өтініштері бойынша Ұлттық жобаға қатысушыларды кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жеткен белсенді қызметкерге де еңбек етуге мүмкіндік қарастырылған.

«Ұрпақтар келісімі» жобасы бойынша жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге тұрақты жұмысқа алады, ал жұмыспен қамту орталығы субсидиялайды. Нақтырақ айтсақ, 6 айлық жұмыс үшін жалақы төлейді.Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда.

«Ұрпақтар келісімі» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:Жеке басын куәландыратын құжат; Білім туралы құжат (бар болса); Еңбек кітапшасы (бар болса).

Ал кәсіпкерлікті дамыту арқылы еңбекпен қамтуды көздейтін «Бастау Бизнес» жобасына келсек, естеріңізде болса, 2021 жылы қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді.Соның бірі — Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр. Осы орайда, «Бастау Бизнес» жобасындағы өзгерістер, жұмыспен қамту жобалары мен оқыту шаралары туралы толығырақ оқырмандарымызға мағлұмат бере өтсек дейміз.

Былтыр нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру қолға алынды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің мәліметінше, аталған ұлттық жоба шеңберінде бірқатар іс-шараны іске асыру көзделген. 

Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді, оның 3-еуі халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, басты мақсат – азаматтардың өз ісін ашып, дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту болып отыр.

Бірінші міндет. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту. Жалпы, алғашқы міндет аясында аудандардың шебер-жоспарлары жасалып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту жүргізілетін болады. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға шағын несиелер мен гранттар беріледі. Жауаптылардың сөзінше, шебер-жоспарлар үй шаруашылықтары мен жергілікті кәсіпорындардың сауалнамалары негізінде жасалады. Жалпы, 2022-2024 жылдары 163 шебер-жоспар әзірленеді. Шебер-жоспарлар негізінде кәсіпкерлерді қолдау «егістіктен сөреге дейін» өндірістік-өткізу тізбегін құру арқылы қамтамасыз етіледі. Өнім өндірушілер мен сатып алушылардың келісуі, ауыл кәсіпкерлерінің өнімін кепілді түрде сату және сатып алу қамтылады..

«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде жыл сайын 30 мың адамды, оның ішінде кемінде 6 мың жас азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. Оқуды аяқтаған және бизнес-жоспарын қорғаған қазақстандықтар жеңілдікті шарттармен мемлекеттік гранттар мен микрокредиттер алуға мүмкіндік алмақ. Бұл ретте, жастардың 20 мыңға жуық өкілін және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын жыл сайын гранттармен қамту жоспарлануда. Ал, жеңілдікті шарттармен шағын бизнес ашу және отбасылық фермерлік шаруашылықтарды өндірістік-өткізу тізбектеріне біріктіру үшін аудандардың шебер-жоспарлары жасалып, соның негізінде берілетін болады. Сондай-ақ, грант алушылардың санаты да қайта қаралды. 2022 жылдан бастап гранттар жастарға, жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелеріне және қандастарға жеке кәсіпті ашу мақсатында беру іске асуда. Оқу 14 облыста, 160 ауданда іске асырылуда, сондай-ақ моноқалалар мен облыс орталықтары, республикалық маңызы бар елорда, Алматы, Шымкент секілді қалалар қамтылған. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жоба бойынша оқыту «Atameken Academy» платформасында онлайн форматта өтіп жатыр.

Енді «Бастау Бизнес» жобасындағы өзгерістерге тоқталатын болсақ, биыл «Бастау Бизнес» жобасы «Бастау 2.0» жаңа форматында жүзеге асып жатыр. Оның аясында өнім өндіру кезеңдерінің технологиялық карталары әзірленеді. Бұл технологиялық карталар сұранысқа ие бағыттар бойынша халықты кәсіпкерлікке оқытуға және жаңа салаларды таңдауға көмектеседі. Техникалық карталарға сәйкес нақты кейстерді оқыту неғұрлым сапалы өнім немесе шикізат өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, кепілді өткізуді қамтамасыз етеді, бұл сайып келгенде ауыл халқының табысын арттыруға ықпал ететін болады. Осының аясында Ұлттық палата биыл аудандардың мамандануын айқындау және аудандардың шебер-жоспарларын әзірлеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту, сауалнама жүргізу үшін аудандардың (42 аудан) тізбесін айқындауды ұсынған.

Ұлттық жобаға сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан кейін жеке кәсібін ашқан кәсіпкерлердің үлесін 35%-дан 60%-ға дейін көтеру көзделіп отыр. Биыл «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру шеңберінде «Atameken Academy» онлайн-оқыту платформасында өтінім беру кезінде ЭЦҚ арқылы авторизациялау, қатысушыларды кезеңдер бойынша бөлуді автоматтандыру сияқты бірқатар өзгерістер болды. Оқуды іске асыру процесінде онлайн өтінім беру, қатысушы статусын верификациялау арқылы жолдамаларды беру кезеңі алып тасталды. «Бастау Бизнес» түлектерін несиелендіруге бюджеттен 22,5 млрд теңге бөлінді. «Атамекен» Ұлттық палатасының ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында бұл туралы мәлімет көп. Кез келген адам оқып танысуына және 1432 байланыс орталығына хабарласып, барлық сұраққа жауап ала алады.

Ұлттық жобалар шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында жалпы 2,5 млн. жұмыс орны құрылады. Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орыны – 803,7 мың, уақытша жұмыс орыны – 1 727,9 мың. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады, оның ішінде 335 мың тұрақты жұмыс орындары, 660 мыңы уақытша болмақ. Өз кезегінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 5 жыл ішінде 100 мың тұрақты және де 630 мыңнан аса уақытша жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Оның басым бөлігі жеке бизнес нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қоса, жастарды жұмыспен қамтуға тоқталсақ, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жоқ адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетілетін болады. Бұл жобалармен 140 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр. Ал, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылмақ, оның шеңберінде 20 мың адам қолдау алады. Бұдан басқа, «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасын іске асыру арқылы 60 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Ал, жұмысынан айырылған азаматтарға «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы тағы 415 мыңға жуық уақытша жұмыс орны берілмекші.

Осы жобалардың көпшілігіне қатысу үшін жақын орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Не болмаса, Электронды еңбек биржасы немесе Электронды үкімет порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам және жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Осы шаралардың тиімділігін арттыру үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оларды іске асырудағы кемшіліктер ескерілген, оларға сәйкес әрбір нысаналы топтың қажеттіліктерін ескере отырып, өзгерістер енгізілген. Жалпы, Ұлттық жобаны іске асыру барысында барлығы 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. 3,5 млн. адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылып, 1,7 млн адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасады. Жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеп, халықтың нақты ақшалай кірісінің өсмі 27,1% деңгейіне жетеді.

Кәсіпкерлердің қажеттілігі бойынша дағдыларын дамыту жөніндегі міндет шеңберінде Ұлттық жобада жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес, оқу ұйымдарында да, тікелей жұмыс орындарында да білім беру, сондай-ақ талап етілетін дағдыларды онлайн оқыту көзделіп отыр. Осылайша, жұмыс берушілердің сұрауы бойынша білім беру ұйымдарында оқу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен жергілікті атқарушы органдарды тарта отырып, өңірлік бөліністе сұранысқа ие кәсіптер бойынша қажеттілікті жыл сайын айқындау көзделетін болады. Жыл сайын 11 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Олар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге материалдық көмекпен, тұрумен және медициналық тексеруден өтумен қамтамасыз етіледі.

Жыл сайын 5 мыңға дейін адам жұмыс орнынынан оқуға жіберіледі. Олар оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші қызығушылық танытқан жағдайда тұрақты жұмысқа қабылданады. Талап етілетін дағдыларды онлайн оқыту skills.enbek.kz платформасында жүзеге асады. Онда сұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларды ескере отырып, қысқа мерзімді онлайн курстардың легі қалыптасады. Жыл сайын 20-35 мың адамды оқыту жоспарланған.Электронды еңбек биржасында түйіндеме орналастыру немесе бос жұмыс орындарын іздеу кезінде өтінім беруге және курстан өтуге болады. Ізденушіге тиісті өтінім беру жеткілікті. Курс аяқталғаннан кейін және жұмыс беруші талап ететін дағдыларды игергеннен кейін жұмыс іздеуші дағдыларды игеру туралы сертификат алады және ашық бос орынға өтінім қалдырады. Мамандардың мәліметінше, 5 жыл ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 205 мың азамат қамтылмақ, ал 2025 жылға қарай оқудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 52-ден 80%-ға дейін өседі деп жоспарланған.

Биылғы өзгерістер туралы түйіндей айтқанда, 1 млн. 200 мың теңге иемденгісі келетіндер оқитын курстың мерзімі бұрынғыдай 21 күнге созылмайды. Бар күш-жігеріңізді салып тәлім алсаңыз, бар-жоғы 1 аптада меңгере аласыз.  Айта кетейік, дәріс интернет желісі арқылы жүргізіледі. Оқуды аяқтап болған соң тестілеудегі сұрақтардың 70 пайызына дұрыс жауап берсеңіз, 3 жылға жарамды сертификат тапсырылады. Тестілеуден өте алмай қалсаңыз, 1 жыл ішінде қайта тапсыруға болады. Қаперіңізде болсын, қайтарымсыз қаражатты кез келген адам иемдене алмайды. Жобаға өтініш беруге 29 жасқа дейінгі жастар, аз қамтылған отбасы мүшелері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, қандастар, мүгедектер, өзге өңірден қоныс аударушылар мен асыраушысынан айырылғандар қатысуға құқылы.

Оқытуға өтінімдер «Электрондық еңбек нарығы» Мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі Business.Enbek кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай онлайн терезесі арқылы қабылданады. Үміткер өтінімді порталда бергеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде нысаналы топқа тиесілігі тексеріледі. Business.Enbek порталында мақұлдағаннан кейін өтінім онлайн-оқудан өту үшін автоматты түрде Atameken Academy порталына жіберіледі. Курсты Atameken Academy порталында онлайн оқиды. Оқу ұзақтығы күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен аспайды және тегін өтеді. Оқыту нәтижелері бойынша қатысушыға тиісті сертификат беріледі: оқуды аяқтау туралы сертификатты бизнес-жоспарды дайындаған және бизнес-жоспарды бағалау мен қорытынды тестілеудің қорытындылары бойынша қажетті балл санын – кемінде 60% жинаған қатысушылар ала алады; оқуға қатысу туралы сертификатты құзыреттілік деңгейін арттырған, бірақ оқу аяқталған кезде әзірленген бизнес-жоспары жоқ немесе бизнес-жоспардан теріс баға алған қатысушылар ала алады.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту іс-шараларына тоқтала кетсек.  Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасында» төртінші міндет ретінде «Шағын кәсіпкерлікті қолдау» көрсетілген. Осыған орай еліміздің барлық аймақтарында оның ішінде Түркістан қаласында кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлініп, жеңілдетілген несие көлемінің ұлғайтылуы, сондай-ақ жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған мемлекеттік гранттардың ұсынылуы өзін өзі еңбекпен қамтығандар мен кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірушілердің арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Ұсынылатын мемлекеттік гранттар бастапқы кәсіпкерлікті өркендетуге арналған  ең тиімді тетіктердің бірі болып саналады. Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтарымсыз гранттар – 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 225 200 теңге ) ұсынылады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражаты - қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылса, тиісінше тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді. Бұл бағытта қаламызда жылдың 6 айында  9 азаматтың бизнес идеяларына қайтарымсыз қаржылай  қолдау шаралары көрсетілді.

2021 жылы қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленгені белгілі. Соның бірі - Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр. Осы орайда кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту жобалары мен оқыту шаралары туралы толығырақ айтып өтсек.

Былтыр нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру қолға алынды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Руслан Тілеубаевтың мәліметінше, аталған ұлттық жоба шеңберінде бірқатар іс-шараны іске асыру көзделген. Ол үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 33,2 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 8,5 млрд теңге қарастырылған. «Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді. Оның 3-еуі халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, басты мақсат – азаматтардың өз ісін ашып, дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту болып отыр», – деді департамент директорының орынбасары.

Жұмыс орындарын көбейту

Ұлттық жобалар шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында жалпы 2,5 млн жұмыс орны құрылады. Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орны – 803,7 мың, уақытша жұмыс орны – 1 727,9 мың. Ал биыл, яғни 2022 жылы 443,8 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 335 мың тұрақты жұмыс орындары, 660 мыңы уақытша болмақ. «Өз кезегінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 5 жыл ішінде 100 мың тұрақты және де 630 мыңнан аса уақытша жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Оның басым бөлігі жеке бизнес нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз етуге бағытталған», – деді ол.

Жұмыспен қамту

Сонымен қоса жастарды жұмыспен қамтуға тоқталсақ, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жоқ адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетілетін болады. Бұл жобалармен 140 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр. Ал зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылмақ, оның шеңберінде 20 мың адам қолдау алады. Бұдан басқа, департамент директоры орынбасары «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасын іске асыру арқылы 60 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылғанын айтып өтті.

Ал, жұмысынан айырылған азаматтарға «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы тағы 415 мыңға жуық уақытша жұмыс орны берілмекші. «Осы жобалардың көпшілігіне қатысу үшін жақын орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Не болмаса, Электронды еңбек биржасы немесе Электронды үкімет порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам және жұмыссыз ретінде тіркелу қажет», – деді Руслан Тілеубаев. Ол сондай-ақ, осы шаралардың тиімділігін арттыру үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оларды іске асырудағы кемшіліктер ескерілгенін, оларға сәйкес әрбір нысаналы топтың қажеттіліктерін ескере отырып, өзгерістер енгізілгенін де еске салып өтті. Жалпы, Ұлттық жобаны іске асыру барысында барлығы 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. 3,5 млн адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылып, 1,7 млн адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасады. Жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеп, халықтың нақты ақшалай кірісінің өсмі 27,1% деңгейіне жетеді.

Кәсіпкерлікке оқыту

Жалпы, кәсіпкерлікке оқыту шаралары аясында аудандардың мастер-жоспарлары жасалып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту жүргізіледі. Сондай-ақ жас кәсіпкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға микрокредиттер мен гранттар беріледі. Мастер-жоспарлар үй шаруашылықтары мен жергілікті кәсіпорындардың сауалнамалары негізінде жасалады. Жалпы, 2022-2024 жылдары 163 мастер-жоспар әзірленеді.

«Мастер-жоспарлар негізінде кәсіпкерлерді қолдау «егістіктен сөреге дейін» өндірістік-өткізу тізбегін құру арқылы қамтамасыз етіледі. Өнім өндірушілер мен сатып алушылардың келісуі, ауыл кәсіпкерлерінің өнімін кепілді түрде сату және сатып алу қамтылады», – деді ол. Департамент директоры орынбасарының айтуынша, аталған жоба шеңберінде жыл сайын 30 мың адамды, оның ішінде кемінде 6 мың жас азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. Оқуды аяқтаған және бизнес-жоспарын қорғаған қазақстандықтар жеңілдікті шарттармен мемлекеттік гранттар мен микрокредиттер алуға мүмкіндік алмақ.

Бұл ретте, жастардың 20 мыңға жуық өкілін және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын жыл сайын гранттармен қамту жоспарлануда. Ал жеңілдікті шарттармен микробизнес ашу және отбасылық фермерлік шаруашылықтарды өндірістік-өткізу тізбектеріне біріктіру үшін аудандардың мастер-жоспарлары жасалып, соның негізінде берілетін болады. Сондай-ақ грант алушылардың санаты да қайта қаралды. 2022 жылдан бастап гранттар жастарға, жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелеріне және қандастарға жеке кәсіпті ашу мақсатында беру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов биыл аталған жоба «Бастау 2.0» жаңа форматында жүзеге асатынын атап өтті. Оның аясында өнім өндіру кезеңдерінің технологиялық карталары әзірленеді. Бұл технологиялық карталар сұранысқа ие бағыттар бойынша халықты кәсіпкерлікке оқытуға және жаңа салаларды таңдауға көмектеседі.

Кәсіпкерлердің дағдыларын дамыту

Кәсіпкерлердің қажеттілігі бойынша дағдыларын дамыту жөніндегі міндет шеңберінде Ұлттық жобада жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес, оқу ұйымдарында да, тікелей жұмыс орындарында да білім беру, сондай-ақ талап етілетін дағдыларды онлайн оқыту көзделіп отыр. Осылайша, жұмыс берушілердің сұрауы бойынша білім беру ұйымдарында оқу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен жергілікті атқарушы органдарды тарта отырып, өңірлік бөліністе сұранысқа ие кәсіптер бойынша қажеттілікті жыл сайын айқындау көзделетін болады. Жыл сайын 11 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Олар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге материалдық көмекпен, тұрумен және медициналық тексеруден өтумен қамтамасыз етіледі.

Жыл сайын 5 мыңға дейін адам жұмыс орнынынан оқуға жіберіледі. Олар оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші қызығушылық танытқан жағдайда тұрақты жұмысқа қабылданады.Талап етілетін дағдыларды онлайн оқыту skills.enbek.kz платформасында жүзеге асады. Онда сұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларды ескере отырып, қысқа мерзімді онлайн курстардың легі қалыптасады. Жыл сайын 20-35 мың адамды оқыту жоспарланған. Электронды еңбек биржасында түйіндеме орналастыру немесе бос жұмыс орындарын іздеу кезінде өтінім беруге және курстан өтуге болады. Ізденушіге тиісті өтінім беру жеткілікті. Курс аяқталғаннан кейін және жұмыс беруші талап ететін дағдыларды игергеннен кейін жұмыс іздеуші дағдыларды игеру туралы сертификат алады және ашық бос орынға өтінім қалдырады. Ал 2025 жылға қарай оқудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 52-ден 80%-ға дейін өседі деп жоспарланған.

Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің табыс табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі. Кәісіпкерлік қызмет – кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет. Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек: кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі; меншіктің болуы; тәуекел сипаты; пайда (табыс) алуға деген мүдделілік.

Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы. Олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы. Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады.

ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы. ҚР Азаматтық кодексі айқын бекіткендей, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады. (33-баптың 1-тармағы), сондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға тиісінше кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп танылмауына себеп болады. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелді сипаты нарықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігіне контрагенттің келісім-шарт міндеттерін орындамауы немесе 2 қанағаттанарлықсыз дәрежеде орындауы сияқты, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікті құрту немесе бүлдіру, кәсіпкерлік қызметтен мүмкіндігінше пайда, табыс ала алмау да жатады. Сол себепті кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүзеге асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, табыс табу, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де, басқадай материалдық және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы мүмкін. Бұл салынған ,капитал пайыздары, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түскен үлес немесе тұтас пайда болуы да мүмкін. Табыс табу кез келген түрдегі еңбекке қатысуға, оның ішінде өз капиталын да қатыстыруға байланысты болады. Айтарлықтай маңызға ие (бірақ қолданыстағы заңдарда бекітілмеген) тағы бір белгісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жүйелілігін айтуға болады. Кәсіпкерлік қызметтің жүйелілігі аталған қызмет бір жолғы сипатта емес және ұзақ мерзім немесе тіпті шектеусіз уақыт ішінде іске асырыла алады дегенді білдіреді.

Жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің негізгі формалары болып табылады. ҚР Азаматтық кодексі меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсіпкерліктің аражігін ажыратып көрсетеді. Жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықпен басқару құқына негізделген (ҚР АК 10-бабының 1-тармағы).  Мемлекеттік кәсіпкерлік деп мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды реттеуші (сатылас қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы жағдайда дәл сол мемлекеттік кәсіпкерлік туралы сөз болып отыр. Демек, мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқықтық формасы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады. Ақырында, мемлекеттік меншік түріне байланысты мемлекеттік кәсіпорындарды төмендегідей түрлерге бөлуге болады: Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (яғни республика меншігіндегі кәсіпорындар) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар) «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 34-бабы, ұлттық экономиканың құрамдас бөліктерін құрайтын стратегиялық маңызды салаларда қызмет ететін акционерлік қоғамдар ұлттық компания болып саналады. Құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып саналатын, ұлттық компаниялар мен басқадай акционерлік қоғамдардың меншік құқымен иеленген акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті тек коммерциялық заңды тұлғалар ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) да жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлікті екі негізгі түрге: заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлігі деп бөлуге болады. Дара кәсіпкерлікке: өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік жатады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 40 рет