Атап айтар болсақ, өз жұмысын 2013 жылы шағын ғана цехтан бастаған «Азия бренд» (ИП-Абишев) өнімдері еліміздің бірқатар өңірлеріне тарайды. Кәсіпкерліктің іргесін кеңейткен бұл кәсіпорын бүгінде түркістандық 60 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауымен бастаған бұл цехта жиһаздарға қажетті шикізатты әрлеу өнімдері де осы жерде дайындалады.
Цехтың жылдық өнімділігі – 10 мың дана жиһаз топтамасы. Сондай-ақ, бүгінде жиһаз топтамасына қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдардың 80 пайызы өздерінен шығады. Бұрындары Ташкент, Қытай елдерініне тасымалданған өнімдерді енді цехта өндіріліп, өндірістің тиімділігін арттырып, баға тұрақтылығын сақтап отыр. Қазір фабрикадағы жұмыстың 80-90 пайызы автоматтандырылған. Цехтағы жұмыс италиялық станоктардың көмегімен жүргізілуде. Жобалық құны – 20 миллион теңге. Өнімнің сапасын жақсартып, көлемін арттыру үшін кәсіпорын қызметкерлері шетелдік мамандармен тәжірибе алмастырып отырады. Сондай-ақ, Түркістандағы индустриалды аймақтағы үлкен жобалардың бірі – «Гранд Микс» кәсіпорынының өнімдері еліміздің барлық өңірлеріне таныс. Себебі, фабрика өнімдері Қазақстанның 14 облысына және Қырғызстанның Бішкек, Ош қалаларына жіберіледі.
Қазіргі таңда Ресей, Әзербайжан елдерінен де сұраныстар қабылдауда. Жиһаз өнімдерінің бірнеше түрін шығаратын «Гранд Микс» мекемесі жылына 1,5-2 млрд. қаржының өнімін өндіреді. Онда бүгінде жергілікті тұрғындардан 145 жұмысшы еңбек етеді. Облыс орталығы Түркістан қаласында алдағы уақытта кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті дамытуға баса мән беріліп отыр. Бұл тек қаланың көркеюіне ғана емес, жұмыссыздықтың да азаюына сеп болмақ.
Иә іскерлік әлемге еніп, белгілі бір істің көзін тауып, айналаға қажетті затты дәл анықтап, оның түбін зерттей білу өміріңізді, ұстанған жолыңызды өзгертуі әбден мүмкін. Бұған түркістандық Сайдиганиевтер отбасының қолға алған кәсібі дәлел. Олар бүгінде өздерінің шағын цехында жасанды ротангтан жиһаз өріп, өнімнің 15-тен астам түрін жасап шығаруда.
— «Бүгінде облыс орталығы болғалы қаламызда қадам аттасаң жиһаздың түр-түрі кездесетінін білесіз. Үйге дейсіз бе, кеңсеге дейсіз бе, тиісті мекемелерге, балаларға арналған көптеген жиһаздың барлығын Түркістаннан қиналмай табуға болады. Енді жаңаша не істеуге болады деп ойлана келе, интерьерде қызықты көрінетін тоқылған жиһазды жасауға бел будық. Әрине, нөлден бастаған нәрсе оңай емес. Алдымен Ташкентке барып, олардың осындай ротангтан жиһаз шығаратын алып зауыттарынан жылдан астам тәжірибе жинақтап, үйреніп, ол жақтың нағыз шеберлерін осында келіп үйретулері үшін келісім жасадық», — дейді ағайынды Сайдиганиевтердің бірі Сұлтанмұрат атты жас кәсіпкер.
Түркістанда жасалған отандық өнімнің қазіргі таңда Деко Классик, Изабелла, Рим, Шанель, Джек, Милано сияқты тағы басқа 15 түрі сауда сөресіне қойылды. 4-6-8 орындықты үстелдердің, аспалы гамак-креслолардың ерекше сыртқы түрі алуан түрлі стильдерге де сәйкес келеді. Оларды қазір кафе-мейрамханаларда ғана емес, тұрғын үйлерде де көптеп кездестіруге болады.
— «Күннен күнге түрлі өзгерістер болып, қаламыздағы тіршілік қайнап жатқан тұста қарап отыру ақылға сыймайды. Қолда бар қаржыны жинақтап, жетпегенін қарызданып осы істі қолға алдық. Іздендік, әрекет еттік. Біраз жерде ротангтан жасалған жиһаздарға сұраныс көп екен. Ташкентте ойдағыдай үйреніп-біліп келгеннен кейін уақыт созбай өзімізде бастап көруге бел байладық. Байқап отырғаныңыздай, бұл нағыз қол жұмысын талап ететін өндіріс. Негізі ротанг өсімдігі – қымбат материал, ол Индонезияда өседі. Бүгінде оның жасанды түрі өндірілуде. Осы өнімнің сегіз түрін Өзбекстаннан алдырамыз, ал темірден ресейлік темірді пайдаланамыз. Оны өзіміз өңдеп, әрлейміз.
Тәжірибе көрсеткендей, өнімнің шикізатын толық өзімізден өндіруге болады, ол үшін алдағы уақытта ротангты өндіретін арнайы құрылғыны (станокты) алдыру жоспарымызда бар. Сондай-ақ ісімізді кеңейту мақсатында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Даму» қорының бағдарламасы аясында жұмыс істеу ойда бар. Қазір өзбекстандық 15 шебер дайын ротангтан осы жиһаздарды қолдарымен өруде. Жиһаздың түсі тапсырыс берушінің қалауы бойынша жасалады. Оларға жергілікті 5 жұмысшы қосылып, өнімді қалай жасаудың қыр-сырын меңгеруде», — дейді Сұлтанмұрат.
Кәсіпкердің айтуынша, қолы жылдам, епті шебердің әрқайсысы күніне бір орындықтан тоқып бітірсе, үйреніп жатқан шәкірттер бір орындықты өруге үш күн жұмсайды. Бұл аса сабырлылық пен төзімділікті қажет ететін жұмыс. Бүгінде кәсіпкер Сайдиганиевтердің сапалы өніміне сұраныс артып, жергілікті ғана емес, Алматы, Астана, Қарағанды қаласының, алыс-жақын аудандардың тұрғындары да тапсырыс беруде. Демалыс орындарының ғана емес, ас және қонақ бөлмелерінің де ажарын ашатын бұйымдардың бағасы шетелден келетін жиһаздармен салыстырғанда айтарлықтай төмен екені аңғарылады. Демек, жергілікті халықтың қалтасына қонымды.
Айта кетейік, ротангтан жасалған өнімдер біздің оңтүстіктің 40 градус ыстығына да, сондай градустағы суыққа да төзімді. Суға да шыдамды. Кірлегендей болса, еш қорықпастан щетканы алып, кез келген тазартқыш құралын пайдаланып жууға болады. Өрілген өнімнің мықтылығын жетік зерттеп келе жатқан ағайындылар қолдарынан шыққан өз өнімдерінің сапасына жүз пайыз кепілдік береді. Демек, өз өніміне өзі нық сенімді, ал сенім болған жерде істің алға басатыны анық.
Жалпы, соңғы жылдары Түркістан қаласында кәсіпкерлік саласы жанданып, өнеркәсіп орындары көптеп ашыла бастағаны байқалады. 2024 жылы индустриалды аймаққа тартылған жобалар: «Түркістан» индустриалды аймағында өндіріс орындарымен толықтыру бағытында 2 жоба, ӨҮК-ң оң қорытындысын алып, алдағы 2024-2025 жылдары іске асырылуы және 56 адам жұмыспен қамтылуы жоспарлануда. «Махатов» ЖШС ағаштан сәнді еден және қабырға қаптамаларын жасау жобасы; «Мунай Инвестмент Груп» ЖШС битум өндіру және оны сақтау жобасының құрылысы; Бұдан бөлек, «Құрғақ қағаз майлықтарын және тұрмыстық химия жасау» жобасын «Құрылыс саласына арналған жеңіл қабырға қаптамаларын жасау» жобасын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 2024 жылы құны 3,4 млрд.теңге және 100-ге жуық жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар – «Али Канстракшн Груп» ЖШС, «Гүлзада» ЖК, «Туран Мебель БК» ЖШС атты 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан ӘМАТ бағасына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы бойынша бастапқы бағасынан 15 пайыздық үстемақыдан асырмау қажеттігі туралы 25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген. Сонымен қатар, 30 әмбебап дүкен иелері «Әлеуметтік бұрыш» ашуға өз келісімдерін беріп, әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізуші («АДАЛ-АЗЫҚ» ЖШС (Күнбағыс майы, гречка, күріш), «Али Сауда» ЖК, ЖШС «Ет» комбинаты, ЖК «Мамуржан», ЖК «Жамашова», ЖК «Сапаралиева», ЖК «Куаныш», «Сайрам-Сут» ЖК және «Ғажайып-П» ЖШС-мен) мекемелермен келісім-шарт түзілген. Бүгінгі күні, Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры қаламызда орналасқан «Қуаныш» ЖШС-і базарыннан және 4 ірі сауда (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) орындарында әлеуметтік сиыр етін сататын нүкте ашылып, 2200 теңгеден сатылуда. Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, қала әкімдігі тарапынан «INSAF LTD» ЖШС-і, «Ғажайып» ЖШС-і, «Яссы» ЖШС-і, «Абдрахман» ЖК наубайханаларымен 4 жақты келісім-шарт түзіліп, 2023 жылдың қазан айынан бері 85 теңгеден тәулігіне 25 000 дана нан өнімдерін Түркістан қаласында орналасқан 125 сауда (базарға 600, бала-бақшаға 6 500, дүкендерге 17 900 дана) орындарына жеткізілуде.
2023 жылы қаңтар-желтоқсан айына ШОК субъектілерінің өнім шығару көлемі 139 млрд 168,0 млн. теңгені құрап, облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі 11,4% құрап, 2 орында. Түркістан қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін, қала аумағында 25 ірі супер маркет, 4 көтерме сауда базары (Алтын бұлақ, Барлық(Яссы), Эко Базар, Қуаныш базар) және 187 дүкен қызмет көрсетуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары халыққа қолжетімді болу мақсатында қаламызда 23 әлеуметтік дүкен (Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры) 4 ірі сауда нүктелерінде (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) арзандатылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тұрақты түрде жеткізіліп, қадағалау жұмыстары жүргізілуде, тұрғындар сұранысына сәйкес қосымша 3 әлеуметтік дүкен ашу бойынша конкурс жүргізілуде. 2023 жылы қаңтар-желтоқсан айына бөлшек сауданың көлемі 320 702,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,7% құрады. Жалпы облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі 49,9% құрап, 1 орында. Көтерме сауда ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айына 130 590,8 млн.теңге, нақты көлем индексі 110,8% құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың көтерме сауда көлемінде қаланың үлесі 49,9 пайызын құрап, аудан мен қалалар бойынша 1 орында.
Түркістан қаласы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айында 355,8 млрд. теңгені құрады. Жоспар – 348,9 млрд. теңге, орындалуы (111,9 пайыз). Оның ішінде: республикалық бюджет 59,1 млрд. теңге (16,6%), жергілікті бюджет 88,3 млрд. теңге (24,8%), жеке инвестиция 202,1 млрд.теңге (56,8%), сондай-ақ жалпы 6,2 млрд. теңге (о.і. басқада қарыз қаражаты есебінен 4,8 млрд.теңге (1,3 %), банк кредиттері 1,4 млрд.теңге (0,4 %) тартылған. Жалпы инвестиция бойынша облыстағы қаланың үлесі 36,6% құрап, аудан, қалалар бойынша 1 орында.
2023 жылы арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асырылған жобалар: 1) “Султанат ЯССЫ” ЖШС-ң Коттеджды қалашық құрылысы, құны 2 млрд. 500 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 2) “Дос и К Сервис” ЖШС-ң Коммерциялық ғимараттар құрылысы, құны 1 млрд 200 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 3) “Yassy Oil Company” ЖШС-ң Жанар жағармай бекеті құны 200 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) Түркістан облысының нотариаттық палатасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 140 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған, 5) Республикалық адвокаттар алқасы, Түркістан қаласының адвокаттар алқасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 130 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 6) “Yassy Green House” ЖШС-ң Yassy Eco Village коттеджды қалашық құрылысы, құны 3 млрд 740 млн теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 7) “Тамыз Құрылыс ББК” ЖШС-ң көпқабатты үйлер құрылысы, құны 1 млрд 540 млн теңге, 90 адам жұмыспен қамтылған.
Бүгінгі таңда, 2023 жылы – құны 4,9 млрд. теңгенi құрайтын 7 жоба индустриалды аймақта iске қосылып, 199 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Олар: 1) «Techtronic-Stroy»ЖШС-ң «Тауарлы бетон және асфальто бетон өнімдерін жасау» жобасы, құны 600 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 2) «ГОКТУРК» ЖШС-ң «Шлакоблок, брусчатка және бордюрлы тастар жасау» жобасы, құны 250 млн теңге, 19 адам жұмыспен қамтылған. 3) «Euroblock Production» ЖШС-ң «Газобетон және полтстирол блоктарын жасау» жобасы, құны 113,8 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) «Grand Stroy Kaz» ЖШС-ң «Тауарлы бетон және темір бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 1млрд. 500 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 5) «Алем Бетон – 1» ЖШС – 2 кезеңіндегі «Тауарлы бетон және асфальто бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 700 млн теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 6) «Grand MIKS» ЖК (3- ші кезең) «Жиһаз жасау» жобасы, құны 800 млн теңге, 35 адам жұмыспен қамтылған. 7) «Қазақстан 2030 – Қытай» ЖШС-ң «Шұлық жасау» жобасы, құны 1 млрд теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған.
Туризм саласындағы қала аумағында іске қосылған қонақ үй жобалары: «Qas saq mini hotel», құны 200 млн теңге, төсек орын саны – 12/24, 6 адам жұмыспен қамтылған. «Turan», құны 86 млн теңге, төсек орын саны -10/20, 9 адам жұмыспен қамтылған. «Mai-Bulaq» құны 95 млн теңге, төсек орын саны -10/25, 6 адам жұмыспен қамтылған. «ЯССЫ» (реконструкция), құны 100 млн теңге, төсек орын саны – 34/67, 11 адам жұмыспен қамтылған. «Шапағат», құны 74 млн теңге, төсек орын саны -10/20, 8 адам жұмыспен қамтылған. «Павлин», 150 млн теңге, төсек орын саны – 8/22, 11 адам жұмыспен қамтылған.
Түркістан қаласы облыс орталығы және қала статусын алуына орай ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар іске асырылмауда. (Егістік жерлер мен мал жайылымдық жерлер жоқ) Агроөнеркәсіп саласындағы жобаларды – құс фермалары, мал бордақылау алаңдары, жылыжай құрылысы секілді ірі инвестициялық жобаларды индустриалды аймаққа, арнайы экономикалық аймаққа немесе қала аумағында іске асыруға заң аясында мүмкіндігі жоқ. 2023 жылы қаңтар-желтоқсан айына ауыл шаруашалығы саласында жалпы 11 907,7 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде, мал шаруашылығында 3 860,6 млн. теңгенің, егін шаруашылығында 6 337,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы нақты көлем индексі 102,0%-ды құрады. Есепті кезеңде ет 903,1 тн өндіріліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 98,5%-ға, сүт 9 907,5 тн болып 101,0%-ға, жұмыртқа 646,1 мың дана болып, 91,5 % құрап отыр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында – арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру, арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (төлнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру, арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу) сияқты 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2023 жылы аталған 4 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлығы 766 қызмет көрсетілген.
Туризм саласына тоқталып өтер болсақ, 2023 жылы Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 1015,2 мың адамға жеттіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (975,5) 4,0%-ға артты. Сонымен қатар, 2023 жылы шетелдік туристер саны 12,2 мың адамға жетті, яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71,8% өсті (2022 жылы осы кезеңде 7,1 мың адам). 2023 жылдың 9 айының қортындысымен Түркістан қаласында нөмірлік қоры 2671 төсек-орын құрайтын 59 орналастыру орны жұмыс істейді. Сондай-ақ орналастыру орындарымен 74,5 мың адамға жалпы соммасы 2,25 млрд.тг-ге қызмет көрсетілген. Ағымдағы жылы Түркістан қаласында 6 қонақ үй ашылса, оның ішінде Qassaq (жұмысшы саны 6, номер саны 12/24), Turan қонақ үйлері ағымдағы жылы құрылысы жүргізіліп іске қосылды. Сонымен қатар, Яссы, Шапағат, Май-Бұлақ, Павлин қонақ үйлері ғимаратқа реконструкциялық жұмыстар жүргізіліп ашылды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай, «Керуен – Сарай» туристік кешенінде Түркістан облысының туристік маусымының ашылу салатанаты өткізілді. «Bauyrsaq Fest» ісшарасы ұйымдастырылып, әуе шарлары ұшырылды. Сонымен қатар ұлттық колоритке толы «Gastro Fest» гастрономиялық фестивалі, этноауыл аумағында «Этнофест» мерекелік бағдарламасы, «Silk Road» түйе керуені шеруі ісшарасы өткізілді. Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе отырып, 20-22 наурыз аралығында Түркістан қаласында алғаш рет азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласының жетекші өндірушілері мен кәсіпкерлері қатысатын «KazAgro/KazFoodTurkistan2023» халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өткізілді. Сондай-ақ 24-25 маусымында Шаға жағажайы салтанатты түрде ашылды. «Open Turkistan» ЖШС-мен бірлесе отырып, Түркістан қаласында «Tourist time» жастарға арналған жоба тұрақты түрде өткізілді.
2023 жылы Сыртқы туризмді дамыту мақсатында Қытай Халық Республикасының Юэцин қаласымен, Тәжікстан мемлекетінің Худжанд қаласымен бауырластық қатынастар орнатылып, өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Түркістан қаласының туристік салада жұмыс істейтін гид-экскурсовод, қонақ үй басшылары, қолөнершілер және т.б. бизнес өкілдерінің біліктілігін арттыру және ынталандыру мақсатында өткен жылдың қазан айында семинар-тренинг өткізіліп, 60-тан маман қатысты. Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атануына байланысты бірқатар іс-шаралар жоспары түзілді. Ағымдағы жылы аталған іс-шараның ашылуын және жыл соңына қарай жабылу салтанатын өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бауырлас қалалармен түзілген меморандум аясында байланыстарды арттыру, бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен Түркістан қаласының туристік потенциалын жарнамалау және т.б. ісшараларды өткізу көзделуде. Туризм саласындағы мамандарды ынталандыру мақсатында біліктілікті арттыру мақсатында семинар, тренингтер ұйымдастыру, «Mobilography Fest» фестивалін, «Turkistan Tourism Awards» ісшарасын ұйымдастыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, «Kazakh Tourism» және облыстық мәдениет және туризм басқармасымен бірлесе отырып 30-дан астам жоғары деңгейдегі ісшараларды өткізу жоспарланып отыр.
Облыс орталығында жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы 7 айда 196,4 млрд.теңгеге жетіп, өсім 9,5%-ды құрады. Инвестиция тарту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймағында 7 га жерге 200-ге тарта жаңа жұмыс орны бар 4 жоба іске асырылмақ. Бұдан бөлек, индустриалды аймақта 11 жобаның негізі қалануда. Бүгінде мұнда 39 жоба орналасып, 1500-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Облыс орталығының инфрақұрылымы да жақсарып келеді. Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған абонент саны 16 мыңнан асып, қамтылу көрсеткіші 36 пайызға жетті.
Қазіргі таңда қала аумағында сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 15 нысанның (11 нысанның құрылысы жүргізілуде, 4 нысанның құрылысы басталуда) құрылысы жүргізілуде. Қосымша 3 нысанның ЖСҚ-сы дайындалуда. Нәтижесінде орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған абонент саны 33 690-ға жетіп, қамтылғандар үлесі 72%-ды құрайды. Түркістанның даму барысын жан-жақты талқылай келе Дархан Сатыбалды қала әкіміне инвестиция тарту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету ісін жетілдіруді, инфрақұрылым жүйесін жақсарту бағытында жоспарды нақтылап, жұмысты ширатуды тапсырды.
Былтыр Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толғаны белгілі. Облыс орталығы – Түркістан қаласын рухани астана ретінде дамыту бағытында қабылданған шаралар өңір экономикасының дамуына тың серпін берді. Экономиканың басты көрсеткіші жалпы өңірлік өнім көлемі 5 жылда 2 есе өсіп, 3,5 трлн. теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемі 2 есеге артып, 867 млрд.теңгені құрады. 2018-2022 жылдар аралығында Индустрияландыру картасы аясында өңірде жалпы құны 56 млрд. теңгеге 43 жоба іске асырылып, 2834 жаңа жұмыс орны құрылды.
Түркістан қаласын дамыту, өңірді өркендету бастамасы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің өсуіне ықпал етті. 5 жылда инвестиция көлемі 3 есеге артып, облыс экономикасына жалпы 3 трлн. теңгедей инвестиция тартылды. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі (1,8 трлн.тг. үлесі 64%). 5 жылда облысқа салынған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы сомасы 422 млрд. теңгеге 133 инвестициялық жоба іске асырылып, 9347 жұмыс орны құрылды. Биыл инвестиция тұрақты өсуде. Облыс 5 айда 196, 1 млрд. теңге инвестиция тартып, өсім қарқыны бойынша республикада алдыңғы орында тұр.
Түркістан облысында 5 жылға арналған 368 инвестициялық жоба жоспарланды. Құны 2,8 трлн. теңге болатын жобалар арқылы 18,5 мың жұмыс орны ашылады. 2023 жылы 48 жоба іске қосылып, 1168 адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылы Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнім көлемі 370 миллиард теңгені құраған. 2021 жылмен салыстырғанда, руһани астанада жалпы өңірлік өнім көлемі 38 пайызға артқан. Биылғы жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 15 пайызға артып, 78 миллиардқа жеткен.
Құрылғанына 5 жылдан асқан облыс орталығында кәсіпкерлердің де саны артыпты. Шағын және орта бизнестің 22 мыңнан астам субьектісі тіркелген. Былтыр олар өндірген өнім көлемі 225 миллиард теңгені құраған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылы 26 миллиард теңгені құрап, жоспар 1,8 миллиардқа артығымен орындалды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі болса, былтыр 356 миллиард теңгені құрап, жоспар 7 миллиардқа артығымен орындалып отыр.
Байқасаңыз, Түркістан қаласының экнономикалық көрсеткіштерінде оң өзгеріс көп. Бұл сандарды, назарларыңызға бекер ұсынып отырған жоқпыз. Көрсетілген миллиардтар артында орасан еңбектер бар және қала халқының әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін факторлар. Тағы бір тоқталатын маңызды мәселе тұрғын үй. Былтыр қалада құрылыс жұмыстарының көлемі 218 миллиард теңгеге жеткен. Жоспар 13 миллард теңгеге артығымен орындалып ғана қоймай, пайдалануға берілген тұрғын үй саны да артқан. Яғни, құрылысы біткен тұрғын үйлердің шаршы метрі 417 мыңға жетіп, жоспар 23 мың шаршы метрге артығымен орындалыпты.
«Қазіргі таңда қалада тұрғын үйге 16 645 адам тұрғын үйге мұқтаж азмат ретінде тіркелген. Сол азаматтарды пәтермен қамту мақсатында 2024-жылы 1314 пәтерді сатып алу үшін 30,2 миллиард теңге бюджеттен қаралған. Қазір сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек «Отбасыбанк» арқылы 3317 пәтер сату жсопарланған болатын. Бүгінгі таңда 2351 пәтер сатылды. Қалған пәтерлер жыл соңына дейін сатылатын болады»,— дейді Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков.
Сондай-ақ, қалада 8 мектеп салу қажет. Бүгінде жайлы мектеп бойынша 3 білім ошағының құрылысы басталған. Тағы 5 мектепті салу көзделіп отыр.Ал өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға түскен. Былтыр қаладағы 4150 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, биыл 1745 жанұя бұл көмекке қол жеткізіп отыр. Мұнан өзге, 5973 балаға азық-түлік және тұрмыстық химиялық жиынтықтар берілген екен.
Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 228,0 мың адамға жетті. Қазіргі таңда қала әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда. Халықтық кеңсе арқылы өткен жылдан бүгінгі күнге дейін жалпы қызмет алған адамдар саны – 77 478 (Оның ішінде 10 112 азаматқа мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестер берілген. 58 994 азамат «өзіне өзі қызмет алу бұрышына» келушілер, 3 440 тікелей арыз жазғандар мен жеке қабылдауға жазылғандар, 5 717- ИИС ЦОН арқылы қызмет көрсетілген). Бұған қоса, қала әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды. 2023 жылдың қорытындысымен «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне 4 621 өтініш қабылданған. «1310» Бірыңғай байланыс орталығына 2023 жылдың шілде айынан бері тұрғындардан қоңырау қабылдауды бастады. 2023 жыл соңына дейін 7188 қоңырау түсіп, оның 99,8% шешімі табылды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат