Талғат Жанысбаевтың жетекшілігіндегі «Сабыр»шаруа қожалығымал азығы дақылдарын өсірумен айналысады. Бүгінде кәсіп иесінің 20 дана техникасы бар болса, оның екеуі Джондир комбайны. Кәсіпкер 50 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ордабасы ауданы бойынша биылғы жылы 71,6 га жер игеру жоспарланып, қазіргі таңда 71,6 га жер игерілген. Оның ішінде бидай дәнді дақылын 256 шаруа қожалық - 27 149 га жерге орналастырған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 3611 га артқан. Биыл ауа райының қолайлы болуына байланысты сондай-ақ, жауын шашынның көп түсуіне қарай шаруалар мол өнім алуды көздеп отыр.
Аудан әкімі Қайнар елді мекеніндегі Ділшат Рахымжановтың балық шаруашылығымен де танысты. 2018 жылы жүзеге асырылған жобаның инвестициялық құны 150 млн тг.құрайды. 10 тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазір онда жартылай интенсив тәсілімен кларий сом және карп балықтары өсірілуде.
Жалпы, бүгінде Ордабасы ауданындабалық шаруашылығы қанат жайып келеді. Аймақта тауарлы балық өсірумен 154 кәсіпкерлік субъектісі айналысады. Соның тағы бірі – Ордабасы ауданындағы «Темірші» шаруа қожалығы. Кәсіпкер бау-бақшасын демалыс орына айналдырып, келушілерге балық аулап, одан дәм татуға жағдай жасауды көздейді. Ордабасы ауданы Шұбар ауылдық округінде орын тепкен осынау «Темірші» шаруа қожалығының жер көлемі 700 гектар. Қарамағында 7 көл бар. Кәсіпкер мұнда карп, ақ амур, сазан сынды бірнеше балық түрлерін өсіреді.
Мұнда, шабақтар табиғи жолмен салмақ қосады. Бір артықшылығы осы. Қосымша, билогиялық жем берілмейді. Себебі, табиға су айындарының табанында балыққа қажетті дәруменнің бәрі бар,-дейді екі күн су сынамаларын алып, экологиялық мониторинг жүргізген ғалымдар. «Ғалым ретінде, көп жылдық теорияма сүйеніп айта аламын. Осы «Темірші» шаруашылығы оңтүстік өңіріндегі толық репродуктивті балықты, шабақтан бастап асыл тұқымды балыққа дейін және тауарлы балыққа дейін өсіретін бірден-бір бірегей алдыңғы қатарлы балық шаруашылығы болатынына сенемін» - дейдіауыл шаруашылығы, биология ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Айтбаев.
Балық шаруашылығын дамытуды басты мақсат еткен кәсіпкер 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Шаруа қожалық ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні қарсаңында айдынға 31 мың шабақ жіберді. «Жанымызда 40 км жерде үлкен мегаполис Шымкент қаласы. Мынау балықты өңдеп құдай қаласа, таза табиғи ретінде әйтеуір өзіміздің Қазақстаннан экспортке деп өзіміздің осы жергілікті балықты өңдеп, құдай қаласа оны да жібереміз» - дейді «Темірші» балық шаруашылығының директоры Дарын Нақыбаев. Елімізде 2030-жылға дейін балық шаруашылығын дамытуға арналған арнайы бағдарлама бар. Соның аясында 270 мың тонна балық өсіру жоспарланған. Соның 20 мың тоннасы Түркістан облысының еншісінде.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өңірде балық шаруашылығын дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес, Ордабасы ауданының шаруалары балық шаруашылығымен айналысуды жоғарыда айтқанымыздай мықтап қолға алған. Ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие мен субсидия беру және осы салаға инвесторлар тарту жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр.
Аталған жоба 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез-келген мүліктің 60 пайызы бағаланады. Бір жылға дейін демалыс қарастырылған. Бұл ретте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы облыс бойынша «Жұмысшы топ» құрамымен бірге барлық аудандарды аралап, бағдарламаның концепциясын құруға, басым бағыттарын таңдауға, несие беру ережесіне қатысады. Нақтырақ айтқанда, палатаның қызметі жобаларды сүйемелдейді, бизнес жоспар дайындап береді, құжаттарды жинақтауға көмек береді.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев таяуда Бөген ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, балық өсіруді қолға алған кәсіпкерлер Қалдыбек Сағымбайдың және Мағжан Әмзебаевтың шаруашылықтарында болғаны белгілі. Қалдыбек Сағымбайдың «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының аумағы 3,2 Га құраса, оның 1,2 Га жеріне тоған қазылған. Онда 16 мыңға тарта шабақ жіберіп отыр. Шаруа алдағы уақытта «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға ниетті. Сол арқылы 0,8 Га жерге тоған қазып, балық басын ұлғайтуды көздеп отыр. Осылайша ол жылына 30 тн астам балық өсіруді жоспарлауда.
Аудан әкімінің екінші аялдаған шаруашылық жеке кәсіпкер Мағжан Әмзебаевқа тиесілі. Оның шаруашылығының негізі осы жылы қаланып, қазіргі таңда 0,7 Га жерде қазылған тоғанға 5 дана шабақ жіберілген. Кәсіпкер алдағы уақытта «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, тоған аумағын ұлғайтуды және балық санын көбейтуді жоспарлауда. Сол арқылы жылына 10 тн балық өсіруді көздеп отыр.
Айта кету керек, биыл ауданда «Ауыл аманаты» жобасының үшінші кезеңіне Бөген, Қажымұқан, Шұбарсу және Төрткүл ауылдық округтері еніп отыр. Оларда көкөніс, құс, балық және мал шаруашылықтары қолға алынбақ. Жалпы жобаға 410 адам қатысып, 400-ден астап жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Реті келгенде айта кетейік, жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық пен атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, сонымен қатар өзін өзі қамтушыларды заңдастыру. Бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны және несиелеудің шарттарына тоқталатын болсақ, ең бірінші кезекте жобаны іске асыруда жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріліп жатқанын айтты.
Жоба аясында ауыл тұрғындары өз бизнесін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қажетті ақпарат пен түрлі мүмкіндік алды. Осы ретте аталған жобаның негізгі мақсаты – басты шарттарымен тағы да бір таныстыру және бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасау. Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына Жолдауында ауыл кооперациясы аграрлық саланы дамытуға жол ашатынын айтқан болатын.
«Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет», – деген болатын Президент өз Жолдауында.
Жоба аясында қандай жеңілдіктер қарастырылғаны туралы да айта кетсек. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. — несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін; — несиенің/микронесиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады; — номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз ету.
Мұндай несиенің халыққа пайдалы болары анық. Мәселен, бүгінде бірде-бір коммерциялық банкте ауыл тұрғындарында мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие бұл – өте тиімді. Сондықтан да ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін бұл – үлкен мүмкіндік.
Қазақстан балық ресурстарына өте бай. Елдің экономикалық дамуында балық шаруашылығы ерекше рөл атқара алады. Соңғы уақытта бұл салада үлкен жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда Үкімет қабылдаған бастамалардың арқасында балық шаруашылығы айтарлықтай сәтті дамуда. Мемлекет басшысы былтыртамыз айында қолда бар мүмкіндіктерді дамыту қажеттігін атап өтіп, балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, бекітуді тапсырған болатын.
Қазақстан өзінің бай және бірегей табиғатының арқасында балық шаруашылығының айтарлықтай қуатты қорына ие. Бұл бағытта экспорттық әлеуеті де жоғары. Балық өнеркәсібінің негізгі түрлері — балық кәсіпшілігі (балық аулау), балықты көбейту (балық өсіру) және балық өңдеу.Қазақстан мұхит балығы мен теңіз өнімдерін импорттайды. Олар — майшабақ, скумбрия, асшаян, мидия және басқалары. Негізінен балықтың жон еті, қақталған-ысталған өнімдер және мұздатылған балық еті экспортталады. Мысалы, көксерке еті Еуропалық Одақ елдерінде (Германия, Нидерланды) қазақстандық бренд болып табылады, қақталған-сүрленген өнім Ресейге, Украинаға, Литваға, Қытайға және басқа елдерге экспортталады. Бұл ретте біздің жанымызда экспорт үшін маңызды әлеуетті нарықтар бар.
Қазақстанда жан басына шаққанда балықты аз тұтынады. Айталық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді. Өз кезегінде, көршілес Ресейде адам басына 23 келі, Қытайда 45 келі балық тұтынылады. Осылайша, шекара маңындағы аудандарды ескергенде, балық өнімдерінің экспорттық потенциалы 3 млн тоннадан асып түсуі мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда мыңнан астам балық шаруашылығы субъектілері жұмыс істейді.
Табиғи су қоймаларының балық қорын пайдаланудың шегі бар екені белгілі, ал көптеген су қоймаларында балық ресурстарының азайғаны байқалады. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Қ. Исбеков балық өнімдерін ұлғайтудың жалғыз баламасы акваөсіру болып табылады деп есептейді. «Теориялық тұрғыдан алғанда, балық шаруашылығының әлеуеті 600 мың тоннаны құрауы мүмкін, бұл ретте негізгі үлесі — 80%-дан астамы Маңғыстау облысының орта Каспий акваториясына тиесілі, мұнда тормен өсіру технологиясы бойынша Каспий албырты мен бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіруге болады. Осылайша, біз экспорттық әлеуетті көтеріп қана қоймай, импортты алмастыруды да жүзеге асыратын едік (ақсерке-албырт балығы)», — деді Қ. Исбеков.
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) мәліметі бойынша, акваөсіру саласы ақуыз өнімдерін өндіруде әлемде ең қарқынды дамып келе жатқан бағыт болып табылады. Қазақстанда балық өсіру саласының потенциалы өте жоғары. Соңғы 7 жылда өсірілген балық көлемі 9 есе, яғни 800 тоннадан 7,4 тоннаға дейін өсті. Елімізде осы шаруашылықпен 180 балық өсіру шаруашылығы айналысады, онда мыңнан астам адам (1126) жұмыс істейді. Жасанды балық өсіру шаруашылықтары бұдан да көп болуы керек. Балықты жасанды өсіру бойынша Түркістан облысы көшбасшы болып табылады, оның көлемі 5 мың тонна (68,7%).
Сонымен бірге, өңірлер ТСҚ, яғни тұйықталған сумен қамтамасыз етілген технологиясын пайдалана отырып, тоған және бассейндік шаруашылықтар сияқты балық өсірудің басқа да бағыттарын дамыта алады. Жақында балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы балық өсіру шаруашылықтарының типтік жобаларын әзірледі. Бұл бизнеске қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, қолайлы шаруашылық типін, өсірілетін балық түрін таңдауға мүмкіндік береді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат