Алдымен сөз алған аудан басшысы ауданның инвестициялық потенциалына кеңінен тоқталып, инвестициялық штабтың негізгі мақсаты туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, инвестициялық жобалардың іске асырылуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, бәсекелестік ортаның қалыптасуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, аудан бюджетінің кіріс көзінің ұлғаюына, ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп салаларындағы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемінің артуына үлкен мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.
Жиында үш инвестициялық жоба ұсынылды. Біріншісі - гипс және гипсокартон өндіретін «Tau tas products» ЖШС-і. Жобаның құны 2,8 млрд теңгені құрап отыр. Жылдық қуаттылығы - 100 мың тонна гипс. Жобаны 2025 жылдың желтоқсанына дейін «Бадам» индустриялық аймағында жүзеге асыру жоспарланған. Екіншісі – «BALYEMEZ» ЖШС-нің мақта өсіру және мақта кластерін дамыту жобасы. Инвестор өз қаржысы есебінен ауданда 500 Га жерге мақта егуді және маусымдықпен 100 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлауда.
Үшіншісі – «YUAN DA Туркестан сталь» ЖШС-нің арматура шығару жобасы. Инвестор қолдау білдірілген жағдайда жобаға өз қаражатын сала отырып, оны 2025-2026 жылдары жүзеге асыруды және 500 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етуді жоспарлауда. Өз кезегінде аудан әкімі жер телімдеріне және инфрақұрылымға байланысты мәселелерді мерзімінде шешу үшін тиісті сала мамандарына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізді.
Ордабасы ауданында биылғы жылдың 6 айында 3 инвестициялық жоба іске қосылды. Жалпы құны 4,2 миллиард теңгені құрайтын бұл өнеркәсіп орындарында 533 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Өңір эконономикасына айтарлықтай үлес қосуға қауқарлы жобалар қатарында «JNRAY Group» компаниясының тігін фабрикасы, «Borte Engineering» компаниясының тамақ өнеркәсібіне арналған өндірістік техникалық жабдықтар шығару фабрикасы мен «Бөрте милка» компаниясының сауын сиыр басын 400 басқа, сүт зауытының қуаттылығын тәулігіне 10 тоннаға ұлғайту жобалары бар.
2024 жылдың 5 айында аудан бюджетінің өзіндік кірістері артып, өткен жылмен салыстырғанда 733 млн. теңгені құраған. Ал соңғы 2 жылда бұл көрсеткіш 6,9%-дан 32,7%-ға өскен. Нақтырақ айтқанда, биыл ауданға 10,2 млрд. инвестиция бағытталып, оның ішінде, өнеркәсіп саласында құны 4,2 млрд. теңгені құрайтын, 3 ірі жоба, 133 жұмыс орнымен ашылған. Алғашқы аялдамамыз «Jnray» тігін фабрикасы болды. 2024 жылдың сәуір айында өз жұмысын бастаған фабрика, тәулігіне 500 дана өнім шығаруға қауқарлы. Жалпы құны – 1 млрд. 300 млн теңгені құрайтын кәсіпорынның өндіріс алаңы 1,5 гектар. Компанияның өнімі толықтай дерлік еліміздің ішкі нарығына жіберіледі. Жалпы тігін фабрикасы 3 кезеңмен іске асырылуда, 2023 жылы құрылысы басталып, биыл аяқталады деп жоспарланған. Толығымен заманауи құрылғылармен жабдықталған фабрика, қазіргі таңда 50-ге тарта ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.
Бадам елді мекенінде ашылған «JNRAY Group» ЖШС-ң тігін фабрикасы тәулігіне 500 дана өнім алуға қауқарлы. Оның жалпы құны – 1 миллиард 300 миллион теңгені құрап отыр. Бүгінде фабрика өнімдері облыс көлемінде ғана емес, республикаға да танылып үлгерген. Жобалар толығымен іске асқан жағдайда өңірде сүт өңдеу саласы артып, өнім көлемі де ұлғая түспек. Ал, тігін фабрикасына деген тапсырыс көлемі де көбейеді деп күтілуде.
Ал, Ресей және Италия елдерімен бірлесіп қолға алынған «Borte Engineering» компаниясының тамақ өнеркәсібіне арналған өндірістік техникалық жабдықтар шығару фабрикасының өнімдері алыс-жақын шетелдерге экспортталып жатыр. 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған нысанның жалпы құны – 1 миллиард 100 млн теңгені құрайды. Компания қазіргі таңда сүт өнімдеріне арналған құрал жабдықтар шығаруда. Елімізде алғаш рет ашылған бұл кәсіп түрінің дәл осы ауданға салынуы экспортқа қолайлы болуы үшін дейді компания директоры.
Ауыл халқының негізгі табыс көзі шаруалышықта. Бүгінде ауданда сауынды сиыр санын арттырып, табиғи сүт өнімдерін шығарып отырған «Бөрте милка» компаниясы жұмыс жасайды. Жалпы ферма 3 кезеңмен іске асырылған. 2015 жылы сүт тауарлы ферманың құрылысы басталып, 1-ші, 2-ші сиыр қораларының құрылысы жүргізілген. Заман талабына сай фермада Швецияның «ДеЛаваль» компаниясы құрал-жабдықтары, сиыр сауатын роботтары орнатылған. Айта кетейік, мұнда 136 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал Венгрияның «Хуланд Трейд» компаниясынан алынған. 110 адамды жұмыспен қамтып отырған фермаға, Италия мемлекетінің «Технолат», «SPX» компанияларының құрал-жабдықтары қойылған. Сонымен қатар, 400 бас ірі қара малға қоражай салынуда.
Бұдан бөлек, 2024 жылдың соңына дейін құны 6,9 миллиард теңгеге, 354 жаңа жұмыс орнымен 7 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Олардың ішінде «Central Asia Aluminum» компаниясы алюминий бұйымдарын өндіру жобасы, «Dala Construction.kz» компаниясының қабырғаларға, еденге және төбеге арналған жылу оқшаулағыш материал (керамзит) өндіру жобасы, «Anuar Company» компаниясының қыш зауыты бар. Сондай-ақ «Батыр Бетон» компаниясының темір бетон бұйымдарын және асфальт шығару жобасы, «AMG Park» компаниясының балаларға арналған ойын алаңшаларын жинау жобасы, «KAZDEZGROUP» компаниясының заласыздандыру өнімдерін өндіру жобасы, «Steel Frame» компаниясының металл өнімдерін өндіру жобасы іске қосылмақ.
Темірлан елді мекенінде «Құртай» каналы бойындағы гүлзар, жаңа демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Бұл жаңашылдық елді мекеннің ажарын аша түспек. Нысан биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Онда балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар, жарықшамдар орнатылып, спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекенінде 250 орындық спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясындағы спорт кешенін салуға 1078,9 млн.теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, Самал мөлтек ауданында да арендалық тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Қазір онда 1 қабатты, 2 бөлмелі 26 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүруде. Ауданда тұрғын үй кезегінде 2223 адам тіркелген. Құрылыс жұмыстарын қазан айына дейін толық аяқтау жоспарланған.
Аудан әкімі шетелдік және отандық инвесторлармен бірлесе жұмыс жасауға дайын екенін айтып, жер мен инфрақұрылым мәселесі бойынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Жобаның жүзеге асырылуы барысында кездесетін кез-келген мәселелер аясында тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Ауданда бизнес-климатты жақсарту бойынша атқарылған жұмыстарды және ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде ауданға былтыр 9 айда 28 млрд теңге инвестиция тартылған. Бүгінгі таңда, инвестициялық құны 10 млрд теңгені құрайтын 9 жоба 302 жұмыс орнымен іске асырылуда. Жалпы, бюджеттік инвестициялардың үлесі – 21,4%, жеке инвестициялардың үлесі – 78,6% құрап отыр. Одан бөлек, ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 102,2 млрд теңгені құраған. Оның 59%-ы — ауыл шаруашылығына, 24,8%-ы — өнеркәсіпке, 8,5%-ы — саудаға, 7,7%-ы —құрылысқа тиесілі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында 55,9 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Айта кетейік, ауданда 57 елді мекеннің 51-і сапалы ауыз сумен, 9-ы табиғи газбен және толықтай орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген.
«Бадам» индустриалды аймағында инвестициялық құны 21 млрд 234 млн теңге құрайтын 439 жұмыс орны бар 6 кәсіпорын орналасқан. Жыл соңына дейін 2 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның бірі «Gold Aluminum» ЖШС – алюминий профильдерін өндіру жобасы. Инвестициялық құны 3 млрд теңгені құрайтын бұл жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталу үстінде. Кәсіпорын жыл соңына дейін 100 жаңа жұмыс орнымен іске қосылады. Сондай-ақ, «RZN» ЖШС – автоклавталған газоблок бұйымдарын өндіру жобасы. Биыл желтоқсан айында 25 жұмыс орнымен іске қосылады. Бұл жобаның инвестициялық құны – 1,5 млрд теңге. Сондай-ақ, инвестициялық құны 400 млн теңгені құрайтын тағы 2 жобаның құжаттары рәсімделуде, – дейді Азат Әбдіғалиұлы. Сондай-ақ, Бадам-Шұбар автожолының бойында, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінен 500 метр қашықтықта орналасқан аумақта инфрақұрылым тартылады деп жоспарланып отыр. Қуаттылығы 25 МВТ қосалқы станция, 1,5 шақырым электр жүйесі, 2,1 шақырым су жүйесі, 0,7 шақырым газ жүйесі, ұңғыма құрылысы жүргізілуі тиіс.
Ордабасы ауданында халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар қарқынды атқарылуда. Соңғы 3 жылда 685 гектар жер жаңа үйлерді салу үшін инфрақұрылыммен қамтылып (ауыз су, электр желісі), 1 851 жер телімі бөлінді. Темірлан елді мекеніндегі 70 гектар аумақта инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің (ауыз су, электр желісі) құрылысы жүргізілуде (жалпы құны 234,3 млн. теңге). Ағымдағы жылдың қыркүйек айында нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, жер кезегінде тұрған 261 адамға жер беріледі.Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Былтыр жалпы құны 150 млн. теңгеге 11 ойын, спорт алаңшалары пайдалануға берілді.
Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 55 пайызға жеткізу жоспарлануда. 2025 жылы аудан тұрғындары таза, сапалы ауыз сумен 100% қамтылады. Аудан бойынша 25 елді мекеннің газ жүйесінің құрылыстарына биыл 3,8 млрд.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 17 елді мекен газға қосылады. Тағы 15 нысанға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қажымұқан ауылындағы С.Ысмайлов мектебі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде ауданда жаңадан 5 мектептің құрылысы жоспарлануда.
Бүгінде Ордабасы ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты деңгейде. Жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 793 мың теңгеден келеді. Жалпы өңірлік өнім құрылымының 39 пайызы ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке 29 пайызы, саудаға 19 пайызы, құрылысқа 13 пайызы тиесілі. 2023 жылдың қорытындысымен өсім +2% деңгейінде болады деп болжанып отыр.
Ордабасы ауданында бизнес-климатты жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың және ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде ауданға 27,9 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өсім 22,5 пайызды құрады. Бірыңғай индустрияландыру картасына аудан бойынша 111 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба енгізілд.і Аталған жобалар толығымен 2025 жылдың соңына дейін іске асырылады деп күтілуде. Нәтижесінде, 1 305 жаңа жұмыс орны құрылады.
Ордабасы ауданының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы саласы құрайды. Ауыл шаруашылығында 55,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға артты. Жалпы, 71,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ауданда 105,1 гектарда жылыжайлар орналасқан, (оның ішінде ағымдағы жылы іске қосылғаны 10,1 гектар), егістік жерлерді игеруде 501 гектарға тамшылатып суғару, 530 гектарға жаңбырлатып суғару жүйелері қолданылуда. Ағымдағы жылы қосымша гектарға жылыжайлар салынып, жалпы алаңы 1 мың 577 гектардан асты, 117 мың тонна өнім өндірілді.
Егіс көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда гектарға артып, мың гектарға жетті. Жыл соңына дейін көкөніс, бақша, картоп өнімдерін тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша гектарға жоба жүзеге асырылып, мың тонна көкөніс өнімі жиналды. Ауданда ағын су мәселесі өзекті болып келеді. Каналдардың су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін 7 млрд. 277 млн. теңге қаралып, 9 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Аталған нысандардың құрылысы 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 7 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыру мәселесін шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Былтыр 21 каналдың 44,5 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, «Боралдай» су қоймасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынуда. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдың экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану болып табылады.
Бағдарлама 6 бағытта жүзеге асырылуда.Өсімдік шаруашылығын дамыту; 2.Мал шаруашылығын дамыту; 3. Құс шаруашылығын дамыту; 4.Балық шаруашылығын дамыту; 5.Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау; 6. Тұрғындардың өз кәсібін ашу.Ордабасы ауданынан бұл жобаға 5 ауылдық округтері еніп отыр (Бадам, Шұбар,Шұбарсу, Бөржар, Қараспан).
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат