Жұма, 21 Маусым 2024 18:17

Ордабасы ауданында ағымдағы жылдың 5 айында өнеркәсіп саласында 14,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген

Бүгін Ордабасы аудан әкімі Азат Оралбаев қоғамдық кеңес алдында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында жыл басынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді. Ағымдағы жылдың 5 айдың қорытындысымен негізгі салаларда оң динамика қалыптасып, аудан облыс рейтингінде көш басында келеді.

Мәселен, өнеркәсіп саласында 2023 жылы 33,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілген (106,5%), оның ішінде 29,2 млрд. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі (108,6%). Ал, ағымдағы жылдың 5 айында 14,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді (109,7%). 2024 жылға өнеркәсіп өнімінің көлемін 37,5 млрд. теңгеге, өңдеу өнеркәсібінде өндіретін өнім көлемін 32,6 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, 2023 жылы негізгі капиталға 39,5 млрд. теңге инвестиция бағытталып, (102,3%), 10,7 млрд тг 8 ірі жоба іске асып, 307 жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысымен ауданға 10,2 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өсім 26,1 пайызды құрады. Оның ішінде, өнеркәсіп саласында құны 4,2 млрд.теңгені құрайтын 3 ірі жоба іске асып, 133 жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін құны 6,9 млрд. теңгеге, 354 жаңа жұмыс орнымен 6 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Өткен жылы ауылшаруашылығы саласында 75,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе (101,4%), ағымдағы жылдың  5 айында 15,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (107,1%). Ал, осы жылдың қорытындысымен өнім көлемін 83,2 млрд. теңгеге жеткізу, яғни 1,2 есеге арттыру жоспарланды (2023 ж. – 68,2 млрд.теңге).

Аудан басшысы құрылыс, пайдалануға берілген тұрғын үйлер мен жеке инвестиция тарту және басқа да салаларда жетістіктердің бар екенін, жалпы ауданды дамытуда қоғамдық кеңес мүшелерінің де үлесі зор екенін айтып, алғысын білдірді.  Жиында қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкіміне көкейдегі сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Қазіргі таңда Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші өте жақсы деп айтуға болады. Қарқынға қарқын қосып келеді. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі өсу үстінде. Жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 793 мың теңгеден келеді. Жалпы өңірлік өнім құрылымының 39 пайызы ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке 29 пайызы, саудаға 19 пайызы, құрылысқа 13 пайызы тиесілі.  

Ордабасы ауданында бизнес-климатты жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың және ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде ауданға 27,9 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өсім 22,5 пайызды құрады. Бірыңғай индустрияландыру картасына аудан бойынша 111 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба енгізілд.і Аталған жобалар толығымен 2025 жылдың соңына дейін іске асырылады деп күтілуде.  Нәтижесінде, 1 305 жаңа жұмыс орны құрылады.

Былтыр 1,2 млрд. теңгеге 2 жоба іске қосылып, 71 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, «Батсу Водоканал» компаниясы темір бетон бұйымдарын өндіреді, құны 1 млрд. теңге, 61 жұмыс орны ашылды. «Ордабасы Арт» спорт клубы құны 200 млн. теңге, 11 адам жұмыспен қамтылды. Жыл соңына дейін 8,6 млрд. теңгеге 5 жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде, ең ірісі «Gold Aluminium» компаниясы алюминий бұйымдарын өндіру жоспарлап отыр. Жобаның құны 3 млрд. теңгені құрайды, 100 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Сондай-ақ, «RZN» компаниясы автоклавталған газоблок өнімдерін өндіру жоспарлап отыр. Жобаның құны 1,5 млрд. теңге, 40 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Іске асатын жобалар ауданның өндірістік әлеуетін дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Жыл соңына дейін 26 млрд. теңгеге 20 жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда. Нәтижесінде, 540 жаңа жұмыс орны құрылады. Жұмыспен қамту мәселесі басты назарда. мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды (жоспар мың адам), оның ішінде мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасты.

Аудандағы су нысандарының су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін 7,2 млрд. теңге бөлініп, 9 каналды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Қараспан су торабымен (құны – 1,2 млрд. теңге), Қараспан магистралді каналына (құны – 3,5 млрд. теңге) күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Биыл 2 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталатын болады. Қалған каналдарды келесі жылы пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз. Биыл 21 каналдың 44,5 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қарқынды атқарылуда. Соңғы 3 жылда 685 гектар жер жаңа үйлерді салу үшін инфрақұрылыммен қамтылып (ауыз су, электр желісі), 1 851 жер телімі бөлінді. Темірлан елді мекеніндегі 70 гектар аумақта инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің (ауыз су, электр желісі) құрылысы жүргізілуде (жалпы құны 234,3 млн. теңге). Ағымдағы жылдың қыркүйек айында нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, жер кезегінде тұрған 261 адамға жер беріледі.Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Биыл жалпы құны 150 млн. теңгеге 11 ойын, спорт алаңшалары пайдалануға беріледі.

Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 55 пайызға жеткізу жоспарлануда. 2025 жылы аудан тұрғындары таза, сапалы ауыз сумен 100% қамтылады. Аудан бойынша 25 елді мекеннің газ жүйесінің құрылыстарына биыл 3,8 млрд.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 17 елді мекен газға қосылады. Тағы 15 нысанға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қажымұқан ауылындағы С.Ысмайлов мектебі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде ауданда жаңадан 5 мектептің құрылысы жоспарлануда.

Жалпы, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, оның ішінде турникет жүйесімен, бейне-бақылаумен, дабыл кнопкасымен, күзетпен қамту үшін 293 млн. теңге бөлінді. Ыстық тамақпен 1-4 сыныптарының оқушыларын қамтамасыз ету үшін 425 млн. теңге бөлінді. Яғни, биыл бірінші рет осы мақсатта 718 млн. теңге бөлініп, оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталып отыр.

Биыл екі елді мекенде медициналық пункттер ашылды. Төрт ауылда фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдар Ордабасы ауданында 3 медициналық нысан салу жоспарланып отыр.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 49 рет