Бейсенбі, 18 Шілде 2024 17:50

Ордабасы ауданы: инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен ауданда іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық штабтың отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті сала және дербес бөлімдердің басшылары, инвестициялық жобалардың иелері қатысты.

Отырысты аудан әкімі ашып, инвестициялық штабтың негізгі мақсатына тоқталды. Яғни, штаб инвестициялық жобаларды іске асыруда әкімшілік кедергілердің орын алуына жол бермеуді, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуді, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін дер кезінде ақпараттандыруды және оны пайдалануда жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететіндігін айтты.

Штаб отырысының күн тәртібіне сәйкес инвестициялық жобалардың иелері тыңдалды. Жобаны жүзеге асырудағы өзекті мәселелер талқыланды және шешу жолдары қарастырылды. Өз кезегінде аудан басшысы бұдан алдыңғы инвестициялық штабтың отырысындағы көтерілген мәселелердің (инфрақұрылым) кейбірінің шешімін таппағанын айтып, оларды бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша сала мамандарына тапсырмалар берді. Сондай-ақ жоба мерзімінде жүзеге асырмаған жағдайда тиісті жер телімінің қайтарып алынатындығы ескертілді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі инвестициялық жобалардың іске асырылуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, бәсекелестік ортаның қалыптасуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жеке инвестиция көлемінің артуына, аудан бюджетінің кіріс көзінің ұлғаюына, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп саласындағы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемінің артуына үлкен мүмкіндік беретіндігін тілге тиек етті.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 53 рет