Сейсенбі, 10 Қыркүйек 2024 13:03

Ордабасы ауданы: шағын кәсіп иелеріне жер берілмек

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Шұбарсу ауылындағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Бірқатар ұсыныс пікірлерін тыңдап, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға арналған бағдарлама жобаларының барысын түсіндірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы халыққа жолдауында кәсіпкерлерді қолдау, инвестиция бойынша берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Шұбарсу ауылында шағын және орта бизнестің әлеуметтік жобаларын дамытуды жүзеге асыру үшін жергілікті кәсіпкерлерге 5 гектар жер телімі берілмек.

Аталған жоба аясында ауылда 72 жұмыс орны мен 6 шағын кәсіп ( полистиролбетон өндіру, бетон блоктары т.б) орналыстырылу жоспарлануда. Жобаның ерекшелігі, жергілікті тұрғындардың делдалсыз өз өнімдерін тікелей сатуға мүмкіндік алады. Ал ауыл тұрғындары ауыл шаруашылық өнімдері мен бұйымдарын арзан бағада сатып ала алады. Бүгінгі таңда жер телімдерін алғысы келетін кәсіпкерлерден өтініштер қабылдануда.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 39 рет