Ең алдымен журналистер «PSI Mineral Technologies» ЖШС – тау-кен-металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауытқа барды. Бұл жоба жалпы 8,33 млрд теңге көлемінде инвестиция тартқан. Жоба толық іске қосылғанда 200 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Қазірдің өзінде зауыт құрылысына 95% жергілікті тұрғындар, яғни Түркістан облысының тұрғындары тартылған. Зауыт ғимаратынан өзге, мұнда асхана мен 120 жатын орны бар жұмысшыларға арналған жатақхана салынуда.
Баспасөз туры барысында журналистер «Алтын дала мақта» ЖШС – ПВХ құбырларын өндіру зауытымен танысты. 6,7 млрд теңге сомасында іске асырылып жатқан бұл жобаның болашақтағы өндірістік қуаты жоғары. Бүгінде зауыт тамшылатып суаруға арналған құбырларды шығаруда. Пресс-тур аясында тілшілер қауымы «Түркістан мақта-агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС – мақта кластерін құру бойынша ірі жобаны аралап көрді. Келер жылы жүзеге асатын жобаның құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Толық циклді тоқыма фабрикасының құрамында жіп иіретін, мата шығаратын, бояп, өңдейтін 11 цех салынады. 2000-нан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Жоспар бойынша жылына 13000 тонна иірілген жіп, үйге арналған 50 миллион метр тоқыма бұйымдарын, 7 миллион төсек-орын жиынтығын шығарады. Өндіріс орнының қуаттылығы жыл сайын артып отырады.
Мақта-тоқыма кластерін дамытуға бағытталған өндіріс орнының құрылысын Xinjiang Lihua Group Co., LTD компаниясы қолға алды. Компания әлемге танымал «Louis Vuitton», «Gucci» брендтерімен тікелей жұмыс істейді. Алдағы уақытта Түркістанда шығаратын жіптер мен маталарды әйгілі брендтерге сатуды көздеп отыр. «TURAN» АЭА аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар аймақтағы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл жобалар ел экономикасын әртараптандыру және инвестиция тарту бағытындағы тиімді қадам болып есептеледі.
Жалпы «TURAN» арнайы экономикалық аймағы 2018 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №693 Қаулысына сәйкес құрылған. Аймақтың негізгі миссиясы – Түркістан қаласының экономикалық және инвестициялық әлеуетін арттыру, оны Түркі әлемінің рухани және іскерлік орталығына айналдыру. «TURAN» АЭА жалпы аумағы 3987 гектарды құрайды және 6 негізгі, қосалқы аймақтан тұрады.
2023 жылы арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асырылған жобалар: 1) “Султанат ЯССЫ” ЖШС-ң Коттеджды қалашық құрылысы, құны 2 млрд. 500 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 2) “Дос и К Сервис” ЖШС-ң Коммерциялық ғимараттар құрылысы, құны 1 млрд 200 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 3) “Yassy Oil Company” ЖШС-ң Жанар жағармай бекеті құны 200 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) Түркістан облысының нотариаттық палатасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 140 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған, 5) Республикалық адвокаттар алқасы, Түркістан қаласының адвокаттар алқасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 130 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 6) “Yassy Green House” ЖШС-ң Yassy Eco Village коттеджды қалашық құрылысы, құны 3 млрд 740 млн теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 7) “Тамыз Құрылыс ББК” ЖШС-ң көпқабатты үйлер құрылысы, құны 1 млрд 540 млн теңге, 90 адам жұмыспен қамтылған.
Жалпылай айтқанда, Түркістанға инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдері Қытай мен Өзбекстан мемлекеттеріне іссапармен барып, өндірісті дамыту бағытында тәжірибе жинады. Былтыр жыл басынан бері облыс басшылығы 10 елдің 80-ге жуық өкілімен кездесті. Атап айтқанда, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Германия, Италия, Жапония, Корея, Чехия, Грузия өкілдерімен келіссөздер жүрген. Оның ішінде инвестиция тарту бағытында сыртқы байланыстарды орнату мақсатында 30 шетелдік инвестормен және 10 ресми делегациялармен кездесулер өткен. Қытай Халық Республикасына іссапар аясында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және қытайлық инвесторларды облысқа тарту мақсатында 11 компаниямен 2,6 трлн. теңгені құрайтын келісімдерге қол қойлыған. Облыстың кәсіпкерлері Қытайдан инвестиция тартып, жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын бастап кеткен.
Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 30,2 млрд теңге болатын 20 жоба іске асырылып, 594 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Бүгінде 384 жаңа жұмыс орнымен жалпы құны 11 млрд теңге 10 жоба іске қосылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Өңірде ірі жобаларды іске асыру есебінен өзіндік кірістерді алдағы 5 жылда қосымша 100 млрд теңгеге көбейту көзделіп отыр. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, бүгінгі таңда 10 жоба іске қосылды (11 млрд теңге, 384 жұмыс орны).
Экономикаға тартылған инвестиция көлемі 1,4 есе артып, 751 млрд теңгеден асты. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 225,3 млн АҚШ долларына жетті. Жалпы құны 3,3 трлн теңге болатын 194 инвестициялық жобалардың пулы қалыптасты. Олар 2023-2026 жылдар аралығында іске қосылып, 16 467 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Биыл 51 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, жыл басынан 39 жоба іске қосылды. 1230 жұмыс орны ашылған.2023 жылы Түркістан облысының экономикасына 972 млрд. теңге тартылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 126,1%-ға артты. Оның ішінде жеке инвестициялар 705,1 млрд. теңге болса, бюджеттік инвестициялар – 266,9 млрд. теңге. Өсім динамикасы бойынша облыс республикада 3-орында тұр. Үкіметпен бекітілген жоспар (908,2 млрд. теңге) 107%-ға орындалды.
Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан былтыр Ыстамбул және Кувейт бағытына тікелей рейстер ашылды. Қазіргі уақытта Мәскеу, Анталья, Дубай, Тбилиси, Ташкент және Самарқандқа рейстер ашуға ұсыныс берілген. Астана мен Алматыға рейстер санын көбейту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде 2018 жылмен салыстырғанда Түркістанға келушілер мен туристер саны 4 есе артқан.
Ағымдағы жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Түркістан қаласының «Негізгі капиталына тартылған инвестиция» көлемі 45 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 32,2 пайызға артқан. Жергілікті инвесторлар тарапынан қала аумағында – жалпы құны 351 млрд. теңге болатын және 3 920 жоспарлы жаңа жұмыс орындарымен қамту мүмкіндігі бар 233 әр түрлі саладағы инвестициялық жобаның пуллы қалыптастырылып, іске асырылуда. Одан бөлек, Түркістан қаласына жаңа инвестициялық жобаларды тарту мақсатында жалпы құны 37,6 млрд. теңге болатын және 1 000-ға жуық жаңа жұмыс орындарын құратын шет елдік 26 ірі инвестициялық жобалармен келіссөздер жүргізілуде. Жыл басынан бері құны 6,6 млрд.теңге болатын және 160 жаңа жұмыс орнын құратын 5 ірі инвестициялық жоба іске асырылды (Тұран Мебель БК ЖШС, Қазақстан Нұр 001 ЖШС, Гранд Строй Каз ЖШС, Мырза ШҚ, Арыстанбаева ЖК).
Туризм саласындағы қала аумағында іске қосылған қонақ үй жобалары: «Qas saq mini hotel», құны 200 млн теңге, төсек орын саны – 12/24, 6 адам жұмыспен қамтылған. «Turan», құны 86 млн теңге, төсек орын саны -10/20, 9 адам жұмыспен қамтылған. «Mai-Bulaq» құны 95 млн теңге, төсек орын саны -10/25, 6 адам жұмыспен қамтылған. «ЯССЫ» (реконструкция), құны 100 млн теңге, төсек орын саны – 34/67, 11 адам жұмыспен қамтылған. «Шапағат», құны 74 млн теңге, төсек орын саны -10/20, 8 адам жұмыспен қамтылған. «Павлин», 150 млн теңге, төсек орын саны – 8/22, 11 адам жұмыспен қамтылған.
Түркістан қаласы облыс орталығы және қала статусын алуына орай ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар іске асырылмауда. (Егістік жерлер мен мал жайылымдық жерлер жоқ) Агроөнеркәсіп саласындағы жобаларды – құс фермалары, мал бордақылау алаңдары, жылыжай құрылысы секілді ірі инвестициялық жобаларды индустриалды аймаққа, арнайы экономикалық аймаққа немесе қала аумағында іске асыруға заң аясында мүмкіндігі жоқ. 2023 жылы қаңтар-желтоқсан айына ауыл шаруашалығы саласында жалпы 11 907,7 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде, мал шаруашылығында 3 860,6 млн. теңгенің, егін шаруашылығында 6 337,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы нақты көлем индексі 102,0%-ды құрады. Есепті кезеңде ет 903,1 тн өндіріліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 98,5%-ға, сүт 9 907,5 тн болып 101,0%-ға, жұмыртқа 646,1 мың дана болып, 91,5 % құрап отыр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында – арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру, арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (төлнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру, арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу) сияқты 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2023 жылы аталған 4 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлығы 766 қызмет көрсетілген.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат