«САПА 2002» шаруа қожалығында жалпы алты мың гектер жер бар. Егін бітік шығу үшін заманауи техникаларды қолданып, жерді өңдеу, тұқым себу, ылғал жабу жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуде. Мұндағы шет елдік «Pamreana» техникасының тиімділігі жерді айдамай топырағын қопсытпай-ақ дәнді дақылдарды себуге мүмкіндігі бар. Осы технологияның көмегімен шаруашылық үш мың гектер жерге дәнді дақыл сепкен.
Мұрат Тәшімбетов 10 жылдан бері осы қожалықта түрлі техниканы меңгерген азамат. Бүгінде темір табанды тізгіндесе, астыққа орақ түскенде комбайнды, ал күзге қарай жер жыртуға кірісеміз, - дейді. Ол үшін барлық жағдай жасалғандығын да айтады.
Аудан көлемінде 2020 жылдың өніміне 32 320 гектар күздік бидай егілген. Ауыл шаруашылық техникаларынан көктемгі дала жұмыстарына 2365 дана техника қатысуға дайын екен. Дизель отынын да жеңілдікпен сатып алған аудан шаруалары мен қожалықтар 1040 тоннаға сұраныс беріп, бүгінде толығымен пайдалануда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.