Айталық, күні кеше ғана Сайрам ауданы Арыс ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Қосимбек Тәжиев пен Сирожиддин Эгембердиев екеуі бірігіп, тамшылатып суғару əдісімен 21 гектар жерге пияз ұрығын сепсе, 3 гектар жерге пияз көшетін отырғызды. Бұл мақсатқа олар 13 млн теңге жұмсапты.
"Еліміздегі төтенше жағдай шаруаларға қолбайлау болып отырған жоқ. Ең бастысы- сақтық шараларын барынша ұстанып, егін егіп жатырмыз. Мұндай шақта қарап отыруға болмайды. Қазір нағыз егін егу науқаны. Мемлекеттен қажетті қолдауларды атап айтсақ, арзандатылған жанар-жағармайды алып отырмыз",-дейді Қосимбек Тәжиев.
Ал, Жетісай, Келес ауданының диқандары алғашқы өнімдерін алып, сатылымға шығарып үлгерді. Тіпті, облысаралық нарыққа және экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Кейбірі, бірнеше тонна өнімді экспорттады.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 825 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу межеленіп отыр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.