Ел ішінде Карл Маркс базары атанып кеткен сауда орталығында азық-түлік қоры жеткілікті. Кәсіпкерлерде сауда қарқынын тежеп отырған жоқ. Орталықта картоп, пияз, сәбіз бағасы біршама өскен. Бұл азық түрлері сырттан алдырылғаннан кейін жанармай бағасының қымбаттауына байланысты баға біршама жоғарылады дейді саудагерлер. Есесіне жергілікті жылыжайда өсетін қияр, қызанақ бағасы төмендеген.
«Кешегі күнгі мониторинг қорытындысына сәйкес мына қияр мен қызанақтың бағасы едәуір төмендеп отыр. Осы күнге дейін 1000 теңгенің үстінде саудаланып келген қызынақтың бағасы 300-400 теңгеге түсіп отыр қияр бағасы 350 теңгеге төмендеп отыр. Сонымен қатар Түркістан облысымен келіс-сөздер жүргізіп азық-түлікпен қамту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз» - дейді Шымкент қаласы кәсіпкерлік басқармасы сауда және шағын орта бизнес орталығын дамыту бөлімінің басшысы Қайрат Базарбеков. Әмбебап базарда санитарлық жағдай басты назарда. Орталыққа кірген көліктер залалсыздандырылып, сауда қатарларына санитайзерлер қойылған. Санитарлық жағдайға аса мән беріп отырмыз дейді базар иесі.
«Ия төтенше жағдайға байланысты біз осы базарды күнде дизинфекция істейміз. Адамдарға бәріне маска ки деп ескертеміз. Маскаларымыз жетеді 200 теңгеден алып 200 теңгеден сатамыз. Кіркен көліктергеде обработка істейміз» - деді «Қазыбек» әмбебап базарының басшысы Құралай Күздеуова. Төтенше жағдайға байланысты орталық жаңа жұмыс кестесіне көшкен. Тұтынушыларға қызмет таңғы 10:00 нан кешкі 17:00 ге дейін көрсетіледі. Ал санитарлық жұмыстарды күнде Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қадағалып отыр.
«AQ-QARA.KZ»-информация